Көрінекіліктер:
Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша, видео материалдар, слайд-шоулар.
Кіріспе (Мұғалім сөзі)
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ата-аналар!
Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер!
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап, өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.
Бала – ата-ана өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде
«Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!
Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.
Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық тілеймін.
1.Шаттық шеңбері Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.
- балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.
- баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.
Әр тілектен соң 3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.
2. «Біз бақытты жанұямыз» Суреттер әлемі Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады. (Музыка)
- сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?
- қандай белгісіне қарап таптыңыз? 3-4 анаға