Тренингтің мақсаты; оқушылардың орта буынға бейімделуіне ықпал ету, психологиялық қолдау көрсету



бет4/5
Дата28.06.2023
өлшемі23,92 Kb.
#103664
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
«Чемодан» жаттығуы
Нұсқау: шеңбер бойымен отырамыз, арамыздан бір жолаушы алыс сапарға жолға шығуы тиіс. Қалғандарымыз жолаушымызға жолға оған керекті заттарын жинап беруіміз қажет. Бір оқушы сыртқа шығып кетеді. Оқушылар алдарында таратылған парақтарға оған қарым-қатынас жасау барысындағы керекті қасиеттерді жазып, «чемоданға » салып береміз. Және онда ол адамның бойындағы қарым-қатынастан басқа да қандай бір қасиеттері болса жаза беруімізге болады. Осылай барлық оқушылар ойынға қатысып шығулары керек.
Талдау : Не сезіндіңіз? Қандай сезімде болдыңыз?
«Сандар шеруі» жаттығуы
Нұсқау: «мен бір санды айтқан кезде сонша адам орынан тұру керек. Және мен рахмет деп айтқан кезде орындарына отырады. Тапсырма толық тыныштықта орындалу керек»
Сандарды айтқан кезде 5-7 бастап, ортасына қарай 1-2 сандарын айту қажет.
Талдау: Біз тапсырмаларды орындау кезінде не көмектесті? Орнымыздан тұрған кезде қандай шешім қабылдадық?
Жаттығу «Қарым-қатынас жолдары»
Нұсқау: 1-ші жол – кең, бірақ жарығы жоқ. Ол жолда қорқыныш пен сенімсіздіктің тастары, кей жерлерде қарым-қатынас мүлде үзілген. Ондағы жүргіншілер бір-бірімен сөйлеспейді. Олар бірін-бірі көре алмайды, бірін – бірі күндейді. Жүргіншілердің бастары төмен салбырап, ерсілі –қарсылы өткенде бір- бірімен амандаспайды.
Талдау: Не сезіндіңіз? Осы жолмен жүргенде қандай қиыншылықтар болды?
2-ші жол- бұл өте ұзақ, шамдары жарқыраған, жүргіншілер бір-біріне қарап күлімсіреп , амандасып өтіп жатыр. Олар бір-бірінің не туралы айтып келе жатқанын естіп, жүректерімен сезініп өтіп жатыр. Жолдың жиегінде құлпырып өскен гүлдер, махаббатпен сүйіспеншілік , кешірім мен сенімділік , түсінушілік пен жаныңды демалдыратын төгіліп тұрған талдар дың көлеңкесінде қойылған орындықтар.
Талдау: Сізге қай жол жақын? Сізге қандай жолмен жүріп өту ұнады? Не сезіндіңіз? Бұл жолдың ортасымен жүруге бола ма?
Қорытынды: әрине 2-ші жол адамды кейде бір жалықтыруы да мүмкін, бірақ бұл жол адамды ешқашан жалықтырмайды, және ештеңені бұзбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет