Тренингтің мақсаты; оқушылардың орта буынға бейімделуіне ықпал ету, психологиялық қолдау көрсету



бет5/5
Дата28.06.2023
өлшемі23,92 Kb.
#103664
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Жаттығу: «Сиқырлы ғажайып орман»
Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз. Орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз- орманда сеуендеп келе жатқан адамды нәзік , абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз. Ал қалғандарыңыз серуендеші адамды басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқарлы ағаштар болуға шақырамыз.
Талдау: орман ішінен өткенде қандай сезімде блдыңыз?
Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз.
Жаттығу : «Сәлемдеме»
Шарты : оқушылар екі қатарға тұрамыз. Бір қатар- сәлемдеме беруші, екінші қатар- сәлемдеме алушы. Нұсқау: «сіздер автобуста отырмын деп ойлаңыздар. Кептеліске тұрып қалдыңыз. Келесі автобуста сіздің танысыңыз отыр, сіз оған тез арада бір сәлемдеме жеткізуіңіз керек. Шынында сіз сол адамды іздеп бара жатқан едіңіз. Сіз сол адамға қалай сәлемдемеңізді жеткізіп саласыз?» Бір-бірімізге қарама –қарсы тұрып, ойынды бастайық. Ойын аяқталғанда орын ауыстырамыз.
Ескерту: жаттықтырушы алдын-ала дайындаған сәлемдемені таратып беру керек. Түсінгенін айтып отыру керек.
Талдау: Сіз не сезіндіңіз? Не айтасыз?
Рефлексия «Аралдар». Қағазда салынған эмоция аралдарына қатысушылар өз эмоцияларының кемесін апарып жабыстыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет