Тренингтің мақсаты; оқушылардың орта буынға бейімделуіне ықпал ету, психологиялық қолдау көрсету


Тренингтің бағыты: Топтағы қарым-қатынас



бет2/5
Дата28.06.2023
өлшемі23,92 Kb.
#103664
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Тренингтің бағыты: Топтағы қарым-қатынас.
1. Жаттығу «Бұдан да жылдамырақ бола ма?»(15 минут).
Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау.

  1. Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды. (бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқиат болуларын сұрау ). Топта барлығы жақсы араласқансоң, «Тоқта» дейсіз.

  2. Бәрі көздерін жұмып тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. Ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа: «сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деп айтыңыз.

  3. Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беру керек: есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қызыға түседі және есімдер қайталана бермейді.

  4. Ойыннан әр раунднан кейін қорытындысын жасаңыз. Осы раунд үшін ойыншыларға қанша уақыт қажет екенін айту керек, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз да рекордтық мерзімін айтыңыз.

Нұсқаулар: Ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с. Ойыншылар қосылады. Ойынның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың барлығы қолдарына алып біткен соң ғана ойын аяқталады.
Талдау: -Жаттығу ұнадыма?
- Қандай әсер алдыңыздар?
2
Жаттығу: «Біз қандаймыз?»
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу. Қатысушылар жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстінгі жағына өзінің есімін жазады және парақта вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қояды.
«Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез-келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі рахаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Соңында, қатысушылар парақты арқаларына қыстырып алу керек. Шеңбер бойымен бір-бірінің арқаларындағы парақтарына жазылғандарын оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет