Тренингтің мақсаты; оқушылардың орта буынға бейімделуіне ықпал ету, психологиялық қолдау көрсету



бет1/5
Дата28.06.2023
өлшемі23,92 Kb.
#103664
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5СЫНЫП ТРЕНИНГ ХАТТАМА


Хаттама
Бауыржан Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2021-2022 оқу жылының қараша айында 5 сынып оқушыларымен «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?» бағдарламасымен тренингтер жүргізілді.
Тренингтің мақсаты; оқушылардың орта буынға бейімделуіне ықпал ету, психологиялық қолдау көрсету;
Тренинг бағдарламасы:
І блок. Танысу.

  1. «Кел, танысайық» жаттығуы

  2. «Өзіңді гүлге теңе» жаттығуы

  3. «Күн нұрындағы менің бейнем» жаттығуы

  4. «Топтастыру» жаттығуы

ІІ блок. Қарым-қатынас

  1. «Комплимент» жаттығуы

  2. «Жолдар» жаттығуы

  3. «Қауышу» жаттығуы

  4. « Құлан жауыны» жаттығуы

  5. «Біз» жаттығуы

Тренинг жоспарланғандай 2 блоктан құралды және әр сынып сағаттарында жүргізіліп отырылды. Оқушылар шеңбер бойында отырып өз есімдері мен тегін айтып таныстырып өтті. 2 жаттығуда оқушылар өз есімдері мен өзін гүлге теңеп айтып өтті. Соңында гүл шоғын жаттықтырушы бәріне сыйладым деп аяқтады. Оқушылар күн нұрына өздерінің есімдерін немесе ата-аналарының еркелетіп айтатын есімдерімен жазады. Күннің нұрына адамның бойындағы адамгершілік- рухани қасиеттерімен жазып шығады. Жаттығу барысында әр оқушыны өз жазғандарымен таныстырып айтып шықты. Топтастыру жаттығу барысында тренердің бұйрығы бойынша :

Оқушылар жаттығуларға асқан белсенділікпен және көтеріңкі көңіл күймен қатысты.
2блок жаттығулары « Біз және біздің сынып» тақырыбында желтоқсан айында өтті. Оқушылар бағдарламаны «Комплимент » жаттығуымен бастады. Қарым-қатынастарын дамыту мақсатында «Жолдар» жаттығуы жүргізілді. Жаттығу жақсы қарым-қатынас және жағымсыз қарым-қатынас туралы болды. Соңында оқушылар тек қана жағымды қарым-қатынас жасау қажет деген пікірмен келісетіндерін айтты. «Қауышу» жаттығуын оқушылар өте жылы қабылдады. Оқушылардың ұйымшылдықтарын дамыту мақсатында «Құлан жауыны» жаттығуы жүргізілді. Топ мүшелерін ынтымақтастықққа тәрбиелеу мақсатында «Біз »жаттығуы жүргізілді. Оқушылар бір-біріне деген ілтипатын айтып жаттығуды аяқтады.


Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілері сынып сағаттарында ойын, жаттығулар көп жүргізу қажет.

  2. Жаттығуларда белсенділіктері төмен деңгейде оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу

Тренинг жүргізген мектеп психологы; Лаура Сұлтанқызы Башанова






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет