1.2. Оқушыларды алдын ала мамандық таңдауын психологиялық диагностикадан өткізудің маңыздылығы
Мамандықты дұрыс таңдаудың әр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан.
Жалпы және кәсіби білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр.
Дүние жүзінде шамамен 40 000 мамандық, ал Қазақстанда 5000-нан астам мамандық бар.
Жыл сайын 25 млн. адам әлемде өзінің жұмыс орнын айырбастайды, олардың 12%-ы кері қайтады.
Сізді толығымен қанағаттандыратын, жүрегіңізге жақын және материалды тұрғыдан тиімді болатын сол бір жалғыз мамандықты қалай табуға болады.
2017–2030 жылдар аралығындағы ескірген интеллектуалды мамандықтар
2020 жылға дейін
Сметашы Стенографшы/ Шифрді айырып оқушы Копирайтер Турагент Дәріс оқушы Кітапханашы