95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп танудың салдарынан шарттың өзгертiлуi
Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кәмелетке толған мүшесi жалға алушының (қосымша жалға алушының) және отбасының кәмелетке толған басқа мүшелерiнiң келiсiмiмен бұрын жасалған жалға алу шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына оны жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасының кәмелетке толған кез келген мүшесiне нақ осындай құқық берiледi.
Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзгеруi тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресiмдеуге әкеп соғады.
Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі осы Заңның 98, 101, 101-1, 101-2 және 110-баптарында белгіленген тұрғынжайлардың құқықтық режимдерімен айқындалады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы айырбастауды ресiмдеу үшiн уақытша болмағандарды қоса алғанда, өзiмен бiрге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң келiсiмiн алуға тиiс.
Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтеріне
Достарыңызбен бөлісу: |