Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды жобалауда оның табиғи және жасанды жарықтануының жақсы болуы маңызды орын алады .Табиғи және жасанды жарықтандыру жақсы болса ,ол адамның көру қабілетіне,өмірлік тонусына,жұмыс қабілетіне әсер етеді.
Тұргын және қоғамдық ғимараттардың жарықтандырылуы «Табиғи және жасанды жарықтану»ҚНменЕ нормативті құжатының талаптарына сәйкес болуы керек.
Жарықтандыру
Жарықтандыру -жарықтандыратын жерге түсетін жарық ағынының тығыздығы.Жарықтандыру бірлігі болып –люкс(лк) қабылданған.
Күн сәулесі –жарықтанудың ең үлкен көзі болып саналады.Күн көзінің шашыраңқы сәулесімен ауа –райыныңашық күні жарықтану 25000-50000 лк-ге жетеді.Ал қыста ,күн бұлтты күндері көрсеткіш 700-1500 лк-ге дейін төмендейді.
Жарықтандыру коэффициенті –терезелердің әйнектелген бөлігінің ауданының еден ауданына қатынасы.ҚНменЕ-ге сәйкес бұл көрсеткіш тұрғын бөлмелер үшін 1:6 1:8,кластар,аурухана палаталары үшін - 1:5 – 1:6 ,операция бөлмелері үшін 1:2 -1:3 ,ал коридорлар,баспалдақтар аймағында 1:12- 1:15 қатынасына тең болуы қажет.