Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың гигиенасы Орындаған : Мұсақұл Г



бет3/4
Дата04.04.2023
өлшемі1,29 Mb.
#78922
1   2   3   4

Бөлмелерде қыздырғыш құралдар сыртқы қабырғаның төменгі жағында,терезенің астына орнатылады.Ол терезеден кірген суық ауаның ағынын жылытады.Ол оңай жуылып,оңай тазаланатын болуы керек.Жылыту қондырғыларының температурасы 80 С градустан көп болмау керек,температура одан жоғарласа,адам күйіп қалу қаупі туады және жылыту қондырғысына қонған шаңның жануы мүмкін.Осы себептен тұрғын үйлерде булы жылыландыру қолданылмайды,өйткені қыздыру құралдарында булы жылыландыру кезінде температура 100 С градус және одан да жоғары болады.

  • Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылуландырудың сәулелі түрі кеңінен қолданылып жүр.Жылуландырудың бұл түрі қызған су қабырғалардың арасында орнатылған трубалар арқылы жүріп,бөлмені жылытады,Үйдің төбесінде орнатылған жылыландыру қондырғысының температурасы 28-30С градус,қабырғалардыкі - 40-45 С градус, жертөленікі - 25-27 С градус.
  • Сәулелі жылуландырудың орталықтандырылған сулы жылыландырудан артықшылықтары да бар;адам ағзасы өзінің бойынан жылу шығару төмендейді,бөлменің көлденең және тік бағыттарында температура біркелкі болады.Жылыту құралдары қабырға арасында орналасқандықтан,оларға шаң жиналмайды.
  • Үлкен көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету қазандықтардан немесе жылу орталықтарынан жүргізіледі. Қазіргі таңда үйді жылы сумен қамту да қарастырылған.

Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың ауасының ластануы,ауа алмасуы,желдетілуі

  • Бөлмеде адамдар үнемі болғандықтан ол жердің ауасының физикалық қасиеттері өзгереді;ауа температурасы ,ылғалдылығы көтеріледі. Адам жай отырғанның өзінде жылу бөліп шығарады,ал жұмыс істесе,істеген жұмысының ауырлығына байланысты жылу бөлуі көбейеді.
  • Ауа құрамы адамның тыныс алуы кезінде де өзгереді.Адам тыныс алатын ауа құрамында оттегінің мөлшері 21% ,ал ағзадан шығаратын ауа құрамында оттегінің мөлшері -16,4%; ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері - 0,04% ,ал ағзадан шыгарылатын ауа құрамында оның мөлшері 4,4%-ға көтеріледі.
  • Тұрғын үйлерде көбіне ауа газбен(тамақ жасау кезінде) ластанады. Бөлме газбен ластанбас үшін газ плиталар дұрыс қолданылу керек.
  • Қазіргі кезде тұрмыста электроплиталар кеңінен қолданылып жүр.
  • Тұрмыстық процесс кезінде ауаны ластайтын заттардан басқа(газ,от жағу),бөлменің ауасын пластмастан жасалған құрылыс заттардан бөлінетін зиянды заттар да ластайды.Осыған байланысты құрылыста қолданылатын кез келген жаңа материал гигиеналық жағынан бағаланып,содан кейін ғана Денсаулық сақтау министрлігі оның қолданылуына рұхсат береді.
  • Жабық бөлмеде егер ауру немесе бактериотасымалдаушы адамдар болса,ол жердің ауасында бактериялардың көп мөлшері,оның ішінде патогенділері де болу мүмкін.Бактериялар ауаға ауру адам сөйлегенде,түшкіргенде ,жөтелгенде түсуі мумкін.
  • Бөлменің ауасы арқылы мына аурулар таралады; туберкулез,тұмау ,қызамық,қызылша,коклюш,дифтерия,желшешек.
  • Жабық бөлменің ауасы жұқпалы ауру қоздырғыштарымен ластанса эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады.
  • Бөлмелердің ауасы жақсы болу үшін ,ол жердің ауа алмасуы жақсы болы керек ,яғни лас ауа шығарылып ,таза ауа әкелініп тұру керек,ол ауаны тазалау жолымен іске асады.
  • Ауаны алмастыру жиілігі-сағатына неше ретбөлменің ауасының тазаланғанын көрсететін көрсеткіш.
  • Тұрғын бөлмеде нормада үш метр куб.сагат ауа бір метр квадрат ауданнан шығарылып тұру керек,ал газдалған үйдің асханасынан,егер асханада төрт камфорлы газ плита болса тоқсан метр куб.сағат.
  • Жергілікті табиғи ауа алмасу (бөлмені желдету) бөлме ауасының тазалануын толық қамтамасыз ете алмайды,сондықтан терезелерге желкөз,фрамуга орнатылады,олар бөлмелерде ауа алмасуын жақсартады.
  • Желкөздердің ауданы кемінде 0.3метр квадрат болу керек.Желкөздердің кемшілігі оны ұзақ уақыт ашып қою керектігі және желкөзден кіретін суық ауа ағымы адамның денсаулығына теріс әсер ететіндігі жатады.
  • Фрамугалар,қазіргі кезде шығып жатқан жаңа қондырғылар,олар 45 градус бұрышпен жоғары қарап орналасқан,яғни фрагмудан кіретін таза ауа бөлменің жоғарғы жағына беріліп,жылы ауамен араласып,содан кейін төмен қарай түседі,Ондай фрагмуларды күні бойына ашып қоюға болады,ол адамның денсаулығына теріс әсер етпейді.
  • ҚНменЕ-ге сай соратын каналдар мына бөлмелерде міндетті түрде болу керке;асханаларда,ваннада,дәретханада.Соратын каналдар үйдің жоғарғы жағында жалпы коллекторға жиналып,сору шахтасына туседі,ол үйдің төбесінде орналасады.Асхана мен дәретханадан шығатын сору каналын біріктіруге болмайды.
  • Сору каналдарының жұмысын күшейтуге болады,ол үшін сору шахтасының алдына ауаны жылытатын камера қою керек.Жылытатын ауа сору шахтасына бағытталады ,сөйтіп коллектордан ауаның шығарылына әсер етеді.
  • Ауаны жақсы сору үшін ауа соратын жерде күшейткіштер(желдеткіш) орналастыруға болады,ол ауа алмасу жиілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет