Биполярлық транзисторлардағы триггерлер Симметриялы, санақты кірісі мен сыртқы ығысуы бар транзисторлы триггердің принципиалды электрлік схемасы суретте бейнеленген. Санақты кірісі бар схемада басқарушы импульс бір уақытта қос транзистордің базаларына беріледі. Ығысу кернеуін беру үшін қосымша қоректену көзі Еб қлданылады.
Схемада көрсетілгендей, триггер оң-кері байланыспен қамтылған екі каскадты күшейткіш болып табылады, өйткені бір күшейткіштің шығысы екіншісінің кірісіне тұйықталған. Триггер симметриялы деп аталатын себебі оны көрсеткіштері бірдей бір текті транзисторлар құрайды да, олардың коллектор тізбегіндегі Rк – резисторлар, база тізбегіндегі R – резисторлар мен С – конденсаторлар шамалары жағынан біріне – бірі тең болып алынады. Мұндағы конденсаторлар тригердің аударылап түсуін тездетеді. Сондықтан тездеткіш конденсаторлар деп аталады. Ср мен Rр тізбегі дифференциялайтын тізбек деп аталады, бұл тізбек генератордан келген тікбұрышты импульсты дифференциалдап, оң және теріс үштік кішкене импулстарға түрлендіреді. (81, а – сурет, а – нүктесі) Ал, D1 мен D2 диодттар кесіп тастаушы диодтар деп аталады.
Триггердің санақты кірісті немесе санақты жүріп кеткіш деп аталуы, оның бір кірісіне теріс импульс келсе болды триггер аударылып түседі, яғни триггер келген импульсты санай алады.
Триггер жұмысын түсіндіретін транзисторлардың кірісіндегі база, коллекторлардағы кернеулер уақыттық диаграммалары көрсетілген. Триггердің екі орнықты тепе-теңдік күйі бар: Т1 – транзисторы жабық, ал Т2 – транзисторы қаныққан ашық немесе Т1 – транзисторы қаныққан, ал Т2 – транзисторы жабық. Осындай жағдайлардың біреуі схеманы Ек қоректену көзімен қосқанда өзінен-өзі орын алады. Бастапқы жағдайда Т2 – транзисторы жабық деп алайық. Сонда оның коллекторында шамасы жағынан Ек-ға жақын оң потенциал болады. Осы потенциал кері байланыс кедергісі R арқылы Т1 – транзистордың базасына беріліп, оның қанығуын қамтамасыз етеді. Қаныққан транзистордың коллекторының потенциалы Uкқ нолге жақын болғандықтан, Т2 транзисторының базасына ығысу кернеуі көзінен Еб-дан RRб бөлгіш арқылы теріс кернеу беріледі де Т2 – транзисторы сенімді түрде жабық күйінде ұстап тұрады.
Схеманың жалпы кіріс нүктесіне t1 уақыт сәтінде теріс полярлы кішкене ұзақтығы бар импульс келгенде жабық Т2 транзистордың қалпы өзгермейді, ал бірақ Т1 транзистор қанығу жағдайынан шығып қалады да активтік облыстағы жұмыс режиміне көшеді. Бұл арада Ік коллекторлық тогы күшейеді, коллектордың Uк1 кернеуі өседі. Коллектор кернеуінің оң мәнді өсімі R резисторы арқылы Т2 транзистордың базасына беріледі. Осы кернеу сімі Т2 транзистордың базасындағы ығысу кернеуіне теңелгенде, бұл транзистор жабық күйінен шығады да оның күшейткіштік қасиеттері жұмыс істей бастайды. Осы сәттен бастап триггердің аударылып түсу процесі басталады.. одан әрі қарай Ік2 тогының кішірейуі Т1 транзисторының коллекторындағы оң кернеудің өсімінің ұлғайуына әкеледі, ал бұл Т2 транзисторының базасына беріліп, оның жылдам ашылуына әкеп соқтырады. Ік2 тогы ұлғайып, Т2 транзисторының коллекторындағы кернеу кішірейеді. Осы теріс потенциалдың өсімі Т1 транзисторының базасына беріледі де, оны бұрынғыдан да үлкен дәрежеде жабады. Ік1 коллектор тогының әрі қарай кішіреюі жүре береді. Аударылып түсу процессі Т1 транзисторының жабылуымен /Ur1=Uшығ1=Ек/, Т2 транзисторының ашылуымен /Uк2 =Uшығ2 =Uкқ =0/ және оң кері байланыс әрекетінің бітуімен аяқталады. Триггер екінші орнықты тепе –теңдік күйге көшеді.
Триггердің кірісіне келесі жүргізіп жібергіш импульсты бергенде триггер ең бірінші күйінде аударылып түседі /бірінші орнықты тепе-теңдік күй/.
Сөйтіп триггердің кірісіне жүрггізіп жібергіш импульстар келген уақыт сәтінде схеманың аударылып түсуі регенеративті /өте жылдам өтетін/ процесс түрінде өтеді. Екі жүргізіп жібергіш импульстар аралығында триггер орнықты тепе-теңдік жағдайында болады. Уақыттық диаграммадан көрініп тұр, триггердің кірісіне төрт импульс бергенде, екі транзистордың қандайда болмасын коллекторында екі импульс пайда болады. Сонымен, триггердің бұл қасиеті оны жиілік бөлгіш ретінде қолдануға мүмкіндік береді.