6 дәріс Тақырыбы: ТІЗБЕКТЕЛГЕН ТИПТІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҮЙІНДЕР. Триггерлер. Асинхронды RS-триггері. Синхронды RS- триггері.
Триггерлер. Триггерлер – бұл жады элементі мен оларды басқару схемаларын біріктіретін ЭЕМ-нің функционалдық түйін.
Жіктелінуі:
Сигналдардың келіп түсуі уақыты бойынша:
асинхронды;
синхронды: а) біртактілі бірсатылы;
ә) біртактілі көпсатылы;
б) көптактілі.
триггер-схемасын қалыптастыру типі бойынша (базисі бойынша):
ЖӘНЕ-ЕМЕС базисінде;
НЕМЕСЕ-ЕМЕС базисінде;
аралас базисте.
Типі бойынша (негізгі типтер):
RS; D; DV; T; TV; JK.
Тізбектеме құрылғылар Шығыс сигналы (немесе сигналдары) кіріс сигналдарының кезекті мәндеріне және өзінің алдыңғы (кейде, одан бұрынғы да) жағдайына байланысты анықталатын құрылғылар тізбектеме құрылғылар деп аталады. Демек, бұндай құрылғылардың бұрынғы жағдайын есте сақтайтын мүмкіндігі, яғни оның құрамында жады элементтері болу керек. Сондықтан, алдымен жады элементтерінің (триггерлердің) түрлерімен және олардың құрылымы мен жұмыс принциптерімен танысайық.
1.3.1 Триггерлер Триггерлер – екі тиянақты жағдайы бар, бірразрядты екілік сан сақтауға арналған құрылғылар. Оның тиянақты жағдайларының біреуі лог.1-ге, екіншісі лог.0-ге сәйкес келеді. Әдетте, триггерлік құрылымның қарама-қарсы деңгейлі (тура және теріс деп аталатын) екі шығысы болады, триггердің жағдайы оның тура шығысындағы сигнал деңгейімен анықталады.
Информацияның енгізілу (жазылу) тәртібіне байланысты триггерлер асинхронды және синхронды болып бөлінеді.
1.3.1.1 Асинхронды RS-триггерлер Асинхронды триггерлердің жаңа жағдайға ауысуы тікелей олардың кірісіне берілетін информациялық сигналдардың өзгерісімен ғана анықталады. Оларды НЕМЕСЕ-ЕМЕС немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтерінің негізінде құруға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=ym2694ig7ds&ab_channel=%D0%98%D0%BB%D1%8C%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%B0%D0%9C%D0%B0%D1%81%D1%8C%D1%8F%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0
https://youtu.be/7QLQplw5EKE