Астанасы
Тілдері
Діні
Аумағы
Халқы
Суяб
Түрік
шаманизм, тәңіршілдік, буддизм
13 млн км²
13,000,000 адам
Түркі этнонимы
«Түркі» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
Түрік қағанаты
Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады.
Түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары кезінде бұларды Бумынның басқа бір інісі Истеми (Естеми) бастайды. 552 немесе 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».
Қалыптасуы
Ұлы қоныс аудару дәуірі
(II — V ғасырлар)
Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес тайпалар одағының көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты.
Түркі тайпаларының діні
Ұмай ана
Отқа табыну
«Ұлы» тастың құдіретті күші
Будда діні
Несторий ілімі
Манихей діні
Ұмай ана
Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - отбасы мен бала - шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған.
«Ұлы» тастың құдіретті күші
Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «ұлы» тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады. Түріктердің сиқырлы күшке, шаман бақсы-балгерлеріне сенетіні жайлы парсы тарихшылары мен географтары да жазады. Өлген түріктер ертедегі шаман ғұрпымен жерленген. Деректемелерде жерлеу ғұрпының сипаттамалары сақталған, өлген адамды биіктеу жерге тігілген киіз үйге қойған. Туыстары құрбандыққа әкелген қойлары мен жылқыларын табалдырықтан асырып қойған да, сонан соң киіз үйді жеті рет айналып өткен. Үйді айналып, есік алдынан өткен сайын беттерін тілгілеп, жылайтын болған; сонан соң белгіленген күні өлген адамның атын, киімдері мен заттарын алып, оларды өлген адамның денесімен бірге өртеген.
Будда діні
Алдыңғы орта ғасырларда будда дінінің негізгі миссионерлері рөлін соғдылар алды. «Бодисатва» деген сөз парсы, ұйғыр, қытай тілдеріне соғды тілінен енген. VI ғасырдан бастап түріктер будда дінінің күшті ықпалына ұшырады. Сюань-Цзян батыс түрік қағанының будда дініне ізгі көзқараста болғанын жазады.
Несторийдің ілімі 431 жылы Эфес соборында айыпталып, несториандар аяусыз қудалана бастады.
Несторий ілімі
Түркі мәдениеті
Түркілердің жазба әліппесі да болған. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған.