Тритурационды таблеткалар, оларды алу және сапасын бағалау. Гранулалар, микродраже, спансулалар, драже. Желатинді капсулалар: жұмсақ және қатты. Микрокапсулалар. Капсулаларды алу және сапасын бағалау


Капсулалардың дәрілік препарат ретіндегі артықшылығы



бет4/5
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127462
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тритурациялық таблеткалар

Капсулалардың дәрілік препарат ретіндегі артықшылығы


- капсулаларды автоматтандырылған тәсілмен толтырғанды 1 капсуладығы дәрілік заттың дозалану дәлдігі жоғары;
- жағымсыз органолептикалық қасиеттерді (дәмін, иісін, түсін) жасыру мүмкіндігі бар;
- жарыққа төзімсіз препараттарды жарықтан қорғау мүмкіндігі бар;
- дәрілік заттарды жағымсыз сыртқы факторлардан (ылғалдылықтан, ауадағы бос О2, ылғалдылық 70%-ке тең немесе жоғары болған кезде температураның өзгеруінен, механикалық кедергілерден және т.б.) қорғау мүмкіндік бар;
- дәрілік заттардың әсерін АІТ (ЖКТ) белгілі бөлігінде жергілікті жинақтауға мүмкіндік бар;
- желатинді қабықшаға арнайы қосымша заттарды қосу арқылы дәрілердің әсерін ұзартуға мүмкіндік бар;
- таблеткалармен салыстырғанда капсулалардың қабықшалармен пресстелінбейтін ұнтақтарды, паста тәріздес массаларды, ерітінді, эмульсия және суспензия түрдегі сұйық дәрілерді, сонымен бірге газ тәріздес заттарды да қаптауға мүмкіндік бар;
- желатинді капсулаларды пероральды жолымен қатар, реактальды (recto-capsulae), вагинальды (vagino-capsulae), офтальмологиялық-ламеля (Lamelae) (көзге арналған ДТ ретінде қолдануға болады);
- капсулалар бояғыш және ластайтын дәрілік заттарды босатуға қолайлы болады;
- капсулалар түрде дәрілік заттарды ылғалды түйіршіктеусіз, қыздырусыз (буландыру, кептіру), престеусіз босатуға болады. Осы қасиет пероральды қолдануға арналған антибиотиктерді дозаланған түрде шығаруға өте маңызды болады;
- әдетте, желатинді капсулалар оңай (жеңіл) ериді, асқазан-ішек сөлдерді жеңіл өзінің ішіне өткізеді, соның нәтижесінде олардың құрамындағы дәрілері таблеткалармен салыстырғанда фармакологиялық әсер көресетеді (4-5 минуттан кейін, орташа алғанда);
- капсулалардың сыртқы түрі жақсы, беті тегіс болғандықтан оларды жұту жеңіл болады;
- олардың өндірісі толық дерлік механизацияланған және автоматтандырылған;
- желатинді капсулалардың ішінде желатинмен және глицеринмен әрекеттеспейтін, сонымен бірге желатинді ерітпейтін барлық препараттарды босатуға болады, мысалы С/М типті, егер судың мөлшері 10% -тен төмен болса, эмульсияларды да капсулаларда шығаруға болады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет