Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет130/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Кім сөз берсе – тілін берік ұстасын!
деп аудардық. А.Егеубаев бұ 
жолды «Тілін тисын – сыр ашсаң еміреніп!» деп келтіріпті.
2743.
...Сосын біл күрделі есеп-һандасаны.
Бұл жерде әңгіме
 
һандаса –
«жер өлшеу ілімін білу», геометрия жайында болып 
отыр.
2848.
Онуа шөп бар көп кеселді жаза алар, Ас қорытып, 
ішті кейде тазалар.
Түпнұсқада мынадай дәрі шөптер туралы 
айтылады:
гувариш
(ас сіңіретін дәрі),
ма’жун
(апиынмен 
араластырылған паста),
 чурны
(сүргі, асқазанды тазалайтын дәрі).
2927.
 Уч Орданың ханы...
Мұндағы
 Уч
сөзі Түркістандағы бір 
аймақтың атын білдіреді.
 Уч Орду 
географиялық атау.
 Орду
– орда, 
хан ордасы, сарай.
 Уч
сөзі, жалпы алғанда, «бір нәрсенің ұшы, 
шеті, шегі, таудың ұшар басы» деген мағына береді, мысалы,
 уч 
ел –
шекара шебіндегі ел («ДТС», 603 б.).
3317.
Тыңдап ал бір өлеңді, не қыласың...
«ҚБ-тің» біз 
аударып отырған Наманган нұсқасында бұл өлең жазылмай, 
түсіп қалыпты. Біз оны С.Н.Ивановтың орысша аудармасынан 
алып, қосып беріп отырмыз [3361-3362-бәйіттер]. С.Н.Иванов 
аудармасында бұл өлең (орысша: стих») төрт таған есебінде 
берілген. Қазақи аудармасында А.Егеубаев оны қос таған (бәйіт) 
ретінде келтіріпті, бірақ ол біздің аудармамызға қарағанда ала 
бөтен көрінеді: «Жалғыз кісі саған төрің, көрің құт, жалғыз жүріп, 
өз сөзіңді өзің тұт! (3361-бәйіт). Құлдық етіп елсіз жерді қаладың, 
Елге қалай тисін сенің залалың? (3362-бәйіт)». 
3357. Түпнұсқада келесі тақырып «Одғұрмыштың Өгдүлмішке 
[берген] жауабы» деп қате жазылыпты. Ол Өгдүлміштің 
Одғұрмышқа [берген] жауабы болу керек. 
3397.
 ...Ел оны неге сосын «заһид» демес?
Арабтың
 заһид 
деген 
сөзі «Құдай жолындағы адам, өз бетімен жеке жүріп, Құдайга 
құлшылық ететін діндар адам, тақуа» деген ұғымды береді.
3446.
Айтыпты чігіл кісі ойы тұнық... чігіл
– түркі тектес 
бір халықтың этникалық атауы. С.Н.Иванов бұл сөзді Қарахан 
әулетінің мемлекетінде үстемдік құрып тұрған қарлұқтар 
тайпасының шығыс бөлігіне жататын «чігіл руының өкілі» деп 
түсіндіреді [3491-бәйітке байланысты]. А.Егеубаевтың қазақша 
аудармасында – шегіл түсіндірмеде – 
шігіл
[3491-бәйіт]. «ҚБ» 


557
дастаны сол кездегі түркі тілдерінің
ч 
дыбысымен сөйлейтін 
(«чокающий») әдеби тілінде жазылған, онда 
ш
-мен сөйлейтін 
(«шокающий») тілдің ешқандай әсері жоқ. Сондықтан оны 
чігіл
деп жазған орынды. Орысша аудармасында – солай
 (чигил).
3475.
Біздің тектің жазығы үшін бұл Ие, Жаратқан ғой 
түнек етіп дүние.
Осындағы
 түнек
сөзін біз түпнұсқа бойынша 
алып отырмыз. Қ.Каримов оны өзбек тіліне
тунаш
(бір түнеп, 
қонып өтетін жай – орысша «ночевка») деп аударған. С.Н.Иванов 
«темница» (зындан, абақты, қараңғы үй) деп аударған [3520-бәйіт]. 
«ДТС»-да осылай етіп тәржімалаған. А.Егеубаев қазақ тіліне бұл 
бәйітті екі рет аударған: бірінде
 түнек
деп жазған да, екінші рет 
аударғанда 
зындан
деп берген [3520-бәйіт]. Осы екі аударманың 
екеуі де түпнұсқада айтылған ойды дәл бере алмайды. Бұл 
жөнінде С.Н.Ивановтың орысша аудармасы әлдеқайда ұтымды 
шыққан. Шығыс ақындарының шығармаларында бұл дүниені, 
әдетте бір түсіп, қонып шығатын керуен сарайға теңейді, соған 
ұқсатып жырлайды. Мысалы, Ахмет Иүгінеки (ХІІғ.) былай деп 
жазады: 
Бұ дүние – бір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет