Келер күні әділдіктің туатын
. Түпнұсқада «Келер
күні туралықтың туатын» деп жазылған. Қ.Каримов «туралықтың
күні» деген тіркесті « яғни қиямет күні» деп ескертеді (қазақша
– «қиямет қайым күні»). С.Н.Иванов «судный день» деп береді
[6460-бәйіт]. А.Егеубаев «қиямет» деп аударады, бірақ ол бұл
бәйіттің аудармасын басқашалау етіп келтірген: «Жаны таза адал
қайда, ақ қайда, Қияметте адалдыққа жақ қайда!?» [6460-бәйіт].
Шынына келгенде, қиямет қайым күнінде адалдықты (дәлірек
айтқанда, шындықты) жақтайтын жақ, ол – біреу-ақ: Алла тағала
(ол туралы сұрақ қойып, анықтап жатудың, болмаса күмән
келтіріп жатудың қажеті бола қоймас-ты). Бұл жерде әңгіме
сол қиямет қайым күнінің (әділдік-шындық күнінің) сөз жоқ,
туатындығы туралы және сол жолға түсіп, шындық жолын қуып
жүрген адамдар туралы болып отыр.
6255.
Ақыр заман келді, тәртәп бұзылды, Жамандарды көріп
жақсы бұзылды
. Осындағы «ақыр заман келді» деген тіркесті
570
С.Н.Иванов орыс тіліне «Весь мир беззаконьем подавлен, увы»
деп аударған [6489-бәйіт]. Әрине, бұл дәл аударма бола алмайды,
оны «мир пришел к концу» деп берген дұрыс еді («ДТС», стр.
71). А.Егеубаев аудармасында бұл ұғым дұрыс берілген: «Заман
ақыр келді, жарғы бұзылды, Жаман-пасық жақсыларды қуырды»
(6489), бірақ осындағы «жарғы» деген сөздің мағынасы дәл емес.
Оның үстіне соңғы жолдың мағынасы қате берілген: жақсыларды
жаман-пасықтар қуырмайды, керісінше, жамандарды көріп,
жақсылар бұзылады. Бұл төрт тағанның ұйқасын біз түпнұсқа
бойынша беріп отырмыз.
6261.
Биыл төрт жүз алпыс екі жыл еді...
Бұл һижра есебі
бойынша (мұсылманша жыл санау есебі біздің қазір қолданып
жүрген Григориан күнтізбесіне сәйкес 622 жылдың 16-шілдесінен
басталады), қазіргі есеп бойынша, 1069-1070 жылдар болып
есептеледі. Қазақша – тышқан жылы.
6287. Түпнұсқада 6287-6330-бәйіттердің ұйқасы бастан-аяқ
біркелкі шалыс ұйқас арқылы берілген: 1-2-4-6-8 жолдар ұйқасады.
(1-жақтың жекеше жіктік жалғауы арқылы ұйқастырылған). Біз
оларды әдеттегі бәйіттердің ұйқастары арқылы бердік: а-а, б-б...
С.Н.Иванов пен А.Егеубаев та қазақ, орыс тілдеріне осы әдіспен
аударған екен.
6297.
...Бәрін де солдырдым ғой қазан ұрып.
Парсыша – хәзан
(қазақша -қазан), ол – «күз, айдың аты; жапырақ сарғайып, суық
түскен уақыт» [Н.Оңдасынов. Парсыша-қазақша түсіндірме
сөздік, 1974, 117-б.]. Басқаша дақылдарының өркендері мен
жемістері қолдануға (жеуге) жарамай солып қалады (іркілдеп
бұзылып кетеді) – соны қазақша қазан ұрып кетті деп атайды
(А.Егеубаев айтқандай «қазан түсті» демейді – 6531-бәйіт).
Сөздің иініне келген соң айта кетейік: кейбір авторлар «Елу
жылда – ел жаңа, жүз жыл - қазан» деген мәтелдің құрамындағы
қазан сөзін жөнді түсіндіріп бере алмай жүр. Бұл жерде ол
ауыспалы мағынада қолданылып тұр, ол «осы бір жүз жыл ішінде
бір ұрпақтың өмірі бітті, таусылды, тынды» деген ұғым береді.
6313.
Мен Хұсрау, Қайсармен боп ынтымақ, Шаддад бен ‘Ад
сияқты құрдым жұмақ
. Бұл және келесі бәйіттер (6314-6317)
автордың өзінше бір айтқан қияли болжамдарын білдіреді.
Хосров – Хосров ІІ Парвиз (590-628) Ирандағы Сасан әулеттері
571
династиясының шахы (патшасы). Қайсар – Рим империясын
билеушілердің жиынтық образы (бұл сөз латынның «цезарь»
деген сөзімен байланысты). «Қасиетті Рим империясы» (962-
1806) мен Герман империясының (1871-1918) императорларын
«кайза» деп атаған (Қайсар сөзі осымен байланысты). Қайсар
сөзін сонда А.Егеубаев айтқандай «Рим шахы» деп емес, «Рум
кайзері» деп түсіндірген орынды болады. Шаддад – жұмақта
өсіп тұрған бақ. ‘Ад – Аравиядағы оңтүстік арабтар тайпасы
(Құранның айтуы бойынша, Құдайды мойындамағаны үшін
тасаттық жазасына ұшыраған). С.Н.Иванов пен А.Егеубаев бұл
атауды ескермей тастап кеткен [6547-бәйіт].
6314.
Әлемді түгел билеп Ескендірдей, Жасадым бұл өмірді
Нухпен бірдей
. Ескендір – Александр Македонский (б.з.д. 356-
323), Нух – Құранда аталатын кісінің аты (тауратта – «Ной»).
Бұл бәйіттің екінші жолы түпнұсқада «Нухтың жасын түгел
жасадым, (басқаны да) жасаттым» деп жазылған. Орысша
аудармасы: «Я прожил полностью жизнь Ноя и давал [другим]
жить» (Древнетюркский словарь, Л., 1969, стр. 246). Осыған
орай А.Егеубаевтың «Нұхтың жасын беріп ұзақ қалайын» деп
аударғаны дәл емес.
6315.
Жасындай қылышы бар болсам Хайдар, Әлемге
Рүстемдей қылсам айбар.
Хайдар (арабша – «арыстан» деген
сөз). Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың төрт шариярының бірі
(ең соңғы халиф) – Әлінің (656-661) эпитеті (теңеуі). Рүстем –
Иранның атақты палуаны, батыры, Фирдоусидің «Шахнама»
дастанының персонажы (басты кейіпкері).
6316.
Исадай ұштым көкке рауандай, Ең әділ заң орнатсам
Нәушаруандай.
Иса (Тауратта - Исус) – Құранда аты аталатын
көп пайғамбарлардың бірі. Православие дініндегі адамдардың
табынатын әулиесі. Нәушаруан (Нуширван, Ануширван) –
Хосров І Нуширван (531-579), Иранның Сасан әулетінен шыққан
шахы, Шығыс поэзиясындағы құдіретті билеушінің образы.
6317.
Байлығын жидым жиған бұ Қарунбай, Асһабтай темір
қала, салдым бір жай.
Қарынбай – Құранда аты аталатын,
бірақ ол аңызға айналып кеткен Қарун деген кісінің қазақша
ныспысы. Осы бәйіттің соңғы жолында «Асхаби раъс» деген
белгісіз бір кісінің аты аталады: «Асхаби раъс сияқты темір
572
қала салдым». С.Н.Иванов пен А.Егеубаев бұл атауды ескерусіз
қалдырған. Соңғы автор «Иә, Қарындай байлық жинап алайын»
деп аударыпты. Біріншіден, «Қарын» деген кісінің аты қазақша
«Қарынбай» болып аталып кеткен, екіншіден, оның байлығындай
байлық, түпнұсқа бойынша, жиналып болған, үшіншіден, «темір
қала» салынып қойылған (енді салынатын қала емес). Сондықтан
бұл аударма қалай болғанда да түпнұсқадағы мәтінмен дәл
үйлесіп тұрған жоқ.
6331.
...Кімде опа бар – соны іздейін ал енді.
Түпнұсқада
6331-6370-бәйіттердің өзара ұйқастары бұйрық райдың 1-жақ
жекеше жіктік жалғауы арқылы берілген. Мұндағы бәйіттер өзара
шалыс ұйқас арқылы байланысып отырады (1-2-4-6-8... жолдар
өзара ұйқасады). Біз оларды бұрынғы аудармашылардың ізімен
әдеттегі бәйіттер (өзара ұйқасып келетін қос тағандар) есебінде
аудардық.
6370.
Алла, есіркеп, көрсет жүзін Елшінің ...
Түпнұсқада
«пайғамбар, елші» деген сөздердің мағынасы
савчы
деген сөз
арқылы берілген. Осы жолды А.Егеубаев «Пайғамбардың өңін
берсе, ей, Алла» – деп аударыпты [6604-бәйіт]. Бұл екі аударманың
өзара мағыналық айырмашылығы өзінен-өзі көрініп тұр. Оның
үстіне Пайғамбардың өңі (яғни, түсі, түрі, кескіні) еш уақытта
да ешкімге беріле қоймайтын нәрсе екендігі пешенеден белгілі
болса керек! Тіпті оның өңін сұраудың өзі мұсылманшылыққа
жатпайды. Принципиальдық тұрғыдан алып қарағанда, бұл
– ғылыми-теологиялық жағынан болсын, этикалық жағынан
болсын ешқандай сынды көтере алмайтын аударма (әрі өзі
ешқандай ұғым тудырмайды).
6371.
...Жарасар берік болған білімді ерге
. Түпнұсқада
6371-6407-бәйіттердің 1-2-4-6-8... жолдары ұйқасып келеді.
Барлық бәйіттер осы ізбен (шалыс ұйқас арқылы) өзара
байланысып отырады. С.Н.Иванов орыс тіліне осы әдіспен
аударған. А.Егеубаев қазақ тіліне әдеттегі бәйіттер ұйқасымен де,
кейде шалыс ұйқас арқылы да аударыпты. Біз оларды жеке-жеке
бәйіттер есебінде аударып беріп отырмыз.
6373. Келесі екі бәйіт (төрт жол өлең) Қ.Каримов баспасында
түсіп қалыпты, олар өзбекше басылымның аяқ жағында
келтірілген (958-бет), сондықтан бәйіттердің жалпы санын
нөмірлеп реттеуге енбей қалған.
573
6379.
Тағыдай тауда ойнаған түрікше сөз
... Түпнұсқада
«түрікше киік тағы сияқты» деп берілген. Мұндағы киік сөзі
орысша «олень, лань; зверь вообще; дикий» деген сияқты мағына
береді («ДТС», 294-б.). С.Н.Иванов «киік» сөзін «таудағы бұғы»
(«нагорный олень») деп аударған, А.Егеубаев «Түрік сөзі үркек
тағы киіктей» деп келтіріпті (6617-бәйіт). Қазақ ұғымында киік
тауда болмайды, одан төмен жердегі жазира далада жүреді. Дастан
авторының айтып отырған аңы қазақ тіліндегі киік туралы емес.
Оның үстіне А.Егеубаев келтіріп отырған тағы деген сөз «үйір,
топ, табын» (орысша «стадо») деген мағына береді («ДТС», 526
б.). Тағы бір ескертпе түпнұсқада «үркек» сөзі туралы ұғым жоқ,
ондай мағына беретін сөз де айтылмаған.
6385.
Төрт жүз алпыс екі жыл танымды деп ...
6261-сілтемені
(түсіндірмені) қараңыз.
6407. Осы бәйіттен кейін келетін «ҚБ» дастанының көшірмесін
жасап бітірген кісінің һижра есебімен көрсеткен 843-жылы
Григориан күнтізбесі бойынша 1438-1439 жылдарға сәйкес
келеді.
|