Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет131/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

 керуен сарай-ды,
Кететіндер түсіп, содан тарайды.
Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде,
Келіп түскен соңы соған қарайды.
«ҚБ-те» де осындай ой айтылады:
Бұл адамзат – бір керуен тізілген,
Көп кідірмес – кезі бар ма үзілген? [1370-бәйіт]
Тағы бірде: Өмір, мола – екі жер ғой тоқтайтын, 
Кісі бар ма бұған, сірә, соқпайтын? [1375-бәйіт] – деп жазылған.
Бұл жерде «өмір (яғни жарық дүние) бір ғана тоқтап, (аялдап, 
қонып) өтетін аялдама ғой» деген ой айтылып тұр. «ҚБ-те» 
мынадай тағы да бір бәйіт бар:
Бұ дүние – қонақ үйі сен үшін, 
Оған төкпе қуаныштың кенішін [3513–бәйіт].
Мынадай бір рубаят кездеседі:
Өткізіп ең кешегі өткен түніңді,
Өтер солай бұ келетін күнің де.
Өтер ол да келіп тағы бір қонып,
Өмір солай сен көтерме үніңді! [3576–3577].


558
Осыған қарағанда, Қ.Каримовтың аудармасы орынды болмас 
па екен деген пікір туады. Ондай жағдайда, біз сөз етіп отырған 
бәйітті былай деп те аударуға болар еді: 
Құдай қинап жазған адам түртінер,
Бұ жалғанды жай етті Ием бір түнер. (Мұндағы
жай
сөзі 
«мекен-жай, тұрақ, жатар жай, яғни кісі тоқтап, түсіп-қонып 
өтетін үй-жай» деген мағына береді).
3484.
Есік ашар бұ дүние, тағы бар: Жұрт өлімнің есігінен 
ағылар.
Бұ дүниеде халық кіріп-шығып жататын екі есік бар: 
біріншісі – адамның жарық дүниеге келетін есігі, екіншісі – 
адамның жарық дүниеден өтетін (о дүниеге кететін) есігі. Автор 
осы ойды айтып отыр.
3500.
 Адалға – есеп, арамға – азап, сұрау бар, Күмән болса – 
сақтанып жүр: бұрайды ар!
Дастанның орысша басылымында 
бұл бәйіт 3498-бәйіттен кейін келеді де, сонда айтылған сөздерге
 
(адам, арам, күмән)
түсінік береді. С.Н.Ивановтың берген 
ескертулерінде арам нәрселер мен күмәнді нәрселер шариғат 
бойынша тоқтам салынған (харам) нәрселерге байланысты да, 
адал нәрселер шариғат бойынша рұқсат етілген болып саналады 
[2546-3547-бәйіттерге 
байланысты 
ескертпе]. 
Наманган 
нұсқасында «Егер күмәнді болса – өте қатты сақтан!» деп 
жазылған. Автор бұл жерде күмәнді нәрсенің адал ма, әлде 
арам ба – қайсысына жататынын әуелі анықтап алу керек» (сол 
үшін сақтан) деп ескертіп отырған сияқты. С.Н.Иванов
күмән
деген сөзді бірде середина (дурное, законное и середина) деп 
аударады да енді бірде «сомнительно» деп береді [3547-бәйіт]. 
Түпнұсқада:
шүбһа
(арабша:
шубһат – 
шүбә) «сомнение, 
сомнительное
 (в религиозном понимании)
деп аударылған (ДТС. 
525-б.).
 
А.Егеубаевтың қазақша аудармасында
 «...Бірі – адалдық, 
шүбә және арамдық деп берілген. 
Шынында әңгіме бұл жерде 
адал (нәрсе), арам (нәрсе) және 
шүбә
(яғни
 күмән, 
күмәнді нәрсе) 
туралы болып отыр. Мәселе
адалдық, арамдық
туралы емес, 
бұл сөздердің беретін мағыналары тіптен басқаша болып келеді 
(қазақ тілінде
–дық
жұрнағының грамматиқалық қызметі мен 
оның мағынасын түсіне білгеніміз жөн).
3510.
 Кететінге көңіл бөлмес ақылды, Келетінге дайындалған 
мақұл-ды!
Автордың
кететінге
деп отырғаны өтіп кететін осы 


559
дүние туралы болса керек.
 Келетінге
деп ол, әрине, келер дүние, 
яғни о Жалған (дәлірек айтқанда – өлім) туралы айтып отыр. 
Соған дайындалуды еске салып отыр – автор.
3518.
Тыңда, шайыр қандай сөзді қалаған...
Шайырдың бұл 
жерде айтқан сөзі Наманган нұсқасында жоқ (түсіп қалған). Оны 
С.Н.Иванов баспасынан алып, бұл жерде қосып беруге тура келеді 
[3567-3568-бәйіттер рубаят есебінде төрт таған етіп берілген]. 
Онда «аңшы», «қақпан» туралы сөз болады. А.Егеубаевтың 
қазақша аудармасында «тұзақшы», «тұзақ» туралы айтылады 
[3568–бәйіт]. Орысша басылымдағы төрт таған мұнда қос таған 
болып аударылған.
3523.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет