563
4612.
Кәне үстемдік еткен пері, диюға?
Бұл
жерде Тауратта
айтылатын Сүлеймен (Соломон) туралы сөз болып отыр, Құранда
да аталып өтеді екен (2, 96-б.). Ол барлық адамдар мен жаны бар
жәндіктердің (мал, хайуан, құс, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, т.т.)
билеушісі болған. Қауесет бойынша ол Құдайдың «ең жоғарғы»,
айтылмаған, құпия, бірақ оның жүзігіне ойылып жазылған атын
білетін болған (С.Н.Иванов).
4613.
Кәне өлгенді тірілтетін пақырың?..
Таураттағы Йсус
туралы айтылып отыр. Құранда
көп пайғамбарлардың бірі
есебінде Иса аталып өтеді екен (5, 79-б.). Ол өлі адамдарға
дем салып (үрлеп), оларды тірілтіп алатын болған (5, 110-б.).
Қазақтардың өліп бара жатқан адамға дем салу әдеті осыған
байланысты болса керек.
4614.
Өлім, міне, ең таңдаулы досты алды...
Әңгіме бұл
жерде
Мұхаммед (с.ғ.с. 570-632 ж.) туралы болып отыр. Ол – Алланың
өзі жіберген елшісі, ислам дінінің негізін салушы; ең ұлы, ең жас,
ең соңғы пайғамбар.
4632.
Бұл қызықтың бәрін қойдым, жақсы ұлық, Өйтпей
ертең таба алмаспын жақсылық.
Бұл жерде ертең деген сөз
«ертеңгі күні о Дүниеде» деген ұғым береді. С.Н.Иванов оны «то
завтра добра не найдешь вовек» («ертең
өмір бойы жақсылық
көрмейсің») деп аударған [4736]. Демек, С.Н.Иванов осы өмірде
болатын жағдай туралы айтып отыр. Әрине, бұл – қате түсінік.
4643.
Ыла адамы айтқан, тыңда, сөз дайын... Ыла
сөзі
Түркістандағы бір өзеннің атын білдіреді. Осы аймақтың
(облыстың) аты да осылай аталады («ДТС», 218-б.).
4765.
Бүгін бұ сөз көрген түстей табы бар, Ертең онда шындық
болып табылар.
Бұл жерде
ертең онда
деп автор о дүниені
айтып отырған болу керек (Қ.Каримов осылай деп түсіндіреді).
С.Н.Иванов оны «алдағы уақытта» («а впередь») деп аударған
(яғни ол «бұ жалғанды кейінірек» деп түсінеді) [4869-бәйіт].
А.Егеубаев «Бұл сөзім бүгін түс болар саған, көр, ертең, онда
түс болар саған» деп қате аударыпты [4869]. Бұл тәржімашының
«түс болар саған» деп не туралы айты отырғаны түсінікті емес.
Түпнұсқада «сене түш болур» деп жазылған. Мұндағы «түш
болур» сөзін Қ.Каримов «Рас болар» («рос булади») деп аударады,
С.Н.Иванов та осылай («правду поймешь») аударған.
564
4781.
Рум қызы бетін жауып тұр енді...
Дәлірек айтқанда, бұ
жол «Руми қызы кекілімен бетін жапты» болып аударылуға тиісті.
Осыдан барып, Бүкіл әлем қап-қара шаш реңді болып көрінеді.
Рум
деп Шығыс авторлары Византияны, қала берді Еуропаны,
яғни бүкіл Батыс елдерін меңзейтін көрінеді (С.Н.Иванов). Поэзия
тілінде Рум қызы, демек, христиандардың қыздары кісіні еріксіз
қызықтырып әкететін сұлулықтың нышаны ретінде айтылатын
көрінеді.
4782.
Көкте қою қараңғылық тұныпты...
Бұл жерде «аспан
түгел қара түске боялды» деген ұғым түпнұсқада «аспан түгел
заңи түске оранды» деп берілген. Оны С.Н.Ивановтың «Черны,
как раб, смеркли горные дали...» деп отырған себебі мынада болса
керек: парсы тілінде заңги сөзі «негр, қара түсті» деген мағына
береді (г, г дыбыстарының алдында келген
н
дыбысы қазақ тілінде
ң
болып айтылады: зәңгі). Осыған байланысты А.Егеубаев бұл
жолды Аспан зәңгі болып, түнек асылды деп аударады, бірақ бұл
туралы түсінік берілмеген (4885).
4843.
Достарыңызбен бөлісу: