91
Айтолды: «Сені көрсе,
бектер бегі,
Қаймығып, құл қимылын шектер тегі!
945. Айтқан жоқ патшам: «сөйле безектетіп»,
Не айтам сенен бұрын кезек етіп?
Тыңдауға дана сөзін тұрады аса –
«Сен бұрын беземе тіл, сұрамаса!»
Кісіні кім шақырса, алғаш тұрып,
Сол айтсын әңгімені жалғастырып.
Сөйлесең «айт!» –
демей-ақ, шатақ онда:
Жөн болар оны «мал!» – деп атаған да.
Тіл қатса бекке барып тектен-текке,
Саналар миғұла боп, ол тентекке.
950. Қызыл тіл қысқартады қайран жасты,
Қылады байламасаң ойран басты.
Айтыпты
ұстамды жан жайбарақат,
Тек жүрген – өмір сүрер жайда рахат:
«Қызыл тіл – қара бастың жауы болар,
Жейтұғын талай басты тауып алар.
Басыңды сақтау үшін тілді күзет,
Бір күні басыңды тіл шауып алар».
Патша айтты: «Ұқтым – «сөзім тегін» демей,
Тірі адам тұра ала ма тек үндемей?
955. Туады екі түрлі тірі анадан:
Екеудің бірі – керең, бірі – надан.
Кереңді, тілі берік, қыстамайды,
Надандар сөзін бүгіп ұстамайды.
92
Наданның
тілі дәйім берік болсын,
Тіліне білімдінің ерік болсын.
Білгеннің сөзі – судай жерге берген:
Молшылық жерден өнер су жіберген.
Білімді кісі сөзі таусылмайды,
Ағысты бұлақ суы таусылмайды.
960. Білікті – бастау көзі, шым бұлақтай,
Су болар ол жүрген жер тыңғылықты-ай.
Көңілі
білімсіздің құмдай болар,
Құйса да дария тасып, жымдай болар».
Айтолды: «Тілден бәле жиылады,
Тамыры тіршіліктің қиылады.
Тірі адам тұра ала ма,
тіл қатпаса,
Керегін жасыра ма, зіл жатпаса?
Сөзіңді бүгіп ұста бірақ онда,
Айтарсың әдемілеп сұрағанда.
965. Сұрау, ол – ер кісідей,
сөзіме ерсең,
Жауабы – зайыбындай, ойлап көрсең.
Бір әйел шығады ғой бір-ақ ерге,
Егіз ұл табады ғой мұрагерге».
Достарыңызбен бөлісу: