157
Ең алдымен арқа тұтса Алланы,
Әр адамның тынар ойға алғаны!»
Ей, падишам! Мақтаса ұлын әкелер,
Ол ұлына көп қуаныш әкелер.
Қол ұшы мен патша берді оң қабақ,
Бақ жолдас боп, жолым болды оңдап-ақ.
1775. Кімге
шырай берсе бектің естісі,
Орындалар соның көкейкесті ісі.»
Су ішпесе, жайнаған бақ қуарар,
Адам – бақша, бек сөзі оны суарар.
Бақ кұлпырып, су ішкенді ұнатар,
Жұпар аңқып түмен түрлі гүл атар.
Бектің сөзі жағар болса майдай боп
Құл көңілі ашылады шайдай боп.
Бектер
сөзі қалай суық болады, –
Жайнаған гүл дереу қурап, солады.
1780. Құдай қолдап, әр ісіңді жақтасын, –
Ол жарылқап, ашар бақыт қақпасын.
Дәл осындай бір шайырдың сөзі бар*
Тыңда соны, кісі болсаң сөз ұғар:
«Құдай
құлын бағалар-ау, сақтасын,
Жолды оңғарар, ашар білім қақпасын.
Білсе білім – бақыт қонар, жетілер
Кішіктер де ұлық шенін таққасын».
Өгдүлміштен патша жауап қалады:
«Білетіндер қалай білім алады?
158
Дана үйреніп, білім жолын қуа ма,
Табиғаттан елде солай туа ма?»
Тілін безеп, берді Өгдүлміш келісім,
«Айтайын, – деп, – осы сөздің желісін.
Бастан
Құдай берсе сана, бар ойды,
Бала кезде білім содан тарайды.
Әр күн сайын үйренуін үзбесе,
Біліп алар не керегін іздесе.
Дана болып жетіседі кейіннен,
Елге пайда – сол білімнен, зейіннен.
Ой-санасы болмай туса ол баста,
Кейін оның қол жетері болмас та.
1790.
Бала білім алсын десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Туа біте сана болса өзінде, –
Жайлап білім үйренер жас кезінде.
Өнер, білім, қылық жайлы ойланар,
Үйренер де, ол әдетке айналар.
Адам не бір өнер, білім үйренер,
Жас ұлғайса бәрін білер күйге енер.
Түркіше бір мақал елге тарады,
Оқып алсаң, ол пайдаңа жарады:
1795. «Кісі үйренер,
содан білім артады,
Білген сайын ол өзіне тартады.
Ақыл, білім бір Алладан күткенде, –
Белгілі боп тұрар туа біткен де».
159
Ақыл-зерде – Алла сыйы, арай-ды,
Ер үлесі – ақылына қарайды.
Өзі де үстем, ақыл-ойы жөн ердің,
Ақыл болар басы мың сан өнердің.
Санасызды «адам екен» – деме де,
Қанша айтса да, сенбе ондай немеге!
Достарыңызбен бөлісу: