Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет40/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы
1855. Айтты патша Өгдүлмішке бір күні:
«Қайда жатыр кейбір сөздің төркіні?
Жеті мүше бар денеде – білесің*,
Бәрі тәтті, бәрі іздейді үлесін.
Көңіл нені, көз де нені қалайды,
Бұдан тәтті жан үлесі қалай-ды?»
Айтты Өгдүлміш: «Көңілдің сол қалауы, – 
Өз өмірін рахатқа балауы.


164
Көз қалауы – сүйгеніңді бір көрген,
Жан қалауы – көңіл тойып үлгерген».
1860. Айтты патша: «Сұрадым ғой сан жайды, 
Белгілері махаббаттың қандай-ды?
«Сүйемін» – деп айтады жұрт айғақтап,
Ол сөз тұрар қандай мәнді ой сақтап?»
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Ойға мынау түйгенім: 
Бір қараса – білер адам сүйгенін.
Кейбір нәрсе көзге түсе бермейді,
Көңіл ғана бәрін көріп, тергейді.
Білу үшін сүйетінін, сүймесін, 
Сол көңілдің қара «ағытып түймесін».
1865. Ғашық адам белгі берер түспен де,
Ол білінер көзі көзге түскенде.
Осылай дер шайыр сөзі, әсілі,
Тыңда түсін, ей, адамның асылы:
«Сүйген адам жүзінен-ақ болжайды,
Жағын ашса – сөз білдірер ол жайды.
Білгің келсе, байқа: сүйер, сүймесін – 
Тік қараған көз қарасы толғайды!»
Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы
Айтты патша: «Бұ сөзіңнен сана енді,
Тағы сөз бар, айтып берші соны енді.


165
1870. Керекті сөз қандай? Сұрақ қояйын, – 
Сен мұқият айтып берші со жайын».
Өгдүлміштің патшаға (берген) жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Ей, бақытты, сүйікті ер! 
Бектер аты білімінен биіктер.
Бектер өзі – бар білімнің ордасы,
Неге керек надан сөзі, «ортасы?» 
Сұрау – оңай, жауап беру – қиын-ды,
Бұл іс патша біліміне сиынды.
«Оңай» – сенде, «қиын» – маған қалып тұр, 
Кешір, батыр! Мазамды осы алып тұр!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет