Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет68/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   139
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Жауап беріп, айтты Өгдүлміш бек енді: 
«Мен естідім өзің қалай дегенді.
3740. Жаздың хатқа, жауапқа сен жетігім, 
Жеткізейін, ойға дана, тетігім!
Бір күмәнім, туыс осы тұстағы, – 
Патша өзінен сені қоймас тыс тағы.
Жіберді ғой патша мендей пақырды, 
Әдейілеп сені өзіне шақырды!» 
Айтты Одғұрмыш: «Біл туысқан арасын, 
Айтпа мұны, салма көңіл жарасын!
Ол жағына бара алмайды-ау мендей құл, 
Сен де қайтып келмей-ақ қой жерге бұл.
3745. Таба алмайтын нәрсені іздеу – бір жаман, 
Өтпес сөзді айтқан – ұят ерге аман.
Тыңда сөзді тиек еткен тілге енді,
Жақсы-жаман – бәрін сынап білгенді:
«Сұрағанда – бермегенін күштеме,
Табылмасты іздесе – оны «күш» деме!
Жаяу жүріп бара берме әр жерге,
Барсаң – бейнет, басқа жоқ қой ештеме!»
Айтты Одғұрмыш: «Аттан енді жер алып.
Ей, мәрт жігіт, қолме қайтып оралып!» 
3750. Түрегелді, айтты Өгдүлміш: «Не етейін,
Бітті сөзім, өзім сенен кетейін!» 


314
Өгдүлмішті туысы алып шыққан-ды,
Айтты талай білген сөзін, ұққанды.
Атын мініп, Өгдүлміш сол ат үсті,
Кідірместен үйіне кеп о түсті.
Күн де батты жасырып нұр-арайды,
Көктің жүзі сусардай боп қарайды.
Әлем жүзі тартты көмір бояуды,
Көз жүмылып, ұйқы басты ояуды.
3755. Төсек сұрап, жатты Өгдүлміш о төрде,
Бір ұйықтап, сосын басын кетерді.
Күншығыстан от пен жалын шашқандай,
Түрі ашылды келін бетін ашқандай.
Көтеріле жарқырап күн қалқаны,
Әлем жүзі тақты маржан алқаны.
Үйден шығып, тұрды барып сарайда
Патшасына көрінді бір орайда.
Деді патша, – «Ал, сөзіңді баян қыл,
Жайын әуел Одғұрмыштың аян қыл!
3760. Сөз бен ісің не болды – айтшы осыңды,
Келтіретін болдың ба сен досыңды?»
Хатты беріп, Өгдүлміш тік тұрыпты,
Патша оқыды сақтап әдет-ғұрыпты.
Бір қызарып, күлімдеді нұр сіңіп,
Көп ойланды, терең қатты күрсініп.
«Бұ туысың, – деді, – ірі сөз мүсіндеп,
Сөзде мін жоқ, тура айтыпты «түсін!» деп.


315
Тура сөзбен ірі жауап борапты,
Торқамды алып, сөз тікенін орапты*.
3765. Қандай еді, айтқан сөздің әрін де,
Нені естідің, – сөйле маған бәрін де!»
Баян етті нені әңгіме еткенін,
Дәл келтіріп қандай сөз боп өткенін.
«Айтты, – деді, – талай сөзді перделеп,
Айттым мен де ақыл-ойды зерделеп.
Бар сөзіме берді ол жауап тауып-ақ,
Ол отырды кейде көзін жауып ап.
Не қылсам да «барайын!» деп ермеді,
Кесіп айттым, бірақ көңіл бермеді!»
3770.Патша тыңдап сөз сырына берілді, –
Ақыл, білім, зерделі сөз өрілді.
Одғұрмышқа құмар болды бұл аса, –
Кісіге – мұң есі кетіп құласа.
Ерлер басы Жақсы айтыпты тап басып:
«Кісі еріксіз – іздесе адам таппасын.
Көңіл – бек қой, басқасы – құл, біздіңше,
Бегі қайда – құл жүреді ізінше.
Тілек етсең – көңілді бек ұстағын,
Онсыз адам көрер өмір қыспағын!» 
3775. Айтты патша: «Айтылған сөз сыры екен,
Туысқаның кісіліктің нұры екен.
Дұрыс еді білмегенім құлығын,
Ақыл, білім, сөзін және қылығын.


316
Білдім енді – ол орнықты көңілге,
Жеткіз мені тілегіме, жеңілме!
Өз елімде өз көңілім толмаса,
Жарамас-ты – қалағаным болмаса!» 
Айтты Өгдүлміш: «Патшам, елдің ұлығы,
Сара бексің, ей, таза жан құлығы.
3780. Айтып едім туысыма елеңдеп,
«Жіберсе егер патшам, тағы келем» – деп.
«Ертпей сені енді келсем – құр кетпен»,
Деп осылай айтып едім құрметпен.
Кесіп айтты: «Келгенмен жоқ ештеңе,
Мен бармаймын, – сұрама да, күштеме!»
Айтты патша: « Ұқтым сөзді, десек те,
Сен тағы бар, бұл кірмейді есепке.
Қалай өзі: ер көңілі діттесе,
Ол қалауы орындалып бітпесе?
3785. Қандай ұлық билемесе барлығын,
Елде түгел жүргізбесе жарлығын?
Бар нышаны жақсылықтың болар сол –
Қалағанда тілегіне жетсе қол!
Дерт боп алды осы ой-тілек жиналып,
Емдемесе – мен өлемін қиналып!
Бір бәйіт бар – оқы және тыңдағын,
Ұғып алмай мағынасын тынбағын:
«Әр аурудың бар ғой емі, дәрісі,
Тәуіптің де жарайды екен әр ісі.


317
3790. Көңіл күйін ойлап адам ауырса, –
Тап көңілін – кетсін кесел – бәрісі» 
Айтты Өгдүлміш: «Сіз бақыттың әрісіз,
Дүниеде не бар, сірә, дәрісіз?
Патша тірі, аман, тыныш тұрғанда,
Қызыметкер мендей құлы құрбан да!
Бұ сөзді айттым мен патшаға бекініп, –
Пайдасы жоқ ұзақ енді өкініп.
Есті кісі, тыңда, сонда не депті:
«Сөзіңді сен байқап сөйле, әдепті!»
3795. Пайда көп-ау сөйлемесе тілде осы,
Сөйлеп қойса – өкіндірер, біл, досым!
Құл боп тұрар сөз көмейде бұққанда,
Құл қылады сені ауыздан шыққанда.
Сөзді есепте, сен асықпа, байыпта,
Асығыс сөз – өкініш те, айып та!» 
Ойламап ем, – міне, Одғұрмыш не істеді:
Келмеді ғой шақырғанда – есті еді!
Бір тілесе патша, менде – мың тілек,
Пайдасы бар, содан жүрмін шын тілеп.
3800. Келе қойса ол менімен бірігіп. –
Іс қылар ек, қойса Құдай тірі қып.
Оны қатты қинасам да бір енді.
Ол елемей сонша қатты шіренді.
Керек болса, тағы барып қайтайын,
Айтар сөзді және жөндеп айтайын.


318
Бір хат жазып, тағы алдынан көрші өтіп,
Ел оқысын маған сенім көрсетіп.
Деді патша: «Хат жазуды бастағам,
Бірақ жауап болмады ғой қостаған.
3805. Не деп жазам – өзің ойға тетіксің,
Хаттан гөрі айтар сөзге жетіксің!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет