352
4230. «Айта берме сөздің бәрін – солай біл,
Ойлап сөйле, керек сөзді қалай біл.
Ақылды ерді көргенім бар аз сөйлеп,
Соны «көп» – деп өкініп ед талай жыл!»
Әли әулеттерімен қалай араласу керектігін үйретеді
Әскер басы, бектен басқа тарқатар,
Қатынасар кісілер бар әр қатар.
Бірі олардың – пайғамбардың әулеті,
Кім құрметтеп сүйсе – тасар дәулеті.
Сүй бұларды шын көңілден еріп бір,
Қыл жақсылық, әр нәрсені беріп тұр.
4235. Туыстары, пайғамбардың мұқымы, –
Сол үшін сүй, Әлінің де тұқымын.
Айтып болмас бұлар сырын тілменен,
Кейде жаңсақ сөз айтады білмеген!
Достарыңызбен бөлісу: