Шайырлармен [ақындармен] араласуды айтады
Ақындар – бұ да бір топ, сөз теретін,
Бір мақтап, бірде сөгіп өзгеретін.
Тілі өткір қылыштан да қиып өтер,
Жіңішке ой орамы қылдан бетер.
4290. Татымды, нәзік сөздер ұғу үшін
Тыңдап ал – бір құмардан шығу үшін.
Ойменен көк теңізге түгел батар –
Жақұт пен інжу-маржан жарқыратар.
Атағың мақтаса олар – елге жетер,
Беделің жамандаса – желге кетер.
Оларды ізгі тұтқын, ей, ағайын,
Тіліне тиек болмау ойла жайын!
Тілесең мақтау, даңқ күйін бір күн
Оларды риза қылып, сүйіндіргін!
Оларға не қаласа – бер ұқсатып,
Тілінен өз құныңды алғын сатып
Диқандармен араласуды айтады
Тағы бір топ – басқалардан ерек-ті,
Ел – диқандар, айрықша бір керекті.
Сен бұлармен тіл табысып өтесің, –
Ас-тамақты қамтамасыз етесің.
Тірі жанға – түгел пайда бұлардан,
Бәріне олар ас-су, тамақ, болар нан.
358
Ашыққан ел, тойынған жан табылар, –
Бәрі де осы диқандарға табынар.
4300. Бұлар Сізге аса керек, шүбәсіз,
Құлқын қамын ойласаңыз – ұғасыз!
Сен бұлармен көп қатысып, аралас,
Сонда болар таза тамақ, адал ас.
Тыңда, айтыпты есептегіш бір кісі,
Әрбір істі келеді екен білгісі:
«Тар жолменен тура жүрем десеңіз,
Жарасады адал, таза жесеңіз.
Есепті адам болуды алсаң есіңе,
Тамақ, тәнге адал тіле несібе!
4305. Кедей емес, бай болуды көздесең,
Зина қылып ел арасын кезбе сен.
Көтерейін десең қадір, бақ, көңіл,
Араласпа бұзықпен, ей, ақкөңіл!
Бұзық бұзар ата-тектін парызын,
Ол бұзады жақсылықтың бар ізін.
Бар бақытты сақта, бұзық жұтатар,
Ол кіріссе жоқтан отты тұтатар.
Құлқы таза біреу айтып кетіпті,
Іске қолы білімменен жетіпті:
4310. «Шықса Бүлік – сен жуыма жанжалға-ай,
Ел түсірер қадірінді – таң қалма-ай!
Ұрыс шықса – бақ тұрмайды, қашады,
Тұрса – түнеп, боп кетеді «сандалбай!»
359
Диқандардың Құдай берген қолы ашық,
Пейілі кең, көңіліне жол ашық.
Тірі жанға диқандар ас-дәм болар,
Жүргенге – ас, ұшқандарға – дән болар.
Сен бұлармен бірге салғын ізіңді,
Тілді майда, ашық ұстап жүзінді.
Достарыңызбен бөлісу: |