Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет85/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Деді Өгдүлміш: «Қоспай айтам өзге сөз», –
Айтып берді болған сөзді сөзбе-сөз.
Екеу ара айтқан сырды сақтап-ақ
Баян қылды патшасына нақпа-нақ.
Патша ойланды, үндемеді һәм ұқты,
Көзге жас ап, көңілі де қамықты.
Деді патша: «Қаққандай ғып шегені,
Айтқан екен, ақиқат сөз – дегені.
4800. Бүгін біздер әуре болып құр босқа,
Күштеп жүрміз салмақ салып бір досқа.
Бұ Дүние тұрмас – өтер тәлімсіз,
Қалған өмір одан әрі – мәлімсіз. 
Кейін келер бақи өмір бұ жаққа,
Қайғы, рахат созылмас-ты ұзаққа.
Мәңгілік сол – мұнда өмірің сап болса,
Жанға жәннет ризығы тап болса. 
Ол оянған бұл өмірден түйінсіз,
Оған «бізге кел!» деп айту иінсіз.
4805. Біз – бір тұтқын нәпсі қуған, батыр–ау,
Заман босқа өтіп бара жатыр-ау!
Мынаны айтқан көңілі хош ер еді,
Тыңда, саған ақыл-кеңес береді:


398
«Нәпсі – жау ғой, ол күшейіп өсе алар,
Сонда сенен екі еселеп өш алар. 
Бас көтерсе нәпсі – көңіл өледі,
Сонда қайтіп Аллаға ойын бөледі?
Өлген біздің көңіліміз – қой оны,
Жуан болып алды нәпсі мойыны. 
4810. Осы күнгі ұлылық пен дәулет тым,
Тұрмайды ұзақ, ей, ақкөңіл сәулеттім!
Рахат аз, бәрі бейнет болып жүр,
Бас ауыру, қарғыс, сөгіс толып жүр.
Түзу жүріп, Дүниені сынаған,
Білімдінің сөзі бар-ды ұнаған:
Ұлық болсаң – арғы жағын қара оның,
Көп қуанба – бас ауруы бар оның.
Шаттық қайда – бәлесі жүр іргелеп,
Қайда рахат – азабы жүр бірге кеп!»
Патшаның Өгдүлмішке қойған сауалы
4815. Айтты патша: «Сөзің, ерім, ұнады-ай,
Сұрағанда – тілегім бар мынадай.
Себеп қылса ізгілікке достығын,
Жандандырса көңілімнің қоштығын.
Ол келуге келіспеді, шіренді,
Дос-құрбының жүзін көрмей жүр енді.
Сөзін айтқын көрсең – бәрі дұрыс-ты,
Оны зорлап таба алмаймыз ырысты. 


399
Жүріп-тұрып, саған бейнет табылып,
Талай сөйлеп, шаршадың ғой сабылып.
4820. Мен көрейін, күтейін де аңдайын,
Жағыдайын, ақырының қандайын, –
Келер істі қараңғы түн жасырды,
Жарық күн кеп ашады ғой, жә, сырды.
Тұр құрулы бұ заманның садағы,
Кейде – зиян, кейде – пайда о дағы.
Құдайға істі тапсырғандар күтеді,
Беті ашылып, іс кезінде бітеді.
Қай бір жұмыс қанша істесең – өнбейді,
Өз бетімен оны қойған жөн дейді.
Жалған да – сол: іздей қалсаң – қашады,
Қоя берсең – өзі кеп жол ашады.
Сынайық та, біз күтейік, жә, Құдай,
Кейін қалай болар екен жағыдай.
Ойлап көрсін, ол үмітін үзбесін,
Жолын түзеп өзі бізді іздесін!»
Үзді сөзін енді патша пақырың,
Бұл Өгдүлміш шығып кетті ақырын.
Бұ сөзден соң талай таңдар атыпты,
Жүріп-тұрып ойға патша батыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет