406
Күн еңкейіп ұясына тайғанда,
Көмір түсін дүниеге жайғанда,
Үйде күтем, келсең маған, ылайым,
Сенің үшін бір дайындық қылайын!»
Ол аттанып, келді беттеп Сарайды,
Аттан түсіп, ол патшаға қарайды.
Естігенін айтты бірден бастап-ақ,
Патша күлді, жадырады қас-қабақ.
4910. Айтты патша: «Бұл іс жақсы болды аса,
Сен айтқандай шын боп, Алла қолдаса!»
Айтты және: «Қай мезгілде кездесіп,
Қайсы жерде сөйлесеміз көздесіп?»
Достарыңызбен бөлісу: