Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет89/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   139
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Күн кемерден асқанда,
Дүниені қараңғылық басқанда.
Маған келер жүріп-тұрса ол да есен,
Келер саған қашан өзің «кел» десең!»
Айтты патша: «Көп жүгірдің – тер сіңді,
Лайығын Құдай өзі берсін-де!
4915. Дәл осы еді бар дертімнің дауасы,
Шат қылды ғой көңілімді ауа осы!
Сен үйде күт, саған келсе – жарады,
Шақыруға менен адам барады.
Қасыңа ал да, туысыңа кел еріп,
Жүзін көріп, кездесейін қол беріп.


407
Бұған меңзеп дана бір ой жебеген,
Түбі түзу, тыңда сөзді, не деген:
«Көңіл ылғи ізгілікті іздейді,
Сол – жұбаныш, ол үмітін үзбейді.
4920. Тілегіне түгел жетіп алса егер,
Сонда шалқып, сөзді іркеді, тіздейді!»
Шықты Өгдүлміш, ойын демдеп басады,
Үйіне кеп, дайындығын жасады.
Күн еңкейіп, оның жүзі жабылды,
Тұман түсіп, әлем қара жамылды.
Жесір әлем қара киді бұртиып,
Қарайды аспан жын қаққандай кіртиіп.
Жаны барлар түгел тынды, жұмды көз,
Бәрі бітті: айқай-сүрен, дыбыс, сөз.
Тарау. Одғұрмыштың Өгдүлмішке тас қараңғы 
түнде келгенін айтады
4925. Ақырындап келді Одғұрмыш, сабылды, 
Көрді Өгдүлміш – орынынан табылды.
Сәлем қылды, қол алысты, үйге енді, 
Бұл екі ардақ ойын бірге түйген-ді.
Ас-ауқатты алдарына алыпты,
Сосын хабар патшасына салыпты.
Патша есітті айтқан сөзді ұстартып, 
Бұл екеуін шақырыпты іш тартып.


408
Тарау. Күнтоғдының Одғұрмышпен кездескенін 
айтады
Келді екеуі патшасына жаяулап, 
Патша тұрып қарсы алыпты аяулап.
4930. Ең әуелі патша сәлем қылыпты, 
Одғұрмыш та қолын берді құлықты.
Бұ патша қол тақуамен алысты, 
Көңілденіп, хал-жай сұрап қалысты.
Орын берді жақын жерден аялай, 
Құрмет етті мейірімін аямай.
Айтты патша: «Бейнет көрдің – сергі енді, 
Жаяу кепсің осыншалық жерге енді!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет