26
Көп жұлдыздар безек салар өрнекті,
Бәрі айналып, зер төгеді көрнекті.
125. Бұ
халыққа пайдалы ғой зады аспан,
Жол көрсетер адамдарға адасқан.
Бар төмені, биікке жол ашары,
Жарығы бар, бар ғой одан нашары.
Жүр
Секентір ең жоғары иінде,
Отыз екі ай тұрар сол үйінде [1].
Одан төмен Оңай [2] тұрар тапжылмай,
Бір орнынан қозғалмайды тап жылдай.
Көрүд [3] келіп айқай-сүрен салады,
Ол қараса – көкөністер солады.
130. Йашық [4] сосын,
жарық берген бұ дейді,
Жақын жүрсе жарық күші үдейді.
Севіт [5] келер жүзі тартып көзіңді,
Сүйе қарап қуантады өзіңді.
Тілек алып Арзу [6]
келер ойланып,
Жақын келсе қалады екен байланып.
Ең төмені Йалчық [7] деген болады,
Күнге қарсы келген кезде толады.
Он екі шоқжұлдыздары не күйде;
Олар тұрар бір үйде не екі үйде.
135. Қозы [1] – көктем, үд [2]
келеді тақымдап,
Ерендізге [3] Қучық [4] жүрер жақындап.
Ер Арслан [5] Бұғдай башын [6] көріп тұр,
Үлгү [7], Чадан [8], Йа [9], бұлар – серіктер.
27
Оғлақ [10], Көнек [11], Балық [12]
келіп толады,
Олар туса, аспан жарық болады.
Көктем және жазғы жұлдыз – үшеуден,
Күзгі және қысқы жұлдыз – үшеуден.
От – үшеуі, су – үшеуі, үш – һауа,
Топырақ – үш, бар әлемге бұл – дауа [20]!
140. Өзара жау бұлар әсте түтісер,
Бірақ қарсы келгенде олар бітісер.
Қосылмайтын жау болса да – жарасар,
Көріспейтін жау боп тыныш тарасар.
Бұларды әкеп қиыстырып арасын,
Бір Алла ғой тауып берген жарасым.
Айттым біраз: сыры ғой бұл – ілімнің,
Ақыл, ұғым – кереметі білімнің!
Достарыңызбен бөлісу: