Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет11/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Кітап иесі өзіне кешірім сұрайды
Ей, білімдар, сөйлейтін де, «дейін» де,
Ұрпақ үшін келетұғын кейінде.
190. Сенімді сөз – білгендерден қалған сөз,
Жаныңа қор – әрқашан да жалған сөз.
Тіл жаман ғой: «пәлен-түген» – деп қояр,
Кісі күншіл: боршалар да жеп қояр.
Жеңіл екен жүгім менің, байқадым:
Өзіме айттым: «бәрін сөйлеп, жайқағын!»
Мен айтайын неге осылай десеңіз,
Ей, батыр ер, кетпейді ғой есеңіз!
Адам осы жаңылыстан ат алған, –
Жаңылатын болғаннан соң аталған.
195. Жаңылмайтын жан бар ма айтшы – тыңдайын, 
Жаңылғанның көрдім түмен мыңдайын.
Біліксіз – көп, аз ғой тіпті білікті,
Ойлы – қымбат, ойсыздар не біліпті.
Біліксіздер – білімдінің қас жауы,
Білімсіздің содан түкке аспауы.
Бір адамның бір адамнан парқы бар,
Ол айырма білімменен жарқырар.


32
Айттым сөзді білімділер үшін мен, 
Білімсіздің тілін өзім түсінбен.
200. Білгендерге тәжім етем жасқанбай, 
Білмегенмен әңгімем жоқ ешқандай.
Айту үшін бұ сөзімді имендім,
Міне, ғафу сұрайтұғын күйге ендім.
Сөйлеген соң жаңылып та кетесің,
Ойлы кісі түзетеді қатесін.
Сөз – түйенің мұрындығы іспетті:
Қайда бұрса – солай жүрер істепті.
Көп кісілер біліп сөйлер сөз жөнін, 
Сонысын мен қадірлеймін өзгенің.
205. Бар ізгілік тек білімнен алынар, 
Білімменен аспанға жол салынар.
Әр сөзінің білім болсын сағасы,
Білімменен үлкейер ел ағасы.
Қара жерге сөз түсіпті аспаннан,
Адам болған сөз, беделі асқаннан.
Көңіл түпсіз терең теңіз бүгінде,
Білім – інжу жататұғын түбінде.
Адам теріп алмаса егер – ой таста:
Пайдасыз ғой інжу ме, әлде жай тас па.
210. Алтын – жай тас, жатса жердің қойнында
Қазып алса – асыл, бектің мойнында.
Пайдасы жоқ білімді тіл қатпаса,
Құр білімін жылдап жиып қаттаса.


33
Ой-білімнің тұрған бойы – ізгілік 
Соған еріп биіктей бер, көзге ілік.
Ой, білімге жетік кісі жебейді,
Елдің бегін, тыңда қане, не дейді:
«Әлем билеу үшін керек парасат,
Ел билеуге ақыл-жүрек жарасад.
215. Зердесімен ұстайды адам әлемді, 
Білімменен билейді екен әр елді».
Қашан адам дүниеде жаралды,
Саясат та содан ізгі таралды.
Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі: 
Тиер орын білімдіге төрдегі.
Артық кетсе – түйсік түзер хал-жайды
Ел бүлінсе – білім түзеп талдайды.
Білімді қой бітірмесе екеуін,
Қылышқа бер ондай істің өтеуін.
220. Білімдарлар халыққа бас, ес еді, 
Білімсіздер қылышпен іс шешеді.
Дүниені дөңгелетер ақылды,
Ел басының көп білгені мақұл-ды.
Білім, ақыл бірге жүрсе – жарайды, 
Бүкіл әлем бір-ақ қолға қарайды.
Бұзар болсаң екі жалған қамалын
Ізгілік қыл жеңетұғын амалын.
Жақсы ат тілеп шын көңілдің қосымен, 
Ізгілік қыл – бітті сөзім осымен.


34
225. Адам емес, мәңгі өлмейтін жақсы ат қой, 
Мәңгілікке ат қалдыру – мақсат қой.
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса – бұл жалғанда өлмес ер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет