Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет98/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   139
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Жарадар ғып бұл атты,
Тағдыр оғы жүрегімді жылатты.
Тағдыр жебеп, ақыл берсе – жеңіл-ді,
Ол тірілтер өліп қалған көңілді.
Жатты көңлім қамсыз ұзақ ұйықтап,
Қу тағдырым оятты ғой иықтап.
5570. Байқап тұрсам көңілдегі көзіммен,
Азған екем – таң қап тұрмын өзім мен.
Жүк ауырлап, өтер өмір тездетті,
Күнәдан бет қайтатұғын кез жетті.
Жұртқа қылдым қызметті ұдай да,
Енді құлдық ету керек Құдайға.
Өтті күндер, келді байлық тасыған,
Таусылды өмір, қалар дәулет сасыған.


459
Өмір үшін қызық қудым Жалғанда,
Не қызық бар енді ол босқа қалғанда.
5575. Бұ күнім де өтер өстіп біртіндеп,
Көре алам ба ертең келер бір түнді.
Жазғы шөптей шаш қуарып тұр енді,
Болды сақал ақ күмістей реңді.
Күні ертеңгі дайындықты қамдайын,
Ертеңгі ісім болып тұрсын дап-дайын.
Бұған меңзер келді сөздің иіні,
Іске пайда осы сөздің түйіні:
«Өтті өмірім, өкінішке қалдым да,
Қанша күндік өмір қалды алдымда.
5580. Кетті босқа жігіт шағым, келер күн
Құр кетпесін болып ылдым-жылдым да!»
Іштім, жедім өрген малға ұсадым,
Енді өзімді ас пен судан қысамын.
Асып-тасып, барға жаным семірді,
Кез де жетті тәрік қылар өмірді.
Жайбарақат жатты жаным, шалқайды,
Тік тұратын күн де туды – хал тайды.
Жау ғып алдым қалың елдің талайын,
Ығын есіп, енді көңлін табайын.
5585. Қолым тиіп, тілімді көп батырдым,
Көп кешірім соған тілеп жатырмын.
Талай жанды алып едім қыспаққа,
Мен айыпты – шыға алмадым ұшпаққа.


460
Мен сорлымын әзер жүрген селтектеп,
Бар күнәға батып кеткен мелтектеп.
Қайта оралып, тәубаға бас ұрайын,
Бір Иемнің кешірімін сұрайын.
Тыңда, не дер терең білім иесі,
Содан саған кеңес келер тиесі:
5590. «Қайт райдан өлім келіп қалғанда,
Не өкініш – белден ажал шалғанда.
Өлім, тәуба – бар, ұмытпа, Жалғанда,
Қапы қалма, ол жағадан алғанда.
Жігіт кезде «тәуба» болсын тірегің,
Қартайғанда құм болады жігерің.
Қатты сақтан, өлім келмей тұрғанда,
Жоқ қой пайда өлімге бас ұрғанда.
Сонау жақтан келдім сұрап төресін,
Жақсы, мәнді қандай ақыл бересің?
5595. Енді маған мейірімді бауырсың,
Жөн-жолын айт, түсті басқа ауыр сын!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет