Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Сөзге тура қанықсың,
Дұрыс айттың, білімге оны жаныпсың.
5710. Онда жеке бауырым жүр мұң басқан,
Біздер үшін дұға қылып тынбастан.
Ол бізді ойлап, өз қайғысын ойламас,
Мейіріне оның ешкім бойламас.
Бізден артық кім жаман деп ұғасың? –
Күнә бізде – ол оқиды дұғасын!
470
Мейірімін төгіп, өріп таспадай,
Жүр патшаны ауызынан тастамай!
Одан артық кім мейірім төгеді,
Ойлап бізді, мұң-қасірет шегеді.
5715. Бізден артық кім жаман іс істейді, –
Өтті-ау күндер, енді қолға түспейді.
Арман-тілек шаттығына жан иіп,
Өтті уақыт біз жатқанда шәниіп.
Тән өледі – оны жейді жылан, құрт,
Жан шығарда өкінеді жылап жұрт.
Айтқан екен парасаттың иесі,
Қоссаң іске пайдасы бар тиесі:
«Тән семірсе – жылан, құрттың жемі де,
Сен – қонақсың, бос қуанған еміне.
5720. Өтер өмір көрген түстей, жоқ болар,
Куәсі оның – өткен күнің, себі не!»
Айтты патша: «Данам сөзін ұштаған,
Ерге ләзім өзін қалай ұстаған?
Сенен басқа жан жоқ мені сүйетін,
Сенем саған, нандым – дұрыс ниетің.
Мен үйдемін, таңым жайбар атады,
Істің бәрі сыртта жүріп жатады.
Көр де есті: сен – құлағым, көзімсің,
Жөнсіз іске шара қолдан, өзімсің!
5725. Болса керек менен жәрдем, мерейім, –
Сен маған айт, іске көмек берейін.
471
Ырылдасқан құл-құтанға жазаны,
Өзің бер де, ала берме мазаны.
Елден залым аулақ жүрсе – жарасад,
Надан құрып, жасай берсін парасат.
Халық байып, ел жетілсін ылайым,
Осы сөзбен шүкіршілік қылайын!»
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш жауап беріп: «Ей, бегім,
Бір Жасаған берсін саған көмегін!
5730. Тілегім де, керегім де бұ болды,
Тәңір ашсын маған ұшбу бұ жолды.
Ел билесін патшам тыныш пенде боп,
Бас қатырар бар қиындық менде боп.
Мен болайын сенің енді құрбаның,
Ұлы көсем! Тыныш болсын бір жаның!
Енді, міне, бір тілекке төтеп бер,
Күле қарап, сол тілекті өтеп бер.
Бек біреуді жақын тартса, ар жағын,
Ел білмейді, өсек етер бар-жоғын.
5735. Сен қаншама «мені сүйед» десек те,
Түнерерсің бір күн сеніп өсекке.
Сен тыңдап ал, алып жүрек ер жігіт,
Ақыл-оймен біліп сайлап, берді үгіт:
«Көңіл жидіп тең болады етпенен,
Етті сақтай білу керек еппенен.
472
Өтірікті тыңдамайды ер адам,
Ол шыдамас өсек жүрсе арадан.
Бек те бірақ өскен ақыл, санасы,
Зиян шегер, бір өсекші жанаса.
5740. Тән мен көңіл – құл менен бек тәрізді,
Бірде суып, бірде ыситын әр ізді.
Адам өзі төрт нәрседен тұрады*:
Бірі мәз қып, бірі шарқ ұрады.
Бірі – жайлап, бірі – асығып қоймайды,
Бірі күліп, бірі – салар «ойбай»-ды.
Шаттық күтсең – уайым кеп бүлдірер,
Қайғы күтсең – шаттық келіп күлдірер».
Ей бақтияр, мен былай деп күйттеймін:
«Өсек айтқан адам, сірә, ит» деймін.
5745. Өсек жүрсе – түңілерсің, ес кетер,
Жүзің ауып, бар еңбегім еш кетер.
Кейбіреулер шөп сап жүрсе көзіме,
Бір тілегім: айтшы менің өзіме!
Аян сөзді аяғына жеткізіп,
Байқа түгел бәрін қолдан өткізіп.
Өсек айтса – тыңда түгел, жалықпа,
Шын ба, жоқ па, тура сұрап, анықта.
Бұрын біреу сөз айтыпты мұндай бір:
Бәрін бірдей алмасаң да, тыңдай біл!
5750. Ей, ізгі жан, жақсы сөз бар – бас ұрып,
Тыңдайтұғын бәрін іске асырып:
473
Тыңда, сөздің қалдырма түк қаспағын,
Керегін ал, керексізін тастағын!
Шындық сөзді жалған сөзден тазала,
Шын болса – ал, жалған болса – жазала!
Өсекшілер бұзар мынау Жалғанды,
Жақта аузына, сірә, шын сөз алғанды!
Достарыңызбен бөлісу: |