Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Әділдік іске – әділдік, адамгершілік іске



Pdf көрінісі
бет100/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Әділдік іске – әділдік, адамгершілік іске 
адамгершілік қылу [жайында] айтады, валлам*
«Бұл бір ақыл, тағы бірін тыңдасаң, 
Айтам – ұғып, зерделеуден тынбасаң.
Андай алмай, ұмыттың ба – сезбедің,
Бұл істі істеп қандай пайда көздедің?
Адал ердің, ей, ғазиз жан, білесің,
Көп айтылған мақтау сөз ғой үлесі.
5640. Заң, тәртіпті мойындаса ел, кісі,
Ол – адамның кісілік қой белгісі.
«Жақсылыққа – жақсылық» деп айтады,
Бір жақсылық он есе боп қайтады.
Таза болса атасынан негізгі,
Пайда келер елге содан тек ізгі.
Ұрлап әйел құйдырса нәр беліне,
Ұл туады одан жұт боп еліне.
Сен патшаның Байқа істерін, тиімін,
Көрдің сыйын, дәм-тұз, берген киімін.
5645. Ақыл, білім сен үйрендің – жебеді,
Ашылды есік патша болып себебі.
Бұ жақсылық ұмыттың ба сауабын? –
Ей, ақкөңіл, қайтар соның жауабын.
Ей, туысқан, айттым ірі, саралап,
Болма қапа жүрегіңді жаралап.
Шын сөз – ащы, ірі айтылып жанды жер,
Ұға білсең – пайдасы бар «дәмді» дер.


465
Ірі сөзге ашуланба, алай да,
Бұ тура сөз ірі болар қалай да.
5650. Меңзеп бұған айтатұғын дер кезім
Келді тыңда, кермиығым, кербезім:
Ірі келер шын сөз, сірә, пайымда,
Қуанарсың көріп пайда дәйім да.
Шын сөз – ащы, жанға қатты батады, 
Басқа жол жоқ айтсақ шын сөз жайында!»
Сен жас бала ең әкең марқұм өлерде, 
Ашылмаған бетің білім, өнерде.
Патша сені жеткізді алып жанына, 
Содан енді қосылдың жұрт санына.
5655. Құлдар, күңдер, жер-су, малдың несібін,
Берді патша ашып байлық есігін.
Жетті қолың бар байлық пен дәулетке,
Атын шығып кетті ел-жұрт, әулетке.
Жараса ма енді өскенде таудай боп, 
Жүз үйірсең со патшаға жаудай боп.
Пайдаң тиер кезде қашып шеттесең,
Оның көңлі жүдер опа етпесең.
Бар жақсылық қылды салып бар ынта,
Қайтаруың керек енді қарымта.
5660. Көрген кісі сені мақтар ырза боп,
Ел ішіне атың шығар «мырза» боп.
Не дер – тыңда, «жақсы» атанған ол кісі
Кісілік қой нағыз адам белгісі:


466
«Қыл кісілік, кең болғаның қолайлы,
Кісіліктің жолы, сірә, солай-ды.
Кісі бол да, кісілік қыл халыққа,
Кісі» деген атақ ап ал, жалықпа!»
Патша қылды жақсылығын мындаған,
Қайтарымын әзір ету – сын саған.
5665. Қайтарым іс жасайды ердің сарасы,
Жақсылардың ол – танымал парасы.
Сен қаршадай надан едің – еледі,
Демеп сені, қолдап, құтқа бөледі.
Жан-тәніңді оған енді құрбан қыл,
Күні-түні бір мызғымай тырбаң қыл.
«Жақсылыққа жақсылық қыл!» – айтарым,
Бір Жасаған жасар саған қайтарым.
Депті біреу кісілікті шыңдаған,
Ей, жарқыным, жөн-ау соны тыңдаған:
5670. «Асын жесең – ісін істе қасында,
Болар адал сонда жеген асың да.
Нан мен тұздың хақын білген адамдар
Ас бергенге құрбан етер басын да!»
Бар тілекке жеттің кұрып базарды,
Енді, бұ күн аудар соған назарды.
Сен орандың үлде менен бүлдеге,
Күндеушілер қызығады – бұл неге!
Патшаға сен жақсы ат әпер, ал бірақ,
Дұшпан күйсін, жат иығы салбырап.


467
5675. Түмен арман, байлыққа жан тойынды,
Бұқадай боп күдірейттің мойынды.
Жұмса күшті патша ісіне бүрсеңдеп,
Жұрт оқысын бар дұғасын «бір сен» – деп.
Бай да болдың – бар дәулеттің қорғаны,
Арғымақ ат, міндің тұлпар, жорғаны.
Бәрін жұмса ойлап патша пайдасын, –
Бар тілегі болсын, жүзі жайнасын.
Жаны тынып, патша мінсін тағына,
Жер боп жауы, шексін азап тағы да!
5680. Қол ұзартып, үстем қылды сөзіңді,
Қас пен досқа ашты сенің көзіңді.
Ей, ізгі дос, оқып дұға тынбағын, 
Жасап ұзақ, аса берсін тым бағың!
Кісі асылы жақсылық қып о тағы, 
Мәңгі-бақи сақталады атағы.
Арабша бір сөз бар жанды жанитын, 
Кісі асылын жазбай біліп танитын:
«Кісі қандай – қылығы да сондай-ды
«Болмыс» деген со қылықты сомдайды. 
5685. Болмысы оңса, қылығы да жөн болар, 
Ол оңбаса, қылығы да оңбайды».
Патша кенет бөтен қылық көрсетсе, 
Айтып ақыл, түзеп отыр, ерсі етсе.
Бар жақсылық іске патша бас болды, 
Сен шет қалма, бос қусырып қос қолды.


468
Сеніп өзің келгеннен соң тілге енді, 
Түгел айтып бердім өзім білгенді.
Сен білгенді, мен айтқанды ойға асар, 
Көр, салыстыр – іс орнына жайғасар!»
5690. Айтты Өгдүлміш мәз боп еріп жүрегі: 
«Осы дұрыс, кісіліктің тірегі!
Өте жақсы айттың сөзді иінді
Шешіп бердің шиеленген түйінді.
Бұ сөз мәні қараңғы еді, перделі, 
Ашып айттың ұғатын қып зерделі.
Енді бітсін арыз, арман, тілегім, 
Бір Жаратқан болсын арқа – тірегім.
Сақтап Ием түзу етсін құлықты,
Тура жолға бағыштасын қылықты.
5695. Сен дұғаңда мені ұмытпай жүргейсің.
Сүйтіп жар бер – мен сенетін дүрдейсің!’’
Түрегеліп, сонда сөзін кесіпті,
«Қош!» – деп, атқа іздеп қонды нәсіпті.
Түсті келіп, кірді үйіне, керілді,
Ас-су ішіп, демін алды, серілді.
Аспан төніп, күн қабағын түйінді,
Тұл әйелдей қара киім киінді.
Күн өрілген қара шашын жаяды,
Бар әлемді сусар түске бояды.
5700. Салып төсек, тыныш тауып, жатты бір,
Тәтті ұйқымен рахатқа батты бір.


469
Ол оянды, көтеріп ап басты бір,
Аспан қыздың күлкісіндей шашты нұр.
Күн де шықты, түзеп әлем санатын,
Жазғандай боп сұлу аққу қанатын.
Тез Өгдүлміш тұрып кетті, тан да атты,
Ол жуынып, намаз оқып, дәм татты.
Атқа мініп, Сарайға кеп, түсті де,
Кірді тура патшасының үстіне.
5705. Одғұрмышты сұрап патша саумалап,
Айтты: «Тыныш, көңілі хош, сау ма? – деп.
Оқып дұға, еске мені ала ма?
Дұға Алладан, сақтар, кетпес далаға.
Дұға үйретер жақсылық пен ізгіні,
Онда – мәңгі жұмақтың да тізгіні.
«Дұға» деген – бір ізгілік іс еді,
Онсыз аспан жер астына түседі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет