237
«Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының
бірі
–
өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата
-
ана өзінің
баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан
болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған
батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің,
жез таңдай, күміс көмей әнші
-
жыршылардың атын қоюға
тырысады. Балаға ат қойған кезде кез келген адамға емес, тағы да
сол ырым қылып көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы,
аузы дуалы кісілерге баласының атын қойғызуды мәртебе
санаған» [2; 8].
Осы дәстүрдің ізімен Бәтима бәйбіше де жолдан келген
ақсақалға немересінің атын қоюды тапсырып, нәрестенің есімін
Жақсылық деп қояды.
Жақсылық кішкентайынан елгезек, үй шаруасының
барлығында әжесі мен анасының қолғабысы, мейірімді, сонымен
қатар, жүрек жұтқан батыл, өжет болып өсті. Оған дәлел мына бір
оқиға. Бала Жақсылық тұратын ауылдағы Талас өзені оның
шымыр болып өсуіне көп септігін тигізді. Таңның атысы көзін
тырналап ашып, Талас өзеніне қарай жүгіретін баланың басты
себебі, қайтпас қайсар мінезімен, ауылдағы жүзгіш Жолдастан
озып, чемпион болу еді. Талас өзені сырын білмеген талай
адамды жұтып алатын тажалдығы да бар еді. Күндердің бір күні
осы Талас өзенінде қойын шомылдырып жатқан шопанның әйелі
аяғын тайдырып, өзенге құлап, ағыспен кете барады. Осы орайда
Жақсылық бір сәт те ойланбастан, суға секіре кетіп, әйелді
құтқарып қалады. Тек әкесінің ғана емес бүкіл елдің атын күллі
әлемге
танытатын сәт, осы ерлігінен бастау алған еді. Бала
Жақсылықтың мұндай қайсар мінезді болып өсуіне ата
-
анадан
бөлек, әжесінің тәрбиесі де тікелей әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: