«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет120/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   152
 
ҚАШАҒАН
 
АҚЫН «ТОПАН» ДАСТАНЫ
 
 
Ноғайбекқызы Ләйлә 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. С.Д. Дәрібаев 
Алматы қаласы 
Аңдатпа. 
Бұл мақалада Қашаған Күржіманұлының 
өмірбаяны
мен шығармашылық жолына шолу жасалып, ақынның 
«Топан» атты дастанының мазмұны жан
-
жақты талданады. 
Аталған еңбек Каспий теңізі тасып, Атырау аймағын топан су 
басқан кезде жазылған. Бұл оқиғаны көзімен көрген Қашаған 
ақын сол кезеңдегі халықтың қасіретін толғана жырлайды. 
Шығарманың басты идеясы айқын сипатталып, ақынның айтпақ 
ойы дастанның мазмұнына тоқталу барысында нақты көрсетілді. 
Сонымен қатар, мақалада ақынның адамгершілік пен ізгілікті 
дәріптеп, ақиқатты ашып айтатын дара қасиеті туралы пікірлер 
де берілді. «Топан» дастанында көтерілген менмендік, 
тәкаппарлық, надандық тақырыбынан ақынның сыншылдық
қыры
танылды.
Кіріспе
. Қашаған Күржіманұлы ХІХ ғасырдың екінші 
жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ақпа ақын. Ол 
– 
өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған өнегелі 
мектепті ілгері дамытқан тұлға. Ақын Нұрым, Қалнияз, Шернияз 
бен Марабай арқылы ел арасына тараған көлемді жырлар мен
дастандарды жаттап, дамыта жырлаған. Ақынның жырлары 
Қазақстаннан
бөлек, Орта Азия елдеріне, Иран, Ауғанстан, 
Түркиядағы қазақтар арасына кеңінен тараған. 
Қашаған
Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның 
Ташховуз облысы, Мырзабасы ауылында жалшының отбасында 
дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған ақын жоқшылықтың 
тауқыметін тартқан. 15
-
16 жасында ағасы Сәрсенбайдың үйімен 
бірге Атырауға көшіп келеді. Ол 16
-
17 жасынан бастап «ақын» 
атана бастайды. Қашаған арнайы білім алмаған, ол өмір сүрген 


245 
кезеңге тән діни
оқуды да оқымаған. «Алайда Қашаған 
Күржіманұлының Есқали сопымен кездесу барысында айтқан 
сөздері кітап ұстап, діни сауаты біршама адамның аузынан 
шыққаны көрініп тұр» деген сөз арқылы ақынның діни сауаты 
болмаса да, мұсылмандықты жүрегіне сіңірген адам екенін 
аңғарамыз». (А.К. Ахметова, 2011) Арнайы білім алмаса да, қара 
сөзден әдемі өлең құрастырып, мазмұнынын үйлестіре білу үлкен 
өнерді
қажет етеді. Тума таланттың бізге белгілі шығармалары 
ақын өмір сүрген кезеңнің тарихи белгісіне айналған десек, артық
айтқанымыз емес.
Қашағанның
ақындық, жыршылық өнерін Өскінбай мен 
Аралбай, Ығылман мен Нұрпейіс, Мұрын мен Өмір 
(Көкшебайұлы), Сүгір (Бегендікұлы) мен Сәттіғұл, Шәдіман мен 
Шәмғұл, Көшен мен Құмар сияқты талантты тұлғалар өнеге 
тұтқан.
Ақынның шығармалары алғаш рет 1935 жылы «Әдебиет 
майданы» журналының №5 санында жарияланды. Қашаған өз 
өлеңдерінде
надандар мен дүмше молдаларды аяусыз сынап, 
олардың теріс пиғылын әшкереледі. «Есқали сұпыға айтқаны», 
«Оразалыға» және т.б. шығармаларында ақын адамгершілік,
ізгілік қасиеттерді дәріптейді. «Берекет ақынға», «Сақыпқа 
айтқаны» атты өлеңдерінде елдік пен ерлік туралы батыл айтып, 
бұқараның басты мақсаты туралы сөз етеді. «Атамекен», 
«Топан», «Адайтегі», «Әзіреті Ғали» дастандарында тарих пен 
өткен
күннің шежіресі туралы айтылады. Бұл мақалада ақынның 
Атырау аймағын үлкен қасіретке ұшыратқан апат жайында 
баяндалатын «Топан» дастаны жан
-
жақты талқыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет