«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет14/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   152
Кіріспе

Көркем шығарманы терең түсіну білімгерлерде 
теориялық және әдеби ұғымдардың
қалыптасуымен тығыз 
байланысты. Көркем шығарманы талдау үдерісінде көбіне сюжет 
пен образдық талдаулармен шектелу, проблемалық сұрақтардың 
көбі жауапсыз, ал әңгіме формасы шығарманың эпизодтарын 
қайталау
түрінде болып жүргені жасырын емес. Әрине жоғары 
сыныптарда шығарманың толық оқып игерілмеуі әдеби 
талдаулардың да үстірт болуына әкеледі. Көркем шығарманы 
талдау мен түсінуде автор қолданатын әмбебап көркем құралдар 
көркем деталь 
мен
 
мотивтер
екені анық. Мотив, көркемдік 
түрдің басқа компоненттеріне қарағанда, автордың ой
-
сезімімен 
сәйкес келеді. Ал көркем деталь көркем бейне жасаудың өнімді 
тәсілі деуге болады. Шығарма кейіпкерінің басынан 
кешкендерін, оқиға ерекшеліктерін, кейіпкер келбетінің назар 
аударарлық тұстарын айшықтайды. 
Жоғары сыныптарда оқылатын әдеби мәтіндердің көбі 
көлемді шығармалар. Бір шығарманы (роман, повест, поэма, 
пьеса) оқып игеруге бірнеше сағат беріледі. «Әдеби шығарманы 
түсіну» мақсатын қамтитын сабақтарда шығарманың оқиға 
желісіне, көркем образдардың жасалуындағы автор мақсатын 
айқындап тұратын детальдарға қатысты деректерді айқындау, 
әдетте
оқушылардың алғашқы қабылдау үдерісіндегі аңғарған 


39 
бірліктерді, белгілерді, бөліктерді есепке алу арқылы жүзеге 
асырылады.Бұл елеусіз көрінуі мүмкін детальдарарқылы 
оқырманға оқиға жағдаятын (атмосферасын) сезінуге 
көмектеседі. Ол автордың ой
-
пайымы мен эмоциясын әр 
қырынан
жеткізе отырып, оқырманға қаламгер үшін аса маңызды 
саналатын түйіндерді жеткізуге ықпал етеді. Осылайша, көркем 
деталь менмотив құрылымына назар аудару көркем мәтіннің 
мазмұнын тереңірек және қызықтырақ қарастыруға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет