«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет17/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152
сергек қатал 
күзетшісі
» ретіндегі рөлін байқатады. Осылайша бір ғана деталь 
романның тақырыптық, идеялық мәнін талдауға ықпал ете алады. 
Әрине, шығармадағы детальдың барлығы терең талдауға апара 
бермесе де, шығарманың ауқымды алаңына шығаратын «титтей 
торын» дөп басып таба білу, ойды өрбіте білу 
– 
детальдық
талдаудың ең басты шарты. Детальдық талдауға оқушылардың 
шығарманы жете меңгеруі, өз ойын дәйектей алу қабілеттері, 
шығарманы тұтас және жан
-
жақты сараптай алу қабілеттері де 
үлкен
рөл атқарады [4].
Көркем детальдарды 10 сыныптағы мәтіндердің (Жүсіпбек 
Аймауытов «Ақбілек» романы, М. Мағауин «Шақан 

шері» 
романы, Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы, Ш. 
Мұртаза «Ай мен Айша» романы т.б.) қайсын болсын түсініп 
баяндауда тірек етуге болады [10]. 
Тапсырмалардың мазмұны:
1.
Кейіпкердің психологиялық жағдайына баса назар 
аударыңыз.
2.
Кейіпкердің іс
-
әрекетін сипаттаңыз, оның көңіл күйін 
білдіретін детальдарға көңіл бөліңіз.
3.
Оқырманға авторға қажетті әсер, көңіл
-
күй, сезімін 
беретін қолданыстарды нысанға ала отырып баяндаңыз.


44 
4.
Дәуірдің сипатына баса назар аударыңыз, уақыт рухын, 
әлеуметтік
ерекшеліктерін беретін тілдік құралдарға назар 
аударыңыз.
5.
Шығарманың бейнелеу құралдарына назар аудара 
отырып оқиға желісін, кейіпкердердің іс
-
әрекетін түсіндіріңіз т.б.
Жоғары сыныпта «
әдеби шығармадағы оқиғалар мотивін 
анықтау арқылы оқиға желісін баяндау»
мақсаты қойылған.10

сыныпта көркем деталдар баяндау барысында тірек нысандар 
ретінде қолданылса, 11 сыныптарда оқиғалар мотивіне мән бере 
отырып баяндау міндеті жүктеледі. 
Осы орайда неліктен мотивтерді тірек ете отырып баяндау
керектігіне тоқталып өтейік. Біріншіден мотивтер оқиғаның 
қозғаушысы
ретінде рөл атқарып, әдеби шығарма желісінде 
баяндаушыға негізгі тірек нысан ретінде қызмет етеді. 5
-
сыныптан бастап әдеби шығармадан қалыптасқан түсінігін 
жеткізу мақсатында оқушылар жеңілден
күрделіге ұстанымымен 
теориялық ұғымдарды сыналап сіңіре отырып 11
-
сыныпқа 
келгенде шығарманың мотивтік белгілерін де ажырата алуы 
керек. Мотивке әдебиеттанушылар тарапынан берілген 
тұжырымдар жіктемесі қалыптасқан. Бірер мысал:
«Мотив 
– 
қайталанып отыратын сөз, сөз тіркесі, оқиға, зат 
және идея.Көбінесе, мотив термині әдеби шығармаларда 
қайталанып
кездесіп отыратын оқиғаларды білдіру үшін 
қолданылады
[5]. 
«Мәтінде кез
-
келген құбылыс, кез
-
келген семантикалық белгі 
мотив бола алады 

оқиға, сипаттау, ландшафт элементі, кез 
келген зат,айтылған сөз, бояу, дыбыс және т. б. Мотивті 
анықтайтын белгі оның мәтіндегі өнімді қызметіне қатысты, яғни 
репродукциясы анықтайды» [6].
«Мотив сюжет құраушы негіз, композиция түзуде белсенді 
қызмет
атқарушы нысан. Мотив оқиға
барысымен, кейіпкер 
әрекеттерімен, сезім құбылыстарымен, салт нұсқаларымен тығыз 
байланысты. Мотив зат немесе дерексіз құбылысты білдіретін 
көбінесе архетиптік, мәдени танымға және авторлық семаға ие 
символикалық мәні бар жеке сөз болуы да мүмкін» [7]

Мәселен, С.Мұратбековтің «Отау үй» әңгімесіндегі[8] 
мотивтер: отбасында туындайтын ата
-
ана мен ұл
-
келін 


45 
арасындағы, 
кикілжің, 
ой
-
ниет 
қайшылықтары 
мен 
қарсылықтары, махаббат пен адалдық, үміт пен сезік. 
11-
сыныпта оқылатын шығармалардың қайсысын алсақ та 
оқушының мәтінді түсіну деңгейін айқындауда мотивтер тірек 
бола алады.
Әдеби
шығармаларда жиі қайталанатын мотивтерге мыналар 
жатады [9]:

махаббат пен адалдық мотиві;

сатқындық, опасыздық;

үміт
мотиві (жоғалған/табылған);

күрес пен қарсылық мотиві;

жалғыздық мотиві;

саяхат мотиві, алысқа сапарлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет