«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет31/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152
Кіріспе.
Автор еңбегінде
«Семетей», «Сейтек» жырларының 
шығу тарихын табуға ұмтылып патриархалдық
-
феодалдық 
дәуірлік кезеңді зерттейді. Олардың өзіндік сипатын айқындауға 
тырысып «Семетей», «Сейтек» жырларындағы
оқиғаларды сол 
кездермен салыстыра келіп бұл «эпостардың негізгі мазмұны ХІ
-
ХІV ғасырларда қалыптасып қалған деп болжауға болат» 

деген 
пікір айтады [1, 18] Бұл жырлардың шығу шартын 
В.М.Жирмунскийдің 
«Необходимость 
генеологического 
продолжения эпического сюжета, с точки зрения заказов 
народного творчества, становится особенно настоятельной при 
трагической гибли любимого народного героя. Оптимизм 
народного творчества, о котором так справедлива говоря 
А.М.Горький, не терпит неразрешенных трагических
диссонансов
» [2, 94] - 
деген пікірін ұстанып Манастан кейін оның 
балаларының халық қамқоршысы болып жырлауын халық 
қиялының
белгісі деп есептейді. Сондықтан «Манас» жырының 
жалғасы болған бұл эпикалық жырдың эволюциялық қалыптасу 
жолын автор генеологиялық
циклизация принципімен зерттеп
анықтамалар жүргізеді.
Автор пікірінше халық қиялы алдағы өмірге үміт артып, 
өткен
дәуірлердің рухы қолдап, ғасырлардан келе жатқан 
эстетикалық мұқтаждық 
– 
арманға ұласып «Манас» жырының 
жалғасын ойлап тапқан. Мұның өзіндік атқарып тұрған 
көркемдік жүгі бар. Сондықтан халық жыршылары Манас 
батырдың беделін түсірмес үшін оның тұқымын өзінен асырмаса 
кем түсірмеу жағын ойлап, Семетейді Манастан асқан батыр етіп 
суреттесе, Сейтекті оған айнымай тартқан ұл болды деп қуана 
жырлайды. Оларды Манасты қолдаған шілтендері, пірлері, ата
-
бабалардың рухтары қорғап өлгендер мен тірілердің арасындағы 
генетикалық байланыс сақталады.
Жырдағы генетикалық байланысты көрсететін тағы бір белгі 
ретінде ғалым бөлімдердің ортасындағы детальдарды 
қарастырған. Олар Манастың құрал
-
жарағы, киім
-
кешегі 
мәселелері. Бұл эпикалық жырдың композициялық тұтастығын 
қалыптастыратын
сюжеттік мотивтер. Мұндай ортақ мотивтер 
түркі халықтарының барлық эпикалық жырларында көрініс 


75 
берген. Жырдағы бұл оқиғалар байлық
-
мансап, билік қуу емес, 
атадан қалған мұраға ие болу мақсатында көрініп, оның қалай 
жасалғаны, табылғаны туралы қызғылықты жырлау мәнерінде 
беріледі. Осы ортақ белгіні ғалым дұрыс аңғарып, жырдың 
генетикалық байланысының негізгі құрылымы екенін 
дәлелдейді.
«Элдин көз карасы боюнча Манастын ишин улап, 
идеясын жетектеш үчүн кичи муунлагы каарман кандай да 
болбосун анын жоо кийимин кийип, куралын алышы керек. 
Ошондо гана анын батырдын турпаты Манастыкындай болот же 
ашып түшөт. 
Умурумдук душман колунда калган курал
-
жарак, тоо кийим 
чынысы мураскорго өтөөрүмекен мурдагыдай өткүрлүк сапатка 
ээ болот. Б.А. жаңы баатыр аренага келгенде бардык нәрсе 
жаңырат, жамарып кулпунат. Манастын Акшумкары Семетейге 
өзүнүн
балапанын чоқойтуп алып келип тартуулайт» [1, 30] 
– 
деген пікірінен эпикалық жырлардағы адам баласының 
жаратылысы табиғатпен тығыз байланыста суреттелетіні анық 
аңғарылған. Яғни эпостық жырлардағы эпикалық көркем фон 
мәселесі көтеріліп оның дәстүрлі стилистиканың құрылымын 
зерттеуге бағыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет