«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет85/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім. 
Мақал
-
мәтелдер 
– 
халық оқулығы, бабалар 
өсиеті. Олар жастарды тәрбиелейді, жамандықтан сақтандырады. 
Ең алдымен қарапайымдылыққа, ұйымшылдыққа мегзейді, 
еңбекке, ерлікке баулиды. Адалдықты, адамгершілікті мақтап
насихаттай отырып, оған қарама
-
қарсы арамдық, қараулық, 
өтірік
-
өсек, жалқаулық, ұрлық, екі жүзділік секілді жарамсыз 
мінез
-
құлықтар сыналады [1,22].
Мақал
-
мәтел 
– 
халықтың сан ғасырлық көрген
-
білгенінен, 
бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл
-
ойының 
жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталап 
тұратын уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан 
ауыз сөздің тобықтай түйіні деуге болады. 
Мақалда бала тәрбиесіне де үлкен мән берілген. «Баланы 
жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Қызды 
асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді», «Сіз» 
деген сыпайылық, «сен» деген «анайылық» деген мақал
-
мәтелдердің мәнісі жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. 
Жастарға өнер
-
білім, тіл үйретуде мақал
-
мәтелдің мәні аса зор. 
Білім
-
өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп
тыңдаған, көп 
оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алмақ.


174 
Мақал
-
мәтелдер қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды, 
адам мінезін, табиғат пен тіршілік сырын, оның қайшылығын 
таныта отырып, адамға терең ғибрат берген. Мақал осындай 
құбылыстарға берілген баға, ойдың тобықтай түйіні ғана емес
өзінше
бір ереже.
Ұл
мен қыз, жалпы мінезі қандай болуға тиіс дегенге де халық 
мақалы бұлжымас нұсқау береді. «Атаның баласы болма, 
адамның баласы бол», «Жақсы адам 
– 
ел ырысы», «Бір кісі мың 
кісіге олжа салар», «Ақ жүрген адам 
– 
азбас», «Тау тауға 
қосылмас, адам адамға қосылады», «Әдептілік 
– 
адамдық белгісі, 
тұрпайы мінез 
– 
надандықтың белгісі» деп келетін мақалдардың 
тәрбиелік
-
этикалық мән
-
мағынасы әлі күнге өз мәнін жойған 
емес [2,25].
Жоғарыдағы мысалдардан мақал
-
мәтелдердің барлығына 
ортақ тән қасиет 

өмір құбылыстарының мәнін, сыр
-
сипатын 
ашып, қорытынды жасауға бейімділігі. Мақал
-
мәтелдерді 
шығарушы, әрі таратушы 
– 
халық. Мақал
-
мәтелдер халықтың 
рухани бай өмірінен, ой
-
қиялынан, ақылынан туады. Халық 
– 
мақал
-
мәтелдерді өте жоғары бағалайды. Мәселен: «Сөздің көркі 
– 
мақал», «Мақал 
– 
сөздің атасы» деген мақал
-
мәтелдер 
сөзіміздің айғағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет