«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет8/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152
 
 
«ОҒЫЗНАМА» ЭПОСЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
 
(Б.С. Сарбасовтың ғылыми зерттеу еңбегі негізінде)
 
Ақыш Нұрдәулет 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының бас ғылыми қызметкері, 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Алматы қаласы 
 
Аңдатпа.
Қазақ халқының генеалогиялық шежірелері де 
тарихты тереңнен толғап, белгілі бір тектерді жіктеп, саралап 
береді. Көне шежірелердің көпшілігінде
-
ақ белгілі адамдардың 
ата тегі тізбеленіп, арғы дәуірлердің миф, аңыздары араласып, 
тарихи шындықтан ара жігін ажырату қиынға соғып жататыны да 
осыдан. Алайда, дәл осылай болуы табиғи заңдылық еді. Біз өмір 
сүріп отырған мезгілден шежіре жазылған уақыттың алшақтығы 
немесе шежіредегі оқиғаның одан да арғы кезеңдерді қамтуы 
әңгімелеп
отырған тарихи тұлғаларды көмескілендіріп, аңыздық 
сюжеттердің басымырақ орын алуына негіз болып отырған. 


24 
Бірақ, көне аңыздарда да белгілі бір дәрежеде тарихи шындықты 
сақтайды.
Кіріспе.
«Оғызнама» 
-
сюжетінің мифтік сипаты басым. Онда 
бертінде қазақ халқының негізін құраған Қият, Қыпшақ, Қаңлы, 
Қалаш
тәрізді рулардың ілкі аталарының фольклорлық 
образдары Оғыз қағанның ер жүрек Қиятбек, Қыпшақбек, 
Қаңғалық, Қағарлықбек сияқты батырлар ретінде бейнеленген. 
Алтай, Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың 
басын құраған ҮІ ғасырдағы ірі саяси бірлестіктердің бірі Түрік 
қағанаты
болғаны мәлім. Соның ізімен ІХ
-
ХІ ғасырларда Сыр 
бойында оғыз
-
қыпшақ саяси бірлестіктері, Жетісуда Қарахандар 
мемлекеті шаңырақ көтерген еді. Бұл бірлестіктер әдебиет пен 
мәдениеттің дамуына да зор ықпал жасағаны ғалымдардың
зерттеулерінде де кеңінен қарастырылған. Мысалы, 
Ә.Қоңыратбаев оғыздардың ірі
-
ірі сәулет өнерінің ескерткіштері, 
қалалық
мәдениеті, эпостық дастандары болғанына жан
-
жақты 
тоқталған [1, 276].
 
Оғыз, қыпшақ ұлысының қоғамдық құрылысын сөз етумен 
қатар
Ә.Қоңыратбаев бірлестікке енген түркі тайпаларының
құрамына
да анықтықтар енгізіп отырады. Мысалы, оғыз 
дәуірінде туған Әбілғазы шежіресінен («Шежіре
-
и тарахима») 
біз Түрік қағанаты дәуіріне тән «тегін», «күл» сөздерін 
кездестіреміз. Күлсары, Себұқ тегін, Қозы тегін, Ел тегін атаулар 
соның айғағы. Орхон жазбаларында ел, халық «бодан» деп 
аталса, мұндағы атауы 
– 
«оғыз елі»
.
 
Рашид ад
-
Дин деректеріне қарағанда түрік
-
монғол 
тайпаларының өзара араласуы ерте басталған көрінеді. Бірақ
С.П.Толстов атап өткен тайпаларды монғолдарға жатқызу даулы. 
М.Қашқари еңбегіне жүгінер болсақ, олардың барлығы дерлік 
оғыз тайпасы болып шығады
[2]. Дәл осы деректерді Рашид ад
-
Диннің «Жамиғат
-
тауарих» жылнамасынан да табамыз. Автор 
оң қанатқа жатқызған (боз оқ) алғашқы екі тайпаны (қай, баят)
Күн ханның төрт баласының тізімінен де көреміз. Олардың бірі 
– 
Қайы, екіншісі 
– 
Баят, Баяндүр болса, сол қағанаттан (үш оқ) 
шыққан Көк ханның үлкен ұлы еді.
 
Бұл үш тайпа (қай, баят, баяндүр) Әбілғазы жазбасында да 
Оғыз хан немерелерінің тізімінде жүр. Әрқайсысына тоқтала 
отырып, Әбілғазы олардың қандай семантикалық мағына 


25 
беретінін ашып көрсеткен. Мысалы, қайы (қай) 
– 
мықты, баят 
(байат) 
– 
бай, дәулетті, баяндүр (байындыр) 

өмір игіліктерін 
иемденуші [3,50
-53]. 
Оғыздың аты қашан, қалай шыққаны туралы бірыңғай 
тұжырым әлі жасалған жоқ. Көне түрікше окуз 

өзен деген сөз. 
Етіл (Еділ) 
– 
үлкен өзен деген мағынаны береді. С.П.Толстов 
Оғыз дегенді массагет тайпасындағы аугас (мағынасы 

өзендік, 
теңіз) руымен байланыстырады. Алайда, А.Н.Кононов тағы басқа 
ғалымдар
бұл пікірге қарсы келеді. Өйткені, тарихи деректер 
бұған қайшы келеді [4,14]. Махмұд Қашқари 
(ХІғ.) өзінің белгілі 
сөздігінде Рус, Рум, Түрік, Оғыз ру
-
тайпаларының аттары сол 
тайпаның алғашқы көсемдерінің аттарына байланысты туды 
деген пікір айтады. Қалай болғанда да тайпа атауы, кісі аты 
саналатын оғыз сөзінің мән
-
мағынасы әлі де болса, тереңірек 
зерттеуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет