12
АЛЫМДЫ ҒАЛЫМ
Жар болып,
бір өзіңе Жаратқаным,
Жаныңа жалқаулықты жолатпадың,
Қырықтың
қырқасынан қарғып өтіп,
Елуді еңсеруде Болатханым.
Дәрісте білгеніңді шын ұқтырып,
Шәкіртті шығарушы ең шынықтырып.
Орта ғасыр кезеңіне сапар шектің,
Көк бөріні мініп
алып, күлік қылып.
Көп құлап, ғылым жолға азы шыдар,
Елеулі еңбегіңді ел, қазы сынар,
Түркіні түптеп берген бір өзіңе,
Оғыз бен Қорқыт бабаң разы шығар.
Жан болсаң да, тағдырдан сынақ алған,
Төбеңнен сәуле төгіп тұрады арман.
Озбайтын ар, әдептен болмысың бар,
Тозбайтын және артынан мұра қалған.
Өлеңнің
әппақ таңы тойында атар,
Білімің көп мықтыны мойындатар.
Мағжанның маңғаздығы мінезіңде,
Сәкеннің сұлулығы бойында бар.
Ұлы
едің Көкжотаның бақ дарыған,
Өзіңмен
мен де бүгін мақтанамын.
Абайдың ақылымен алға басып,
Жамбылдың жасын берсін Хақ Тағалам!
Карбозов Ерхан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
29.09.2023 жыл
13
СЫЙ
Сый Құдіретті сыйластыққа байлаған!
Азамзатты ар
-
ожданы таң арман!
Сіз
-
бізіміз таусылмайтын уақытты,
Бағала жан, бағалаған сол аман!
Таң нұрының талмаурысы оянған!
Тілек досқа кімде болса жараған,
Сіздің жүрек мейірімге бөленіп,
Шәкірттердің әлеміне тараған!
Кейде бірі түсінуге тырысад!
Кейде бірі түйір сөзге ұрысад!
Жүректердің сезім кілтін білген соң,
Кей біреулер кеуде теуіп құрысад!
Ал сізбенен біздер қалам қарыған,
Ойдың түпсіз түбегіне тұналған!
Арамыздың ағы болған алашта,
Әдебиеттің бағын ту ғып қадаған!
Қағазымыз жазуына тоймаған!
Тың игеріп қопарамыз ғой арман!
Салт мінездің сауты бар Бөкең де!
Жұлдыз шықты бағы жанып жарандар!
Қараңдар!
Достарыңызбен бөлісу: