«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет130/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   152
Негізгі бөлім.
“Шын мәнінде, Шыңғысханның бейнесі, шын 
тарихи тұлғасы әлі ашылған жоқ. Сонымен қатар, Шыңғысханға 
қатысты
көптеген деректер бұрмаланады, нақты жеріне жетпей 
айтылады. Өйткені, қалай дегенмен, Шыңғысханның өзінің 
жұрты емес, жат жұрт жауласқан жұрт. Монғол ағайындарға бұл 
ретте риза болу керек. Олар совет заманында да, идеология 
заманында да Шыңғыс

ханнан ешқашан айырылған жоқ. Ол 
кезде ақтау үшін Шыңғысханның моңғолдың мемлекетін құрған 
әуелдегі
қызметі дұрыс болды, кейінгі кездегі жаулаушылығы 
теріс болды деп екіжақты етіп шығарды. Шыңғысханның 800 
жылдығын тойлады. Сол тойды ұйымдастырған, ескерткіш 
қойған
Монғолияның компартиясының екінші хатшысы 
қудаланып, ақыры азапталып өлтірілді. Бірақ, бәрібір айныған 
жоқ. Олар 
– 
біржақты. Шыңғысханды тек монғол деп қарайды. 
Бір сөзбен айтқанда, Шыңғысханға қатысты дерек

тердің бәрі 
жер астында жатқан жоқ. Халықаралық тілдерге аударылған 
оның ішінде орыс тіліне түгелдей дерлік аударылған”,

деп ой 
түйеді заңғар жазушы Мұхтар Мағауин. Қазіргі таңда атақты 
қолбасшы
туралы тек ол ғана емес, ХІІІ ғасырдағы бүкіл түрік 
қауымының, Орталық Азияның тарихын айқындайтын тарихи 
хикая жазған Мағауиннің еңбегі бірден еске оралады. Ал 
Шыңғыс ханның шығу тегі жайында көрнекті ғалым Тілеуберді 
Әбенайұлы
он томдық шығарды [3, 28].
Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» атты 
романы. Наймандардың күшейіп тұрған кезі 
– 
Шыңғыс ханның 
еңсесін енді көтеріп, жаңа хандықтың іргесін жаңа бекітіп жатқан 
сәтіне сәйкес келеді. Осы сәттен 
– 
Наймандардың әлсіреп, 
Шыңғыстың 
алдында 
тізе 
бүгуіне
дейінгі 
тайталас
шығар
маның арқауы болған. 
Романның көркемдігі 
туралы сөз қозғау артық. Жалпы, бұл романдағы Шыңғыс хан о 
баста Керей мен Найман деген екі күші басым хандықтың 
арасында күші аз болғанымен, айласы асқан адам ретінде 
суреттеледі. Найман мен керейдің арасындағы қақтығыстарды өз 
пайдасына шебер пайдаланып кете алған айлакер адам. Роман 
наймандар жақтан баяндалатындықтан Шыңғыс ханның образы 


264 
жағымды деуге келмейді. Көк бөрілердің көз жасы 
– 
наймандардың көз жасы.
Қай
оқиғаның тұсында екеніне шұқшиып жатпай
-
ақ, осы 
шығармадан Шыңғыс ханға берілер баға мен телінер бейнеге 
аздап тоқталып өтсек:
«Темүжін де айлалы.
Сол кеткеннен мол 
кетіп, қыс өтіп жаз шыққанға дейін ат ізін салмай жатып алды. 
Ондағысы Керей ақылына келсін, бір ауық оң солын байқап, 
өзінің
оқшау тұрғанын, дәл қазір сүйеніш болса, осы Моңғол 
болар деп, соған көзін әбден жеткізсін дегені еді».
Бұл жерден көретініміз Шыңғыс ханның Керейлерге қол 
ұшын
беріп, 
оларды 
өзіне 
борышкер 
қылып 
қойғандығы

Керейдің ханы Оң хан Темуджинге қатты сенеді
оның үстіне өкіл әкелігі тағы бар. Ал, Оң ханның ұлы Сангүн 
Темуджинді жек көреді. Жазушының суреттеуі бойынша 
Темуджин мен Сангүн әкенің алдында асыққа таласқан екі ұл 
сияқты. Ит пен мысықтай. Сангүн жаулығын жасырмағанымен, 
Темуджин сыртқа шығара қоймайды. Ертеңіне, болашағына 
сенер адамның ісі. Екі мемлекеттің арасындағы достық есепсіз 
болмайтындығы белгілі. Қай
-
қайсысы да өз пайдасын ойлайды. 
Сол сияқты Шыңғыс ханның Керейлерге жасаған жақсылығы да 
есепке құрылған, қарымтасы бар жақсылық. Мәселен:
«Темүжін, осы жолы да түскен олжаның бәрін Оң ханға 
сыйлады.
Оның бұл жомарттығының сырын түсінбеген кейбір 
кісілер беталды қоңқылдап: «Темүжін бар олжаны аузымыздан 
жырып Оң ханға беріп жатыр, өз ағасын ағалай алмаған, кісі 
ағасын жағалай алмайды, мұнысы
не?» 
– 
деп елді дүрліктірмек 
болды. Сонда Мұқали балуан: «Керейге кеткен еш кетпейді, 
ертең айналып келіп өз уысыңа түседі» 
– 
деді.[9, 85].Ақыры 
соның айтқаны келді». Бұл да рас.
 
Есебі мықтының екі асайтыны 
айдай ақиқат. Алысты көздеген, есебінен жаңылмаған Темуджин 
– 
Шыңғыс ханға айналды. Наймандарға жау Шыңғыс хан 
– 
өз 
елін бақытқа жеткізуді, теңдікте күн кешуді армандаған 
қайраткер

Шығармадағы мына бір Шыңғыстың сөзі:
« – 
Ежелден Алтайдың күн бетін көрмеген біз де ақымақ 
екенбіз.
 
Сөйтсек, аспан асты кең екен, алуан
-
алуан ел екен. Енді 
ат бауырын жазып, алыс
-
алысқа шеру тартатын, тамам Моңғол
-
керейдің аламанын артымнан ертіп, жау түсіріп, олжа салатын, 


265 
өзгелердің
қамбаларын сарқып, салтанат құратын кез жетті. 
Моңғол
-
керей жұрты ендігіде Бұрхан мен Қарақорым тауының 
тағысындай табанын жалап күн кешпейді...
Ол қыза сөйлеп осы араға келгенде жұмық көздері тереңнен 
жылтырап, өңіне ісік жүргендей күреңдеп, терісіне симай 
кетті.
 
Әлгі
жұмық көздер енді от боп жайнап, қыранның 
қаншегіріндей
талпынып, байыз таппады. Жасы отыз жетіге 
келген моңғол қағаны осы бетінде әлденеге алақызып
асығатындай. Алдына келген нояндар оның мына түрінен именіп, 
сөзден бөгеліп отырып қалды» [6, 34].
Оның алдағы мақсатына асығуы ғана емес, өзінің қарашысын 
имендіріп тұратын сұсты
жүзі көз алдыға келеді.
Ол әскерін тек 
имендіріп қана қоймай, олармен санасып отырған. Кей жағдайда 
сұраған қалауларын орындайтын болған. Оған бір мысал, 
Тұрсынхан Зәкенұлының осы романындағы әскерінің аң аулауға 
өтініш
айтып, Шыңғыс ханның келісім беріп,
біраз уақытын 
сейіл
-
серуенге бөлгендігі.
Сонымен қатар, Шыңғыс хан басынан не өтсе де уақытша деп 
білген шыдамды, төзімді, сабырлы адам.
Саят құрып жүргенде 
итін Сангүннің бүркіті жазым қылады. Сангүннің көздегені де 
осы болатын. Ханның итінің өлуі де мұндай сын сағаттарда 
жаулыққа ұласатын араздықтың тууына себеп болуы мүмкін 
жайт. Бірақ, болашық мақсат
-
мүдде жолында ақылды хан 
ондайға жібермейді, келіп тұрған ашуын тежей біледі [8, 18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет