40
беру мүмкіндігі бар сөздік құралдар. Әдеби мәтіндегі деталь
дасимвол сияқты автордың интенсиясын айқындауға,
кейіпкердің шынайы болмысын танытуға қызмет жасайды.
Деталь оқырманға көркем шығармадағы кейіпкер, уақыт, дәуір,
оқиғалар, тарихи мәнмәтін туралы қосымша ақпарат береді.
Детальдың символьдан ерекшелігі
-
символға жасырын мән
үстеліп
тұратын
болса, кейіпкердің бітім
-
болмысы жөнінен
деталь анық, ашық ақпарат бере алады. Сыртқы детальға
интерьер, пейзаж (оның ішінде сыртқы және қалалық пейзаж),
кейіпкердің портреті
–
оның сыртқы келбетін бейнелеудегі
кейбір маңызды, автордың мақсатты қолданыстары жатады.
Көркем детальдардың қызметінде кейіпкердің эмоционалды
күйін, психологиялық ахуалын білдіріп тұратын тұстары аз емес.
Мәселен,
«Жаңа ғана шоқтай өртеп, лапылдап бара жатқан
ыстық денесін мұз боп қармап жатқан қарсы желді де
аңғармады. Ойы ойран, көкірегі бұлқан-талқан, бірақ не ойлап,
не қойғаныңды біліп болмас соқыр ыза. Оттай ыстық маңдайын
жүйрік аттың жалын құшып, кері ыршыған жалбыр жел
жалап-жалап қалады. Бағана жұрт қоршап тұрғанда
тамағына тас түйнек боп тығылған ащы жас көзінен енді
ытқып шықты. Сол бойда бұның қарсы желге қасқая қарап келе
жатқан шалқақ басы сылқ құлап, атының жалын құшып,
солқылдап тұрып жыласын кеп. Кеудесіндегі бірін-бірі кимелеп
жатқан ыза, намыс, ықылық атқан өксігімен араласып лық-лық
ақтарылып сыртқа шыққандай көкірегі жеңілейіп, басын
көтерді. Сосын біраз уақыт қарсы алдынан қарғын судай
жапырыла қаптап келе жатқан қоңыр далаға состия қарап
отырады. Сәлден кейін жылай-жылай күп боп ісіп кеткен
басына манағы белдескені оралады да, ойына күні кеше ғана
аспан тірегендей асқақтатып, алшаң бастырып жүрген
жігіттік намысы кез келген бұтаның басында қап қоятын
Достарыңызбен бөлісу: