«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»


қотыр тоқтының жалба-жұлба балақ жүніндей



Pdf көрінісі
бет16/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

қотыр тоқтының жалба-жұлба балақ жүніндей Қыземшек 
төбенің басындағы кеуделерін төмпештеп, кеңірдектері 
қызарған әумесер топтың аяғының астында тапталып қалып 
қойғаны түсіп, бір сәт бей-жай тартқан жұлын-жүйкесінің 
бөрі қайта ширығып, өксігін баса алмай ұзақ жылайды» 
(Ә.Кекілбаев «Бәсеке» повесінен үзінді) 
[1]. Бұл үзіндідегі 
жел
мен 
ыза, намыс
сөздерінің кейіпкер ахуалын берудегі қызметін 


41 
елеусіз қалдыруға болмайды. Себебі автор осы сөздерді қайталау 
арқылы кейіпкердің шарасыз күйін, ызаға булыққан қалпын, сол 
арқылы намысының аяқасты болуынэкспрессивті психологиялық 
деталь арқылы береді: 
«намысы кез келген бұтаның басында қап 
қоятын қотыр тоқтының жалба-жұлба балақ жүніндей»
деп 
образ жасайды. Образды талдау барысында шығарманың бұл 
нысандары талдауға ілікпейді. Себебі автор аталған шығарма 
үзігін
образ жасауға емес, оқиғаның жай
-
жапсырын жеткізу 
мақсатында қолданған. Оқушыларға оқиға желісін баяндау 
кезінде осындай көркем бөліктерге мән бергізу арқылы жеткізуді 
талап қылған орынды.
...«Бүгін кешке қызының жасауын тағы бір көріп шықпақ. 
Оны үстіне үй тігіп, бөлек көш қылып жөнелтпек. Қызға 
берілетін дүние, мал әлдеқашан іріктелген. Енді соны ақырғы 
рет қапысыз қарап алмақ. Болғалы тұрған тойдың ең үлкен 
қызығы, той тарқатар салтанаты – қызының көші. Әр түйенің 
омырау құйысқанына асыл алқа, күміс жүзік, моншақ тағылады, 
бұйдасы жібектен есіледі. Шаңырақ артқан түйеден басқаның 
бәріне бір - бір қалы кілем жабылмақ. Сондай сылдыраған - 
сыңғыраған сәнді көшті тарта жөнелгенде қыздың жаңғыз 
жеңгесі Жазыл жетектейді. Келіні басына үкілі сәукеле киіп, 
астына ақ шақан жорға мініп, күлтелі көшті жөнелгенде 
қыздың қасына еріп баратын қалың нөкер қапталдан жүре 
сыңсып жөнеле береді. Көшен ақын бөтен ауыл, жат босағаға 
аттанып бара жатқан қалыңдық пен артында жылап қалған 
ата - анасына термелеп басу айтады, сол арада Балпан 
ауылының адамдары ақын жігіттің қанжығасына екі өркеші 
баладай буаз ақ інгенді бұйдасынан байлайды. Ақын табан 
астында Балпанның осынша жомарттығына, көл - көсір 
тойына мақтап өлең шығарады. Ол тойға жиналғандардың 
бәрініңде құлағында қалады. Сосын Көшен ақын қыз барған 
ауылдағы тойға бәйгеге түсетін жүйрік аттар мен ортаға 
шығатын әнші - күйші, палуандарды бастап бір шоғыр боп бөлек 
аттанады.(Ә.Кекілбаев «Бәсеке» повесінен үзінді) 
[1].
 
Ал мына үзіндідегі заттық детальдардың барлығы 
жинақталып келіп көш образын құрайды. Көштін өзі образдан 
көрі символдық нысанға айналған. Яғни қыз көші байлықтың 
салтанаты мен көрінісі ғана емес, алқалы топты жинап бай, 


42 
бағландарды көзқыздымен бәсекеге түсіріп жатқан Балпанның 
мақтанының да символы. Көптің көзқұрты болған байдың 
қызының
отауы, балпаңның байлығының атрибуты.
«Сол екі ортада әлдекім шаужайына оратыла кетті. 
Сөйтсе, малмен бірге өріп, бірге түнеп жүретін Сапақ деген 
сасық байдың Есен деген есірік баласы екен. Бір құлағы шұнақ, 
бір көзі әпірейіп аспандап біткен. Малдан басқа қара көрмей 
әбден милау боп кеткен неме пәлендей бәсеке болып жатыр 
деген соң, алды-артына қарамай, далақтап шаба жөнелген ғой. 
Жасы қырыққа таяп қалса да, әлі үйленбеген».(Ә.Кекілбаев 
«Бәсеке» повесінен үзінді) 
[1]. Автордың әумесер Есеннің 
әрекетін
берудегі қолданысы алдағы болар оқиғаның алғашқы 
хабаршысы ретіндегі деталь деп қарастырсақ болады.
«Көркем деталь арқылы талдау қаламгердің өзекті ойын 
айқындау, ұстанымын тану әр текті шығармалармен жүзеге 
асырылады. 
Көркем 
шығарманы 
талдауда 
детальдің 
маңыздылығына ерекше тоқталған әдіскер Е.Н.Ильин: 
«Достоевскийдің Раскольникові болса кемпірді өлтіргеннен 
кейін түк қалдырмай: балтаны да, қолының да, пальтоның да 
қанын
жуды... Әйтсе де оның бойында қан қалып қойды. 
Суреткер кемеңгерлігі қайда қалдыруды біледі 
– 
қан етіктің 
тесігінен шығып тұрған кір шұлыққа тамды... Құдай
-
ау! Соншама 
«түкке тұрмайтын нәрсемен» қаншама жайт айтылып тұр» [2]. 
Осы аталған заттық ұғымдар 
– 
деталь. Бірақ ол сол шығарманың 
барлық 
әлеуметтік, 
психологиялық, 
философиялық, 
адамгершілік мәселелерін көтеруге таптырмайтын түрткі. 
Е.Н.Ильин. «Бәлкім «деталь» дегеніміз жалын лаулайтын ұшқын 
шығар. Ірі, ұлы атаулының қайнарлары кіші нәрселерден 
басталатындығына өнер талай рет дәлел болды. Дүние кішкентай 
түйіршіктерден тұрады. Бір ғажабы, шынайы өнер өз 
табиғатында мылқау келеді. Міне, осы сөзге сараң «мылқау» 
құралдарды
ол әдебиет сабағына детальға
зер салу арқылы тарту 
етеді. Тексттің титтей торынан тұтас қалпына дейін талдаудың 
өзіндік
әдісіне итермелейді. Сонда деталь тексттің үлкенді
-
кішілі 
құрылымдарын
талдаудың конструкциялық элементтеріне, 
кітапқа қарай тартымды бір қадамға айналады» деп жазады [2]. 
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбайға 
берілетін портретке зер салып көрейік:
 
«Әкесінің ат жақты 


43 
келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз 
жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-
ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір 
өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі 
жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай сақшыдай 
бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя 
беріп, салғырттығы жоқ сергек қатал күзетші» 
[3]. Осы 
портреттік тәсілде ерекшеленетін детальдар: 
бір өңірдей бас, сол 
бастағы жалғыз көз.
Кейіпкердің образын беруде портреттің 
өзіндік
қызметі бары белгілі. Дегенмен, бұл деталь бір ғана 
образды беруден өзге көп жайлардан хабар білдіреді. Біріншіден

Құнанбайдың
жеке бас ерекшелігі ретінде тануға болады
кейіпкердің болмыс, бітіміндегі ерекшелік; екіншіден 
кейіпкердің ішкі болмысынан хабар береді, үшіншіден, сол 
қоғамдағы
қызметін, феодалдық топтың «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет