«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет27/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152
 
 
 
 
 
 


64 
ӘДЕБИЕТТАНУ, ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
ӨЗЕКТІ
 
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ
 
ТИІМДІ ОҚЫТУ 
– 
ЗАМАН ТАЛАБЫ
 
 
Сарбасов Болатхан Серғазыұлы 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессор м.а., ф.ғ.к. 
Алматы қаласы 
 
Аңдатпа.
Қазіргі
кезде білім беру бағдарламасының күтілетін 
нәтижелері білім алу үдерісінің бір бөлігі ретінде қалай оқу 
керектігін білетін, тәуелсіз, дербес, өзін
-
өзі ынталандыратын, 
бастамашыл, өзіне міндет ала білетін және жауапкершілікті 
түсініп мойындайтын, сын тұрғысынан ойлана алатын, сондай
-
ақ 
тілдік айырмашылықтарға қарамастан тілдесе алатын білім 
алушыларды қалыптастыру. 
Бүгінгі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесін жетілдіру 
арқылы әрбір азаматты потенциалы жоғары, эрудициясы кең 
тұлға ретінде танылуында деңгейлік оқыту бағдарламасының 
маңыздылығы орасан зор. Жаңа бағдарлама білім алушыларға 
оқытудың жеті модулін пайдалану арқылы оқыту мен оқудағы 
қазіргі
заманауи әдіс
-
тәсілдерін қолдануға, бағалауға, өзін
-
өзі 
реттеуге, өздерінің арасындағы және оқытушы
мен оқушы 
арасындағы ынтымақтастықты орнатуға үйретеді, сын 
тұрғысынан ойлау қабілеттерінің жетілуіне, талантты
-
дарынды 
балалардың қалыптасуына, оқу үрдісі кезінде және келешекте 
көшбасшылық қасиеттерінің артуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда еліміздің білім
беру жүйесіндегі болып жатқан 
үлкен
өзгерістер еліміздің болашағына, оны жүзеге асыруда 
талмай еңбек ететін болсақ, оның бізге толағай табыстар 
әкелетініне
сенімдімін. Жаңа, тез өзгермелі өмір жағдайында 
өзгермелі
педагогикалық парадигма білімді де білікті, тың 
серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне 
алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп 
отырғанына көзіміз жетті.


65 
Президентіміздің жолдауында айтылғандай дамыған 30 
мемлекеттің 
қатарына 
қосылу 
үшін 
– 
Қазақстан 
Республикасының білім беру жүйесін дамыту басты мақсат. Бұл 
мақсатты жүзеге асыру үшін еліміздің дамуына өзіндік үлес қоса 
алатын, жаңашыл идеямен қаруланған білікті де білімді 
азаматтарды тәрбиелеу міндеті ұстаздардың жауапкершілігіне 
жүктеледі. Ұстаздарға қойылатын талаптардың бірі, һәм бірегейі 
– 
білім алушыларға өз бетінше білімді зор ынтамен игеруге және 
шығармашылық қасиеттерін арттыруға ықпал ету. Ол үшін оқу
-
тәрбие үрдісінде жаңа әдіс
-
тәсілдерді қолдануды, соның ішінде 
топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру керек. 
Бүгінгі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесін жетілдіру 
арқылы әрбір азаматты потенциалы жоғары, эрудициясы кең 
тұлға ретінде танылуында деңгейлік оқыту бағдарламасының 
маңыздылығы орасан зор. Жаңа бағдарлама білім алушыларға 
оқытудың
жеті модулін пайдалану арқылы оқыту мен оқудағы 
қазіргі
заманауи әдіс
-
тәсілдерін қолдануға, бағалауға, өзін
-
өзі 
реттеуге, өздерінің арасындағы және оқытушы мен оқушы 
арасындағы ынтымақтастықты орнатуға үйретеді, сын 
тұрғысынан ойлау қабілеттерінің жетілуіне, талантты
-
дарынды 
балалардың қалыптасуына, оқу үрдісі кезінде және келешекте 
көшбасшылық қасиеттерінің артуына ықпал етеді.
Бірлескен топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан 
ойлау стратегиясы, қалыптастырушы бағалау, дарынды және 
талантты балалардың қажеттілігін ескеру мақсатында оқуды 
саралау стратегиясы және оқытудың жаңа модулі туралы жалпы 
түйіндеген қорытынды ойларымды сіздермен бөліскенді жөн 
көрдім. Жаңашылдыққа жаны құштар білімгерлерге жаңа әдіс
-
тәсілдер арқылы білім беру 
– 
олардың тұлғалық қасиеттерінің 
жетілуіне, заман ағымына сай болашақ маман ретінде 
қалыптасуына
зор мүмкіндік бере алатындығын үнемі жадында 
ұстайтын
ұстаз ретінде оқытудың жаңа бағдарламасын бүгінгі 
күнде тиімді қолдануға тырысамын.
Топтық жұмыс әрекетін орындау кезінде көптеген тиімді 
тұстарын байқауға болады: білімгерлер арасында өзара 
ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуы, белсенділік пен 
білім алуға деген құлшыныстың одан ары артуы, тұлғалық 
даралануы, білімнің сапалы игерілуіне жол ашылуы.


66 
Бұл топқа бөлу әдісі 
сабақтың жүйелі, тиянақты түрде өтуіне 
мүмкіндік береді. Сабақты ұйымдастыру барысында топтық 
жұмыстың дәстүрлі оқыту жүйесіне қарағанда маңыздылығы 
орасан зор екенін айтқым келеді. 
Топтық жұмысты жүзеге асыру барысында білімгерлер 
сабаққа белсене қатысады, ой
-
пікірлерді шыдамдылықпен 
тыңдайды, берілген тапсырмаларды орындау кезінде өзге 
білімгерлердің қате жауабына бірден кемшіліктерін айта салмай, 
сыйластықпен, түсіністікпен жауап қатып отырады, яғни өз
-
өздеріне
сыни тұрғыдан қарауға алғашқы қадамдар
жасалынады, 
басқа топтан ерекшелену үшін әр қайсысы өз міндеттеріне 
жауапкершілікпен қарап, бәсекеге қабілеттіліктерін көрсете 
алады, өздерін еркін ұстай отырып, өз ойларын еркін жеткізе 
біледі, ал еркіндік қашан да әр адамға қажетті дүние, сондай
-
ақ 
кейбір студенттер өздерін басқа қырынан да таныта алды, 
мысалы: постер қорғау кезінде көркемдік безендірудегі 
белсенділік, 
түйін 
сөз 
жасауда 
ақындық 
қасиет, 
шығармашылыққа жол ашылады. Сондықтан да мен 
шәкірттерімнің кемел келешегіне жауапты оқытушы ретінде 
топтық жұмыстарды жүргізу кезінде жоғарыда аталған әдіс
-
тәсілдерді ескеріп, әр білімгердің тұлғалық қасиеттерін 
арттыруға баса назар аударамын.
Жас Қазақстан үшін зиялы қауым өкілдерінің артуы, жоғары 
интелектуалды әрі шығармашылықпен айналысатын адамдар 
шоғырының молаюы ауадай қажет. Болашағы жарқын әрі 
жасампаз елімізге қажетті ортаны қалыптастыратын саналы 
тәрбие мен сапалы білім беретін мұғалімдер екені даусыз. 
Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім беру жүйесінде жаңа 
ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. 
Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы 
жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Білім беру 
жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың 
маңызды факторлары білімнің негізгі принциптері арқылы іске 
асырылуы тиіс. 
Инновациялық технологияны тереңінен меңгерген, жаңа әдіс
-
тәсілдерді оқу үрдісінде тиімді қолдана білетін ұстаздар 
– 
шәкірттерінің ойлау, пайымдау қабілеттерін
арттырып, өмірлік 
ұстанымдарының
қалыптасуына ықпал ете білуі тиіс. Ол үшін 


67 
білімгерлердің шығармашылық қабілеттерінің дамытып, кез
-
келген жағдайға өзіндік көзқарасын білдіре алуы үшін білім 
беруде сын тұрғысынан ойлауды енгізу қажет. Сын тұрғысынан 
ойлау
-
біздің елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде өзіндік 
орнын алып үлгерген оқытудың модулі. Кез
-
келген жағдайдан, 
әсіресе
тығырыққа тірелген жағдайлардан жылдам әрі сәтті шығу 
үшін
сын тұрғысынан қарап, талдау жасап, анализ ұсыну

қашан 
да өзекті орынға ие. Бұл қасиеттерді тұлға бойына жастайынан 
қалыптастыру
барысында, оқытушылар аналитик ретінде 
сындарлы оқыту бағдарламасымен жұмыс жүргізе алу керек.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде басты рөлді оқытушы «сомдаса», 
қазіргі
жаһандану заманында білім алушыға деген танымдық
көзқарас өзгеріп, «білімгер үні» қағидасы қалыптасып, білім 
алушылар да «өзіндік рөлдерін» көрсетіп, белсенділік танытуда. 
Білімгерлердің ойлау деңгейі мен зерттеушілік қабілетінің
арттыруда, пәнді игеруге деген қызығушылығының көбеюінде 
сын тұрғысына ойлаудың орны ерекше. Бұл технологияның даму 
тарихы, қолданылу аясы тереңде жатыр. Көптеген атақты педагог 
ғалымдардың
зерттеуі нәтижесінде, оқу процесіне енгізілген 
аталмыш модул
-
бүгінгі күнде өз жемісін беруде. 
Сын тұрғысынан ойлау 
– 
білім
алушыға өз бетімен және 
бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау, ой қозғай отырып, өз ойы 
мен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білген білімін талдап, 
тұжырым жасауға бағыттау.
Сын тұрғысынан ойлау негізінде білім алушылардың 
мотивациясының артуы, тәуелсіз әрекет
етудегі белсенділіктің 
қалыптасуы, әрбір мәселені пайымдай алуы, тек пәнге қатысты 
емес, жан
-
жақты ойлана алуы, яғни басқа ғылымдармен 
сабақтастыра білуі, логикалық тұрғыда жүйеліліктің пайда 
болуы, біліктілік пен дағдыларының қалыптасуы оқу
-
тәрбие 
үрдісінде
әрқашан маңызды болмақ.
Қазіргі
заман талабына сай, әр оқытушы, өзінің кәсіби білімін 
үнемі
шыңдап, қалыптасқан бір сарынды сабақтардан гөрі, заман 
ағымына сәйкес жаңа инновациялық технологияларды өз 
сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ қызықты да мәнді, 
көңілге қонымды, тиімді болатыны сөзсіз.


68 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет