«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет28/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152
М.ӘУЕЗОВ 

АБАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН 
САЛУШЫ
 
 
Картаева Айжан Маратбекқызы 
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің профессоры, 
 
филология ғылымдарының докторы,
Абай интитутының директоры 

Өскемен қаласы 
 
Аңдатпа.
Әдебиеттану
ғылымының көрнекті салалары 
абайтану және әуезовтану бүгінде тамырын тереңге жайған алып 
бәйтерекке айналған арнасы. Күн өткен сайын өркендеп келе 
жатқан бұл ғылымдардың ауқымы да күннен
-
күнге кеңейіп

қанатын
жайып келеді. Абайдың өмірі мен шығармашылығын 
зерттеу, тану, насихаттау, тағылым алу кезек күттірмейтін келелі 
мәселелердің бірі деуге болады. Сондықтан қазақ әдебиеттану 
ғылымындағы
абайтану мен әуезовтану саласында зерттеуді әлі 
де қажет
ететін тұстары өте көп. 
Кіріспе.
Абайтану ғылымының қалыптасуына, абайтанудың 
дербес ғылым саласына көтерілуіне академик М.Әуезовтің 
сіңірген еңбегі өлшеусіз. М.Әуезов қазақ әдебиеттану 
ғылымында
Абай мұрасын жүйелі зерттеуді алғаш қолға алып, 
абайтану ғылымының негізін қалады. Ол осы ғылыми зерттеу 
саласының кең мағынасында негізін салды, зерттеудің 
бағытбағдарларын, принциптерін анықтады, абайтанудың 
жүйелі, біртұтас ғылыми концепциясын жасады.
«Бұл тұста атап айтатын нәрсе 
– 
дейді академик З.Ахметов:
Мұхтар Әуезовті ойша жасанды концепция, қағида туғыза салуға 
бейім тұратын, кейбір жоқ жерден жаңалық ашуға ұмтылатын 
зерттеушілердің қатарына қоюға еш болмайды. Оның мәселені 
ұзақ
жылдар бойы егжей
-
тегжейлі, жанжақты да терең тексеріп 
алып, соның негізінде ғана үлкен қорытындыбайламдар айтуды 
дұрыс деп санайтынын осы абайтану саласындағы 
зерттеулерінен анық аңғарамыз»
[1], - 
дейді. 
20-
шы жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында 
талантты көркем шығармаларымен, әдебиет тарихын зерттеудегі 
еңбектерімен үздік таныла бастаған М.О.Әуезовтің араласуы 


69 
абайтануға үлкен зерттеушінің келіп қосылғанын бірден 
аңғартты. Жас таланттың ерте қанаттанып, өз ортасында 
даралана бастаған қазақ әдебиеті тарихына байланысты 
зерттеушілік қадамын жете тани білген Семей губерниялық 
Атқару Комитетінің 1925 жылғы 20 маусымдағы Ленинград 
университетіне жолдаған ресми қатынасында «...М.Әуезов қазақ 
әдебиетіне қызығуы мен осы саладағы өз бетінше жүргізген 
зерттеулері арқылы техникумда қазақ әдебиетін оқытатын лектор 
ретінде бірден
-
бір кандидатура болып табылады», 

деп көрсетуі 
шындық еді. 1924
-
1925 жылдар аралығында Семейдегі оқу 
орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, «Таң» журналында 
ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы 
деректер мен шығармаларын толықтыра түсу жолында 
тынымсыз әрекет етіп жүрген М.Әуезовті көреміз. 
М. Әуезов Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына 
орай Семей қаласында өткен әдеби кеште «Абайдың қазақ 
әдебиетiндегi тарихи орны» туралы жасаған баяндамасы кезiнде 
автордың қолында Абайдың ғылыми өмiрбаянының тұңғыш 
жазылған нұсқасы да болатын. Бiрақ бұл қолжазба Абайдың 
қайтыс
болуына отыз жыл толуына орай тұңғыш рет кешiгiп 
барып жарияланған толық жинағында басылым көрдi. Мiне, осы 
кезден бастап М. Әуезовтi әдеби жұртшылық абайтанудың 
негiзiн салушы ғалым ретiнде тани бастаған кезең басталды. 
Абайдың әдеби мұрасын ғылыми творчестволық тұрғыдан 
зерттеу жұмысын аяқтай келе қазақ
әдебиетi тарихында 
абайтанудың ғылыми саласын негiздеп кеттi. Тiкелей Абай 
мұрасын жиырма жылдан астам ұзақ жылдар бойы үзiлiссiз 
зерттеу нәтижесiнде қазақ әдебиетiнiң күрделi саласы ретiнде 
«Абайтану» пәнi қалыптасып өмiрге келдi.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет