«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет29/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   152
Негізгі бөлім.
Елуіншi жылдардан бастап абайтану 
саласында М.Әуезов Абайдың әдеби мұрасының зерттелу жайы 
туралы күрделi зерттеу тақырыбының жандануына түрткi салып, 
ғылыми
тұрғыдан пiкiр көтердi. Қазақ әдебиетiнiң зерттелу 
жағдайында абайтанушы ғалым көтерген бұл аталмыш зерттеу 
нысанасы Абайдың әдеби мұрасының зерттелу жайы деген 
тақырыпта зерттеулер жүргiзiлу қажеттiлiгi С.Мұқанов, 
Қ.Жұмалиев, Е.Смайылов, Ә.Жиреншиндер тарапынан да 
қолдау
таба бастады. М.Әуезов пен Қ.Жұмалиевтiң
ұсынуымен


70 
осы тақырыпта 1965 жылы М.Мырзахметұлы тарапынан «Абай 
Құнанбаевтың
әдеби мұрасының зерттелу жайы» деп аталатын 
кандидаттық 
диссертациясы 
қорғалды. 
Профессор 
Х.Сүйiншәлиев тарапынан университеттер мен педагогикалық 
институттарда оқытылып келе жатқан «Абайтанудың» арнайы 
курсы мен семинар сабақтарына бағдарлама да жасалды. 
Профессор Т.Кәкiшов қазақ әдебиетi сынының тарихын 
зерттеуге кiрiсiп, онда абайтану тарихын жалғастыра зерттеудiң 
нәтижесiнде «Оңаша отау» (1982 ж.) монографиясы басалым 
көрдi. 
Мұхтар Әуезов алғаш рет ақын мұрасы жайлы мақала, 
деректерімен «Абай» журналында көрінді. 1922 жылы «Шолпан» 
журналында жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» 
деген нағыз зерттеушілік тұрғыдан жазылған мақаласында Абай 
мұрасы жайлы алғаш рет теориялық негізде батыл барлау 
жасады. «Осы дәуірдің
өзінде
-
ақ шығармаларын жақсы түсінуші, 
ол мұра туралы мағлұматы молы да Мұхтар Әуезов деген 
қоғамдық
пікір қалыптасқан да еді. Абайдың әдеби мұрасының 
сырын терең ғылыми тұрғыдан білу керек деген тұжырымды ойға 
да ол осы тұста келген сияқты. Өйткені 1922 жылы «Қазақ 
әдебиетінің
қазіргі дәуірі» деген елеулі пікір таласын тудырған 
көлемді мақаласын жазумен қатар, Абайдың өмірі туралы 
естеліктерді Абайға байланысты әр түрлі дерек көздерін 
жинастырып жүрген жас талап Мұхтарды көреміз» [2],

деген 
ғалым М.Мырзахметұлының мәліметі бойынша М.Әуезовтің 
Абай мұрасын студенттік кезінен бастап насихаттап, зерттей 
бастағаны анықталады. Қоңыр деген бүркеніш атпен 
жарияланған бұл мақалада М.Әуезов Абайдың қазақ 
әдебиетіндегі
орнын, негізгі бағытын көрсетеді. 
Бұл кезеңде Абайдың әдеби мұрасы туралы талас
-
тартыстың 
етек алуына байланысты Абай қай таптың ақыны, оны мұра 
ретінде қабылдау керек пе, әлде жоқ па деген сұрақтар туа 
бастады. Қоғамды тапқа бөлу, таза пролетариат мәдениетін 
жасауға ұмтылу 
– 
тұрпайы социологиялық танымды тудырды.
30-
жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы маңында болып 
өткен
пікір таласында орын алған әр алуан көзқарас тұрғысынан 
пікір айтқандардың ішінде Мұхтар Әуезов пен профессор 
Құдайберген
Жұбановтың еңбектері айрықша орын алады. 


71 
Өйткені
дәл осы жылдары Абайдың әдеби мұрасын бағалауда 
тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік 
көзқарастар өріс алып отырғанда, осы қым
-
қуыт қайшы 
пікірлерден тыс ғылыми негізде жазылған еңбек М.Әуезовтің 
«Абай ақындығының айналасы» мен Қ.Жұбановтың «Абай қазақ 
әдебиетінің
классигі» деп аталатын зерттеу мақалаларының 
жазылуы 
– 
абайтану саласындағы ойпікірде соны құбылыс 
ретінде қабылданды.
Абайды 1909 жылғы тұңғыш өлеңдер жинағынан кейінгі осы 
күнге дейін жарияланып келген ақынның толық жинақтары мен
академиялық басылымдары М.Әуезовтің жинап бастыруымен, 
тікелей араласуымен, басшылығымен шығарылып келеді. 
Әсіресе, осы толық жинақтардың бәріне негіз болған әрі қазақ 
халқы өзінің ұлы ақыны Абай шығармаларымен тұңғыш рет жете 
танысып білуіне мүмкіндік алған
1933 жылғы тұңғыш 
жарияланған толық жинақ ақын мұрасын танып
-
білуде орасан 
маңызы бар мәдени құбылыс. 
М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде 
туған ойпікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен 
басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп 
отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған 
жоғары оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан 
оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой
-
пікірлері мен 
танымдары болатын.
Ақын өмірбаяны жайлы жаңа деректер көзінің қорлануына 
орай М.Әуезов тарапынан Абай өмірбаянының төрт нұсқасы 
жазылды: біріншісі 1933 жылы Абай шығармаларын бастыру 
үшін; екіншісі 1940 жылғы басылым үшін; үшіншісі 1945 жылы 
жазылған; бірақ жарияланбаған. Төртінші нұсқасы 1950 жылы 
жазылды.
Абай жайлы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін 
тұтас қорытындылай отырып, жазған ғылыми монографиясы мен 
атақты «Абай жолы» роман
-
эпопеясын жазу ұлы қаламгердің 
ғылыми
-
творчестволық ізденіс үстінде тер төккен 30 жылдан 
астам уақытын алды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер 
болсақ, Абай жөнінде жазу ойы 19 жасында
-
ақ асқарлы арманға 
айналған. Ұлы ақын мұрасын 17 жылдай толассыз іздену, 
зерттеумен шұғылданып, 12 жыл бойында тікелей жазумен 


72 
айналысқан. Абай мұрасы М.Әуезовтің бүкіл ғылыми
-
творчестволық ғұмырында шарқ ұрып іздену үстіндегі рухани 
дем берушісі таусылмас қуаттың қайнар бұлағына айналған. 
Мұхтар Әуезов Абай тақырыбына қайта
-
қайта айналып бара 
берген. Абай өмірбаянына оқтын
-
оқтын белгілі бір уақыт 
үрдісімен
қайта үңіліп, қайтара жазуға отыруының елеулі 
себептері бар болатын
-
ды. Жазушы кеңестік әкімшіл
-
әміршіл 
саясат ызғарының кесірінен Абай жайында көп ойларын ашық 
айта алмай кетті. Кейбір ой
-
пікірлерін ғылыми зерттеу 
еңбектерінде тезистік тұрғыдан кейінгі ұрпаққа ұсынса, ал кейбір 
көзқарастарын әдеби туындыларында астарлап көркемдеп 
жеткізіп отырады. «Абай жолы» романэпопеясында жазушының 
көп жайларды мегзеп, көркемдік тәсілмен астыртын суреттеп 
беретін тұстары да байқалады.
М.Әуезов барлық баянды ғұмырын тұтас дерлік ұлы ақын 
өмірбаяны мен әдеби мұрасын зерттеуге, насихаттауға, 
тоталитарлық жүйенің шабуылынан қорғауға арнады, қазақ 
әдебиеттану
ғылымның жаңа саласы 
— 
Абайтану ғылымының 
негізін қалап дамытты. Абай 
– 
М.Әуезовтің ғылыми әрі 
көркемдік шығармашылығының басты тақырыбы. Бұл тақырып 
арқылы ол тарихтағы ғана емес, өз заманының да талай 
олқылықтарын таба білді. Әуезов 
– 
Абайдың өмірі мен 
шығармашылығын бірден
-
бір толық зерттеушілердің бірі. 30
-
жылдардың ортасына дейін көптеген жылдар бойы 
Абай шығармашылығы мен оның қазақ мәдениетін 
дамытудағы ролі жайлы даулы мәселелер толастамады. Абайдың 
шығармашылық бейнесі дұрыс әрі көркемдік негіз алуы үшін 
Мұхтар Әуезов көп күш жұмсады.
М.Әуезовтің абайтану ғылымындағы еңбегін ғалым 
Қ.Өмірәлиев екі салаға бөліп қарастырады. «Жұртқа белгілі, 
мұқтарлық абайтану екі салада жасалды: бірі 
– 
ғылыми жүйеде 
де, екіншісі 
– 
көркем формада «Абай жолында» жасалды»
, [3] - 
дейді. М.Әуезов ұлы ақын мұрасы жайлы сонау 20жылда 
бастаған зерттеу жұмысын бергі кезде үш салада 
– 
Абайдың 
өмірін
зерттеп, ғылыми өмірбаянын жасау үлгісінде, 
шығармаларын зерттеп, ғылыми монография жасау жолында, 
ақынның өмірі мен шығармашылығы ішіне кіретін «Абай жолы» 


73 
атты роман
-
эпопея жарату үстінде жүргізіп, 60жылдың басына 
дейін алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет