«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет71/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

«қарғыбау»
немесе 
«үкітағар»
(ен салу) деп аталатын сыйлықты атаған, бұл 
сыйлық қыздың осыдан бастап айттырылғанын білдірген. 
Осыдан кейін уағдаласушы жақтар заңды құда деп саналып
оларға жаңа пісірілген құйрық май мен бауырдан арнаулы
«құйрық-бауыр»
деген тағам тартылған. Құдалардың оны бір
-
біріне асатуы екі жақтың туыстық қатынастарының ұзақ 
жылдарға орнатылғанын бейнеленген. Құдаларға аттанар 
алдында сый ретінде 
«киіт»
кигізген [4, 26].
Күйеудің әкесі келісілген қалың малдың негізгі бөлігін 
бергеннен кейін күйеу қалыңдыққа өзінің алғашқы ресми 
сапарын жасаған, ол 
«ұрын бару»
деп аталады. Осы сапар кезінде 
болашақ ерлі
-
зайыптылар, әдетте бірінші рет кездесетін
сондықтан олардың бұдан кейінгі тағдырына ұрын барудың зор 
мәні болды, олар бірін
-
бірі біліп, ұнатып кетуі мүмкін еді. Кейде 
бұл кездесу тең емес некені болғызбай тастайтын. Демек, 
қазақтың
«ұрын» термині түріктің ертедегі «urun» (тығылу, 
бауырына басу) деген сөзінен шыққан болуы мүмкін. Түріктің 
ертедегі «bagirsaqni bulza bagirqa urun» (егер ізгілік көрсең, қабыл 
ал) деген қазір де бар сөзі осындай жорамалдың растығын айқын 
дәлелдейді. 
Күйеу мен қалыңдықтың ата
-
аналары алғашқы кездесуді 
өткізуге
мұқият дайындалатын. Қалыңдықтың туған
-
туысқандарына алуан түрлі көп тарту
-
таралғы беріп, күйеуге 
тәжірибелі
жігіт (күйеу жолдас) бастаған 5
-
6 адамнан тұратын 
қошеметшілері
еріп барған. Күйеудің қасына ерген адамдары 
үшін
қалыңдықтың жақын туысының үйінде келесі күні дәстүрлі 
«қыз қашар»
кеші өткізілген. Кештің аяғына қарай қалыңдық 
құрбыларының
қарсылығына қарамастан, жеңгелері оны арнайы 
отау үйіне апарады, онда алдын ала төсек салынып қойылады.
Жас жеңгелер күйеуді сонда шақырады, ал басқа әйелдер 


151 
күйеудің аяғының астына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет