Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді


-лар/-лер аффиксімен беріледі, көне түркілік —



бет6/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жақсыбекова Арайлым БӨЖ

-лар/-лер аффиксімен беріледі, көне түркілік ан/-ин (еран) көптік көрсеткіші ретінде танылудан гөрі, арабтың «ломаное множество» деп аталатын тұлғасы сияқты (жекеше шайх, көпше машайиххалқ/халайиқ, малик/ малайик т.т.) ескерткіш тілінде көптік мағынаны білдірмей, дербес тұлға ретінде келген тәрізді, өйткені халқ пен халайиқ тұлғаларының жекелік-көптік немесе өзге де бір мағыналық айырмашылығы жоқ (қазақ тілінде де солай), -лар жалғауының сын есімдерді, есімшелерді заттандыру (субстантивтендіру) қызметі қазіргі тілдердегі, айталық, қазақ тіліндегі сияқты: йахшылар, білгенлер.
Септеу, жіктеу парадигмаларында да «Хикметтер» тілі қа- зақ тілінен алшақтамайды. Мұнда атау, табыс, барыс, жатыс, шығыс, ілік; септіктері бар, ал А.М. Щербак шектік септік (предельный падсж) деп атаған ғача/-гече қосымшаларымен жасалатын тұлға мұнда жоқ, ол ескі өзбек тілінде бар. Сондайақ көмектес септікті білдіретін ын/-ін көрсеткішімен келетін тұлға да жоқ, бұл тұлға Шығыс Түркістандық ескерткіштер тіліне тән екені мәлім. Көмектестік мағына бірлә шылауымен берілген: үмид бірлә келібмән дәргәһіңә Аллаһым.
Септіктер көрсеткіштеріндегі ерекшелік (қазақ тілімен салыстырғанда) – шығыс септік жалғауының дын/-дін (-дан/ден емес) және оның қатаң дауыстыдан басталатын тын/-тін қатарының жоқтығы. Шығыс септіктегі сөзбен келетін біраз тұрақты тіркестер қазіргі қазақ тілінен де табылады: күндін күн(ге), жандым кеч йолдын аз- т.б.
Есімдіктің ілік септіктегі тұлғасы да қазақ тіліне жақын: көпше I жақтың ім/-үм көрсеткіші мұнда жоқ: мәнім емес, мәнің, бізум емес, бізуң, бұл көрсеткіштің батыс түркі тілдеріне тән екенін білеміз.
Қазақ тіліндегі үстеулердің жасалуы да Ясауи тілімен іліктеседі: көптік жалғауы арқылы есімнің үстеуге айналуы (кечәләрі «түнде», сахарлары «таңертең») қазақ тілінде де бар, тек бұл тәсіл үстеуден үстеу тудырады: кешелері, биылдары. Тәуелдік жалғаудың III жағының көрсеткішімен (-ы/-і) үстеудің жасалуы (ахиры «ақыры», бір йолы, түні-күні), жатыс септіктің тұлғасымен жасалуы (һәр ләхзада «бір сәтте», һәр күнде, һәр кезде), көсемшенің көне 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет