Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді



бет1/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жақсыбекова Арайлым БӨЖ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



БӨЖ
Тақырыбы: Орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштері мен қазақ әдеби тілінің жалғастығы
Орындаған: Жақсыбекова Арайлым
Қабылдаған: Мағжан Сәуле
Тобы: ФҚФ-011

Түркістан 2022жыл
Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді. Қараханид- тер династиясы кезінде Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың ана тілі мен әдебиеті өркендеді. Бұл кезде қыпшақ, оғұз, қарлұқ және ұйғыр халықтарының тілдері не- гізінде араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты, ескерт- кіштер дүниеге келді. Ол ескерткіштер: «Қутадғу біліг» (XI ғ.), Махмүд Қашғаридың «Диван луғат ат-түрк» атты еңбегі (XI ғ.), Иүгнекидің «һибатул хакайик» атты шығармасы.
XII-XVI ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштері Орта Азия мен Қазақстандағы, Еділ бойындағы, Қырым түбегіндегі, Түркия топырағындағы түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екендігі анықталып отыр. Ол ескерткіштер: Рабғузидың «Қысас ул- анбия», Абу Хайанның «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» атты шығармасы, «Ортаазиялық тефсир», Саиф Сараидың «Гүлистаны», Қутбтың «Хосрау уа Ширины», Хорезмидың «Мухаббат-наме» атты поэмалары. Бұлар – араб әрпімен жазылып сақталған жәдігерліктер. Бұдан да ілге- ріректе, IX-Х ғасырларда дүниеге келген ескерткіштер де бар. Солардың бірі – «Оғұзнаме» эпосын қазақ зерттеушілері, оның ішінде Қ.Өмірәлиев жан-жақты зерттеп, қазақ тіліне аударып, мынадай түйінге келеді: «Оғұз қаған» эпосы – әуелде ауызша туған дүние, өте көне дәуірде жасалған, XIII ғасырдың аяғында ғана хатқа түскен. VIII-XI ғасыр түркілерінде эпостық жыр туғызатын қоғамдық-әлеуметтік жағдай және эпосты жасай алатын рухани мәдениет пен әдеби мектеп болған», – дей келіп, бұл эпостың жанрлық-стильдік сипатын талдайды: ондағы эпостық формула деп атаған ерекшеліктердің мысалы, бастау формуласын (бастау сөздерді: болсунғыл деп деділер, күнлерден бір күн, тақы мундан соң, кене андан соң, кене бу чақда т.т.), қосар түрде қайталап отыратын тұрақты формулаларды (ошул оғулның өңлүгі, чырағы көк ерді, көп, телім алтун-күмүш тартыб т.т.), бірыңғай құбылыстарды (бірыңғай мүшелерді), көркемдегіш формулаларды әдейі талдайды. Бірақ талданған материалдарға қарап, бұл эпостың тілін бүгінгі пәлен түркі тіліне телімейді. Ал Н.Келімбетов «Оғұзнаме» тілінде оғызқыпшақ диалектілері басым деген пікір айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет