Ұлтымыздың қалыптасуы, ұлттық сананың бастаулары арғы түркі заманына, терең тарих
қойнауына жетелейді. Сол себептен, осы түркі тілдес халықтардың туыстығы мен бірлігін
айшықтайтын тарихи-мәдени ортақ жазба мұраларды бүгінгі күні бір арнада зерттеп-зерделеуге
назар аударылды. Қазіргі тарихымыз орта түркі дәуірінен кейін түркі тілдес халықтардың
қалыптасу дәуірінде өз алдына жеке отау тігіп, жеке ұлт ретінде тарих сахнасына шыққаны
белгілі. Сол себептен түркі халықтарына ортақ ауыз әдебиеті үлгілері мен тарихи жазба мұралар
зерттеп-зерделеу арқылы халық тарихын, жады мен ой-санасын, таным-түсінігін, этникалық ұқсас
қауымдастықтардың белгілі бір тарихи-мәдени кеңістіктегі тұрмыс-тіршілігін, өркениетін
анықтауға болады. Осылардың тағлымдық жағы да назар аударуды қажет етеді. Бұл бағыттағы
Күні бүгінге дейінгі зерттеулерді зерделесек, олардан халықтың тарихына, тіліне, діліне,
дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының
қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі ой-пікірлердің бар
Бұрын батыс, орыс ғалымдарының еңбектері шешуші құжат, айқын дәйек ретінде
қабылданып келді, қазір сол мұраларды зерттеп-зерделеуге әрі толықтыруға мүмкіншілік кеңінен
Жалпы түркілік ауыз әдебиеті – ықылым заманнан бері атадан балаға ауысып келе жатқан
көненің көзі, сол сияқты ежелгі және орта ғасыр (VII – XVI) жазба ескерткіштері де түркі
халықтары тілі қалыптасу дәуіріне дейін жазылған әдеби-рухани ортақ мұралар. [3]
Оларға Орхон-Енисей, Талас жазбаларын, ұйғыр жазуының нұсқаларын, «Дивани лұғат ат-
түрік», «Құдатқу білік», «Хұсрау мен Шырын», «Мұхабат-наме», «Гүлстан бит-түрки», «Нахадж
әл Фаради», «Қисса сул-Әнбиә» сияқты т.б. оғыз-қыпшақ тілінде жазылған мұраларды жатқызып
жүрміз. Осы жазба ескерткіштер әрі әдеби-тілдік дерек, әрі тарихи-танымдық дерек, әрі рухани
әдеби-мәдени құндылық ретінде XVIII ғасырдан бастап зерттеліп келеді. Әсіресе, тарихи-тілдік
материал, көне әдебиет нұсқасы ретінде біршама кең ауқымда зерттеліп-зерделенді. Бұл бағытта
Н.А.Баскаков, С.Е.Малов, А.Н.Кононов, Ф.Г.Исхаков, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев сияқты т.б.
24
Түркітанудың кең өріс алып дамуына қазақ ғалымдары да ай-тарлықтай ат салысты.
М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Ш.Сәтпаева,
Ә.Құрыш-жанов, М.Томанов, Ә.Ибатов, Ә.Қайдаров, А.Аманжолов, Н.Келім-бетов, С.Қасқабасов,
Қ.Өмірәлиев, А.Егеубаев, А.Қыраубаева, Ш.Ыбырай сияқты т.б. қазақ ғалымдары көне түркі
жазба ескерткіштерінің жанры, әдеби-көркемдік ерекшеліктері, дүние-танымдық сыр-сипаты,
қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы, әдеби тіл тарихы, этнолингвистика
мәселелеріне қатысты іргелі еңбектер жазып, түркітануға сүбелі үлес қосты.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері қазақ
тілін туысқан түркі тілдерімен салыстыра зерттеу, қазақ тілі тарихының тереңіне бойлау
бұрынғыдан гөрі қарқын ала бастады.
Қазақ тілінің даму тарихын нақтылау мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерінің тіліне, түркілік
ежелгі жазба ескерткіштер тіліне, орта ғасырдағы жазба мұралар тіліне зерттеулер жүргізіліп, ата-
бабадан қалған мәдени-әдеби рухани мұраларды ұлттық құндылықтар ретінде зерттеп-
зерделеуге ерекше мән беріле бастады. Осы мақсат-мүддеге орай, қазақ ғалымдары «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында «Орхон-Енисей» мен орта ғасыр жазба ескерткіштер тілінің
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық сыр-сипаты, әдеби көркемдік ерекше-лігі,
дүниетанымдық қыр-сыры жайында зерттеулер жүргізіп, олардың қазіргі түркі тілдес
халықтарға ортақтығын, тіл арқылы қалыптасатын рухани-мәдени құндылықтардың бүгінгі түркі
тіл-дес халықтар мәдениетімен және жалпыадамзаттық өркениетпен сабақтастығын анықтауда.
Түркілік жазба ескерткіштердің әдеби-көркемдік сипаты, тілдік ерекшеліктері туралы
біршама зерттеулер жүргізіліп, құнды-құнды еңбектер жарық көргенімен, тарихи тұрғыдан толық
шешімін тапты деуге әлі ерте. Бүгінгі таңда Ү–ХІҮ ғасырларда жазылған түркілік жазба
ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстыра отырып зерттеу – өзекті мәселе. Өйткені ұлт
тарихын, яғни өзімізді танып-білу үшін бұл мұралардың маңызы зор. Ал осы мұралардың орта
ғасырларға жататындары қазақ тілінің тарихын қыпшақтық негізін анықтауда негізгі тілдік
материал болып саналады.
Ондай ескерткіштердің қатарына Құтыптың «Хұсрау мен Шырыны», Хорезмидің
«Мұхабат-намесі», С.Сарайдың «Гүлстан бит-түркиі», Мұхаммед бин Алидің «Нахадж әл
Фарадисі», Рабғузидің «Қисса сул-Әнбиәсі» сияқты т.б. шығармалар жатады. Аталмыш
ескерткіштерді зерттеу «Мәдени мұра» бағдарламасымен толық сәйкес келеді. Қазіргі қазақ халқы
түрлі тарихи кезеңдерді бастан өткеріп, бүгінгі көркем қалпына жетті. Оның барша халыққа ортақ,
жалпыға түсінікті, нормалары қалыптасқан, қоғамдық қызметі жан-жақты әдеби тілі сан ғасырлар
бойы қалыптасты. Сол себептен түркілік дәуірдегі жазба мұралар тарихын, тілін,мәдениетін,
әдеби-көркемдік ерекшелігін, тарихи-танымдық сипатын ғылыми-теориялық тұрғыдан талдап,
зерттеудің маңызы зор.
Ескерткіштердің тарихи, әдеби-тілдік деректері қазіргі түркі халықтары өркениетінің
қалыптасып дамуынан, соның ішінде қазіргі қазақ өркениетінің өркендеуінен хабардар етеді.
Қазіргі тарихымыз бен әдебиетінің тарихи маңыздылығын, көркемдік-әлемінің жаңа
заңдылықтарын анықтап, еліміздің мәдени өміріндегі жаңашыл бағыттарды жүйелеп, оларға
ғылыми-практикалық сипаттама беру үшін де түркілік жазба мұраларды зерттеу қажет. Сол
себепті де бұл жазба ескерткіштерді тарихи жағынан болсын, тарихи, әдеби көркемдік сипаты
тұрғысынан болсын зерттеп-зерделеу бүгінгі күнде аса қажетті мәселелердің қатарына жатады.
Қорыта айтқанда түркілік жазба мұраларды тарихи-танымдық тұрғыдан және әдеби-тілдік
зерттеудің нәтижелері – қазіргі әлемдік жаһандану дәуірінің саяси-экономикалық ықпалында
ұшырап отырған әрбір түркілік мемлекеттің жалпыадамзаттық өркениеттегі өз орнын анықтауда,
бір-бірімен ықпалдасуына септігі тигізетіні сөзсіз.[1]
ӘДЕБИЕТТЕР
Жұман С.Ә. Түркілік мұра ұлттық тарихымыздың қайнар бұлағы – 2014ж
1. Стеблева И.В. К реконструкции древнетюркской религиозно-мифологической системы. –
В кн:, Тюркологический сборник. 1971. М., 1972.