Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет188/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   218
Түйінді  сөздер:  білім  беру,  тәрбие,  құндылық,  құндылықты  қатынас,  педагогикалық 

аксиология. 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани 



жаңғыру»  атты  мақаласында  әрбір  қазақстандық  үшін,  жалпы  қоғам  үшін   жаңғырудың  бірнеше 

жолдарын көрсете отырып, соның ішінде білімнің маңыздылығына айрықша тоқталған болатын.  




365 

 

Елбасының  «Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі 



керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы 

шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген 

тұжырымы өскелең ұрпақты білім әлеміне жетелейтін  педагог мамандарға қойылатын талаптарды 

күшейтеді. 

Адам,  Отбасы,  Еңбек,  Мәдениет,  Білім,  Отан  сияқты  ұғымдарды  қамтитын  құндылықтар 

әлемі  педагогика  ғылымы  мен  тәжірибесінде  әрқашан  да  басты  орынға  ие  болып,  тұлғаның 

рухани-адамгершілік бейнесінің өлшемі ретінде танылған.  

Педагогикалық  ой-пікірдің  даму  тарихына  көз  салсақ,  оның  құндылықтық  бағдары  білім 

беруді  мемлекеттік,  қоғамдық,  тұлғалық  құндылық  ретінде  түсіндіретін  философиялық   

идеялардан    бастау  алатынын  байқаймыз.  Мұнда  оқу-тәрбие  ісінің  орталық  идеясы  баланың 

дербес  дамуы  болғанымен,  жеке  тұлға  осы  дербестікті  іске  асыру  ортасы  ретіндегі  қоғамға 

ешқашан  қарама-қарсы  қойылмаған,  керісінше,  дербестіктің  толыққанды  дамуы  және  қоғам 

тарапынан талап етілетін қабілеттер адам мен қоғам дамуының алғышартына айналды. Бұл ретте 

білім беру қоғамдық прогрестің шарты ретінде қарастырылды. 

Ежелгі  философиялық  көзқарастарда  құндылықтың  әртүрлі  көріністеріне  жататын  және 

табиғи,  қоғамдық  құбылыстарды,  адамның  іс-әрекетін  бағалауда  пайдаланылатын  сұлулық, 

қайырымдылық,  мейірімділік  секілді  этикалық  және  эстетикалық  ұғымдар  қолданылды. 

Ойшылдар  үнемі  береке,  сұлулық,  қайырымдылық  және  т.б.  түсініктердің  мәнін  ұғынуға 

ұмтылды, кейінірек мұның барлығы «құндылық» ұғымына біріктірілді.  

Құндылық  ұғымына  тұңғыш  философиялық  анықтаманы  неміс  философы  Р.Лотце 

«Практикалық философияның негіздері» атты трактатында берді (ХІХ ғасырдың 60-жылдары). Ол 

құндылықтың  өлшемі  объектінің  (заттың,  құбылыстың)  сапалық  сипаттамасында    емес,  оның 

«маңыздылығында» (мәнділігінде) деп көрсетті. 

Р. Лотценің пікірінше, құндылықтар әлемі ақиқат түрінде өз бетінше өмір сүреді, адам оны 

ғылыми  білім  арқылы  ұғынады.  Әрбір  танымның  үш  бастауы  болады:  ақиқат,  фактілер, 

құндылықтық  ұғымдар.  Ақиқат  интеллектуалдық  әрекет  арқылы  танылады,  фактілер  –  байқау 

(бақылау) арқылы, құндылықтық ұғымдардың өлшемі – ар-ұят.   

Неміс философы Ф.Ницше тұлға мен оның дамуын жоғары құндылық ретінде қарастырды. 

Ол тәрбиенің мақсаты – қолынан барлығы келетін  «асқанадам» (сверхчеловек) қалыптастыру. Бұл 

мақсатқа  жету  үшін  тұқымқуалау  факторын,  индивидтің  мүмкіндіктерін  және  өзін-өзі  дамыту 

ынтасын  ескеру  қажет,  жеке  адамның  даралығын  оны  қоршаған  социумда  дамытуға  жағдайлар 

жасау  керек.    Өнегелі  адамның  ерік-жігері  мықты,  жауапкершілік  сезімі  жоғары.  Білім  берудің  

мақсаты  –  адамды  белсенді  іс-әрекетке  дайындау,    мәні  мен  мазмұны  –    өнегелі  тұлға 

қалыптастыру.  Адамның  бүкіл  даму  жолы  –  өзін-өзі  жетілдіру  арқылы  «асқанадам»  болуға 

ұмтылуы.  Сондықтан  мектептің  маңызды  міндеті  –  тұлғаның  өзін-өзі  дамыту  қажеттілігін 

қалыптастыру.  Философтың    педагогикалық  көзқарасының  негізі  –  белсенді,  өзін-өзі  дамытушы 

тұлға, ал білім беру – өзін-өзі дамытудың табиғи жағдайы. 

Құндылық ұғымының педагогика ғылымында терең де жан-жақты зерттелуі  білім беру мен 

тәрбиенің  құндылықтарын,  олардың  табиғаты  мен  функцияларын,  өзара  байланысын  зерттеу 

мақсатын  көздейтін  педагогикалық  ғылыми  танымның  жаңа  саласы  –  педагогикалық 

аксиологияның пайда болуына негіз болды. Мұнда құндылық адамды тәрбиелеу үшін оның өмір 

сүруіне  ең  керекті,  маңызды,  қажетті,  бағалы  дүниелердің  жиынтығын  құрайтын  педагогикалық 

категория ретінде қарастырылады.  

Педагогикалық  аксиологияның  қалыптасуына  неміс  философы  Г.В.Гегельдің  еңбектері 

негіз  болды.  Ол  білім  мен  тәрбиені  жеке  индивидтің  де,  жалпы  адамзаттың  да  негізгі 

құндылықтары  ретінде  қарастырды.  Философ  тәрбиені  адамның  екінші  рет  дүниеге  келуі  деп 

санайды,  ол  адамның  бастапқы-хайуанаттық  қалыптан  саналы  тіршілік  иесіне  айналуы  үшін 

қажет.  Тәрбие  –  білімді  адам  өзінің  әрбір  ісіне  «жалпыға  ортақ  таңба»  сала  алатындай  болуы 

керек.    Гегельдің  бұл  ой-пікірінің  өзектілігі  бүгінгі  таңда  да  өзіне  назар  аударады.  Оның  негізгі 

мазмұны  мынада:  білімнің  құндылығы  оның  руханиятпен  ажырамас  бірлігінде.  Гегельдің  пікірі 

бойынша, ақыл-ой және ұждан (ұят) адамның басым құндылықтары, ал бұл сапалар білімді адамға 

тән, себебі ол –  ақылды және ұжданды (ұяты бар) адам.  




366 

 

Гегельдің  тұлға  туралы  ілімі  оның  (тұлғаның)  белсенді  бастамасының  құндылығын 



айрықша  көрсетеді.    Абсолюттік  идеяның  санада  және  тарихта  дамуының  рухани  кезеңіне 

жеткенде,  адам  өзіне-өзі  кері  қайтады  да,  өзін  сана  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы  ұғынады.  Бұл 

ретте идея өзін екі формада іске асырады: теориялық және практикалық. Практикалық рух (ерік-

жігер)  және  теориялық  рух  (ақыл)  өзара  байланысты.  Осылар  тығыз  бірлікте  болған  жағдайда 

ғана,  адам  өзіндік  құндылыққа,  кемелділікке  жетеді,  себебі  тұлғаның  рухани  бастауы  оның  тән-

дене кемшіліктерін жеңуге көмектеседі.  

Білімнің құндылығы туралы айта келе, Гегель білімді адам рухани тіршілік иесі  ретінде өз 

сезімдерін айтарлықтай дәрежеде басқаруға қабілетті екендігін баса көрсетеді. Алайда сезімдерді 

дамытуда білім ғана емес, адамның мақсаттары мен  құндылықтық бағдарлары да маңызды роль 

атқарады. 

Гегель  қоғам  дамуның  заңдылықтарын  педагогикалық  процесті  түсіндіру  үшін  қолдануға 

талпыныс  жасады.  Ол  адамның  субъективті  құндылықтарын  қоғамдық  құндылықтармен 

байланыстыра қарастырды. 

Қайта  өркендеу  дәуірі  (XIV-XVII)  қоғамдық-саяси  және  мәдени  өмірде  елеулі  өзгерістер 

болып,  зайырлы  мәдениеттің  ролі  артты.    Бұл  дәуірдің  мәдениеті  гуманизм  құндылықтарына 

негізделіп,  адамның  өзіндік  санасы  өзін  таныту,  өз  күш-қабілетін  сезіну  ретінде  көрініс  тапты. 

Негізі идеялар: дүниенің орталық тұлғасы – адам; қоғам – адамдар әрекетінің нәтижесі;   адамның 

тұлға  ретіндегі  құндылығын,  оның  еркіндікке,  бақытқа  және  дамуға  ие  болу  құқығын  мойындау 

қажет.   

Неміс философы И.Кант адамды барлық тіршілік иелерінен жоғары тұрған субъект ретінде 

қарастыра отырып, оның бастапқы ерекшелігі саналы тіршілік пен еркіндік негізінде қол жеткен 

өнегілік  жетілуі  деп  көрсетті.  Канттың  өнегелік  қағидалары:  сенің  жеке  іс-әрекетің  өзгелерге 

ереже болатындай болсын; ар-намысың мен қадір-қасиетіңді жоғары ұста; сезімді ақылға жеңдіре 

біл.   


И.  Фихтенің  «Мен»  туралы  ілімі  XVIIІ  ғасырдағы  педагогикалық    ой-пікірдің  басты 

назарын  тұлғаның  белсенділігіне  бағыттады.  Білімнің  шынайы  құндылығы  оның  дайын 

құрылымымымен айқындала алмайды, құндылық – білімге ұмтылу, танымдық белсенділік.  

Қайта  өркендеу  дәуірінің    философтары  құндылық  пен  мәдениеттің  арақатынасын 

белгілеуге  талпыныс  жасады.  Бұл  –  педагогикалық  теорияны  едәуір  толықтырып,  тәрбиенің 

әлеуметтік шарттылығын негіздеді. 

Гегельдің тәрбие мен білімді  тұлға қалыптасуының нәтижесі  емес, процесс ретінде тануы 

да педагогикалық теорияның одан әрі дамуына әсер етті. 

Педагогика  теориясында  құндылықтық  тәсілдемені  қолданып,  өмір  бойы  оқу  қажеттігі 

туралы ойды тұжырымдаған және  алғашқы болып үздіксіз білім алу идеясын негіздеген  көрнекті 

чех  педагогы  Я.А.Коменский    болды.  Ол  «білім  берудің  құндылығы  –  адами  істерді  жақсарту 

(білім өмір сүру үшін), тұлғаны жетілдіру (білім өзін-өзі дамыту үшін)» деп көрсетті. 

Ұлы  гуманист-педагог  білімнің  құндылығын  адамның  білімді  меңгеру  процесі  емес, 

адамды  қалыптастыру  процесі  ретінде  қуаттады.  Білімді  (парасатты)  адам  қоғамға  пайдалы, 

білімді  адамдар  қоғамы  әрбір  адамның  толыққанды  өмір  сүруі  үшін  қажет,  себебі  «білімді 

халықтың  өмірі  реттеулі,  адамдардың  іс-әрекеті  өзара  келесімді,  тұрмысы  түзелген,  қарым-

қатынастар гуманистік (адамшылық) сипатта, пейілдері талғамға сай, кәсіптері алуан-түрлі». Сол 

себепті  білім  берудің  мақсаты  –  бәрін,  бәріне,  тиянақты  үйрету.  Білім  –  өмірлік  міндет,  өзіндік 

мақсат  және  қалыпты  (табиғи)  күй.  Оқыту  –  адамды  жетілу  жолымын  алып  жүретін  білім  беру 

және тәрбиелеу процесі. 

Өркендеу дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің қарқынды даму орталығы Франция болды.  

Ш.  Монтескье  әрбір  баланың  білім  алу  құқығын  қуаттай  отырып,  еркіндік  идеалына 

негізделген  тәрбие  бағдарламасын  ұсынды.  Д.Дидро,  Ж.Ж.Руссо  білім  мен  тәрбиені  тұлғалық 

және әлеуметтік дамудағы тең әсерлі құндылық ретінде қарастырды. 

Руссо бойынша, тәрбие индивидтің табиғи дамуына, өзіндік жеке тәжірибесіне негізделген 

жағдайда  ғана  құндылық  бола  алады.  Осыған  байланысты  ол  тәрбиенің  екі  қырын  ажыратады: 

ішкі және сыртқы. Табиғаттан берілген қабілеттер мен бейімділіктердің еркін дамуы – ішкі тәрбие; 

бірақ адам оларды пайдалана білуі керек, сол үшін оған адамдардың және сыртқы жағдайлардың 




367 

 

ықпалы қажет. Сыртқы тәрбиенің мақсаты – ішкі тәрбиенің орынды жүруіне жағдай жасау. Оқыту 



баланың  танымдық  қызығушылығын,  қабілеттерін  дамытудың  алғышартын  жасауы  қажет.  Бірақ 

еркін  тәрбиелеу  теориясы    баланың  әлеуметтену  мәселесін  шетте  қалдырмайды.  Сыртқы  тәрбие  

баланы  өзге адамдармен қарым-қатынаста бола тұрып, еркін өмір сүруге үйретуі қажет. 

Швейцариялық педагог И.Г. Песталоццидың білім беруге қатысты құндылықты тәсілдемесі 

оның тәрбиелеу мен оқытуды еркіндік пен адамгершілік сезімдірдің қалыптасу  шарттары ретінде 

қарастыруында  болды.  Қарастырған  педагогикалық  проблемалары:  үйлесімді  дамыған  тұлға; 

оқытудың еңбек және адамгершілік тәрбиесімен байланысы; отбасы тәрбиесі; баланы еңбек етуге 

даярлау; дамыта оқыту; танымдық белсенділік; танымдық қызығушылық, т.с.с. 

Білімнің құндылықтық аспектісін анықтауда, И.Г. Песталоцци баланың дербес дамуы мен 

оқыту  процесінің  өзара  әрекеттестігін  көрсетуге  тырысты.  Бұл  ретте  ол  субъект-объектілі 

қатынасты көрсетіп, баланы – субъект, ал білімнің мазмұнын объект ретінде белгіледі. Осылайша, 

педагог  қоршаған  ортамен  әрекеттесе  отырып  дамитын  бала  тұлғасының  өзіндік  құндылығына 

ерекше мән берді.  

Білімнің құндылық ретінде қалыптасып дамуына неміс педагогы  И.Ф. Гербарт үлкен үлес 

қосты.  Білімнің  құндылығы  –  оның  қоғам  қажеттілігіне  «жақындауында».  Гербарт  барлық 

білімдерді екі үлкен топқа бөліп қарастырды:  «азық беретін» білімдер (егіншілік, қолөнер, сауда, 

өнер, ғылым) және өнегелік табиғатн жетілдіретін білімдер (діни білім, мораль, азаматтық құқық). 

Педагогикалық  қызметті  құндылықты  маңызы  бар  қызмет  түрі  ретінде  қарастыра  отырып,  И. 

Гербарт  алғашқы  болып  «педагогикалық  такт»  категориясын  енгізді,  оның  мәнін  «практикалық 

педагогикалық қызметтің құндылықтық сипаттамасы» деп түсіндірді. 

Ағарту  дәуірінде  (XVIII-XIX)  білімге  деген  жаңаша  құндылық  көзқарастар  пайда  болды. 

Білімнің    қоғам  дамуына  әсер  ететін    ерекше  құндылық  ретінде  танылуымен  қоса,  білім  алу 

Құқығы туралы ұран көтеріліп, жалпыға бірдей білім беру жүйесі туралы мәселе қарала бастады.  

XIX  ғасырда  жаппай  білім  беру  идеясы  жан-жақты  өрлей  бастады:  жалпыға  бірдей 

бастауыш білім  беру жүйесі құрылды, орта білім құндылық басымдылықтарына қарай екі бағытта 

дамыды: классикалық (гуманитарлық) және нақтылы (практикалық бағыттағы). Бірінші жағдайда 

білімнің құндылығы баланың дамуы тұрғысынан, ал екіншіде – оның нақты жағдайда тіршілік ету 

үшін пайдалылығы қарастырылды. 

Қорыта айтқанда, білім беруге қатысты аксиологиялық көзқарастар білімнің тұлғалық және 

қоғамдық  құндылық  ретіндегі  ролін  негіздеп,  жастардың  білімге    құндылық  қатынасын,  яғни 

тұлғаның  жеке  және  қоғамдық  мәні  бар  ұғымдардың  өзара  байланысын  көрсететін  ішкі 

позициясын  қалыптастырудың  маңыздылығын  көрсетеді.  Құндылық  қатынастың  негізгі 

элементтері  –  бастапқы  ниеттілік,  таяу  және  алыс  мақсаттарға  бағдарлану,  өмірлік  таңдаудың 

өзгелердің бағыт-бағдарын бағалау өлшеміне айналуы.  

Бүгінгі  күнгі  жаһандану  жағдайында  білім  –  өркениеттіліктің  өлшемі.  Себебі    кез  келген 

мемлекеттің рухани даму дәрежесі де, әлеуметтік-экономикалық өркендеу мүмкіндігі де онда өмір 

сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.-Астана, Егемен Қазақстан, 26.04.2017 

2.

 



Ә.Тұрғынбаев,  С.  Кенжебаев,  Т.  Есімханов.  Ғылым  тарихы  мен  философиясы:  оқу 

құралы. -Алматы, 2006.- 288 б. 

3.

 

Аксиология образования: фундаментальные исследования в педагогике [Кирьякова А.В., 



Повзун В.Д., Полякова А.А. и др.]. – М.: Дом педагогики, 2008. - 575 с. 

4.

 



Каган М.С. Философская теория ценности.-Санкт-Петербург, ТК «Петрополис»,1997, 205 

с.   


5.

 

Чижакова Г.И. Педагогическая аксиология: монография.  - Красноярск: СибГТУ, 2008.  - 



293 с. 

 

 



 


368 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет